Автор: ais_media

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: Басқарма басшысының төрағалығымен алғашқы аппарат жиыны өтті Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Жұмашев Ғалымжан Сұлтанбекұлының төрағалығымен алғашқы аппарат жиыны өтті. Жиынға басқармадағы жауапты мамандар және (аудан/қаладағы) білім бөлімдерінің басшылары қатысты. Күн тәртібінде: Білім нысандарының 2023-2024 оқу жылдардағы күзгі-қысқы жылу беру маусымына дайындық барысы пысықталды. Жалпы, облыста 580 мекеме – қатты отынмен; 573 мекеме – табиғи газбен, 57 мекеме – сұйық отынмен, 60 мекеме орталықтандырылған жылу жүйесімен, 5 мекеме электроэнергиясымен жылытылады. Сондай-ақ, Мектептердің жылыту маусымына дайындық жұмыстарын күшейтіп, қатты және сұйық отынды мерзімінде тасымалдауды қамтамасыз ету…

Read More

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: ҮЛКЕНДЕР ЖОЛЫ ҰЛЫЛЫҚ – ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты Ш.Құдайбердиев атындағы №32 ЖББМ-нің «Орыс тілі мен әдебиеті» кабинетіне 40 жылға жуық ұстаздық қызмет етіп, өмірі ұрпаққа өнеге болған Қарабекова Гүлзинат Кәрімқызының есімі берілді. Кабинеттің ашылу салтанатына аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, Гүлзинат Кәрімқызының отбасы, туған-туыстары және ауыл азаматтары қатысты. Кабинеттің ашылу рәсіміне келген қонақтар, мектеп ұжымының ұйымдастыруымен жасалған қолөнер көрмесін және оқушылардың аудан, облыс, республика көлемінде үздік деп танылған жұмыстары туралы жетістіктерін тамашалап, мектептің тыныс-тіршілігімен танысты. Осыдан кейін қонақтарға концерттік бағдарламасы ұсынылып, ұлағатты…

Read More

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: Сайрамда аудандық жас бишілер байқауы ұйымдастырылды Сайрам ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №47 жалпы орта мектебінде «TuranBalaFest» үздік өнерпаздар телебайқауының «Би, заманауи би (ұжым және жекелей)» номинациясы бойынша аудандық би байқауы өтті. Байқау халық биі және халық стиліндегі би – әлем халықтарының билері, қазақ биі; қазіргі заман биі – эстрадалық би, аралас би номинациялары бойынша өтті. Байқау қорытындысы бойынша №1 Сайрам балалар саз мектебінің «Ақкербез» би тобы, №61 С.Базарбаев атындағы негізгі орта мектебінің «Балдаурен» би тобы және №62 М.Анартаев атындағы жалпы орта мектебінің «Байшешек» би тобы…

Read More

 «Арыс қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 11 қыркүйек күні Ұлтымыздың біртуар марғасқасын еске алып, ұлағатты өмірін ұрпаққа өнеге ретінде насихаттау мақсатында 10 қыркүйек- мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист және редактор Сұлтанбек Қожановтың туғанына 129 жыл толуына орай қазақ тілі пәнінің мұғалімі Талтеева Гүлмира және үйірме жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Ұлы тұлға – Сұлтанбек Қожанов» тақырыбында салтанатты жиынын өтті. Жиын қонақтары «Аманат» партиясының Арыс қалалық филиалының төрағасы Б.Ділдабеков, Арыс қалалық маслихатының депутаты С.Момбекова қатысып, оқушыларға С.Қожанов туралы естелік әңгімелер айтып, жылы лебіздерін білдірді.  Мақсаты: Бүкіл адамзат баласы бас иер асыл…

Read More

«Қандай қоғам болса, отбасы да сондай» деп айтады. Қоғамда жүретін барлық жағдайлар отбасы қатынастарында қалай болғанда да көрініс табады. Бір нәрсе анық, қоғамда моральдық адамгершілік деңгей төмендеген кезде, отбасына осындай құбылыстарға қарсы күресу қиынға түседі. Сондықтан өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасының адамгершілік жауаптылығын арттыру қажет. Отбасында борыш, адалдық, ар-намыс, әділдік талаптарына сәйкес келетін тұлғаның мінез- құлқының адамгершілік реттеуіштерін күшейту қажет. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жағдайында жастар санасына адалдық пен әділдіктің, парасаттылықпен қайырымдылықтың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеумен қатар ары мен абыройын саудаға салып жатқанын жан-тәнімен сезінуі қажет. Әсіресе жас бала пара дегеннің не екенін білмей өсуі керек! Арыс қаласының білім бөлімінің басшысы…

Read More

«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» Облыстық байқауының аудандық кезеңі Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткізілді. Байқау мақсаты — білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облысындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру. Байқау бірнеше номинациялар бойынша өткізіліп оқушылар белсене қатысып, әр номинациядан үздік жұмыстар іріктелді.Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру бойынша (автобустар, жеңіл көлік, жүк көлігі, арнайы техника, тәжірибелік модельдер және жол таңдамайтын көліктер) байқауға қатысушылар: №3 Береке жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Турдыбай Жансая Кайратқызы І орын, №8 О.Бапышев атындағы ЖОМ 11 сынып оқушысы Есенбеков…

Read More

БАҚ өкілдері Мақтаарал ауданына жасаған пресс-тур барысында Бірлік ауылдық округіне қарасты Өркениет ауылында орналасқан 200 орындық жаңа мектептің құрылысымен танысты. Мектептің құрылысы 2022 жылдың маусым айында басталған. Биыл жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Нысанның құрылысын мердігер «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС-і жүргізіп жатыр. Жаңа мектеп ғимаратында оқушылар үшін барлық жағдайлар жасалмақ. Физика, химия, информатика, технология кабинеттері, мультимедиялық және лингафондық кабинеттер соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталады. Сондай-ақ, кітапханасы, спорт залы, асханасы бар. Мектепте оқушыларға түрлі спорт және өнер үйірмелеріне қатысып, өздерін қосымша дамытуға мүмкіндіктер қарастырылады. Аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен аудан қайта құрылған 5 жыл ішінде 3 ауысымды мектептердің қатарын азайту және ыңғайластырылған мектептерді…

Read More

Жетісай ауданында Түркістан облысының 5 жылдығы аясында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Заман талабына сай салынған жаңа типтік үлгідегі білім ордасы аудандағы 74-ші мемлекеттік мектеп болып отыр. Нысанның салтанатты ашылуына келген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы мен Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен аудандық білім бөлімінің басшысы Ғазиза Шүкірбаева Баянды ауылының тұрғындары мен ұстаздарын, оқушыларды айтулы қуаныштарымен құттықтады. Салтанатты лента қию рәсімінен кейін қонақтар мектепті аралап көрді. Сынып бөлмелерімен, ондағы оқу құралдарымен танысты. Стандартқа сай салынған спорт залындағы волейбол, баскетбол, үстел теннисі және футбол сынды спорт түрлері бойынша оқушыларға жасалған жағдайларды көзбен көрді. — Мектеп…

Read More

Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерінің алдын алу мақсатында Түркістан облысының аудан-қалаларындағы білім беру ұйымдарында семинар өтті. Алдымен Түркістан мен Кентау қаласында және Сауран ауданында ұйымдастырылды. Содан соң Арыс қаласы мен Ордабасы, Отырар ауданында барлық білім беру ұйымдарымен «Адалдық құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлықты дәріптеу тақырыбында» өткізілді. Аталған семинарға Түркістан облысы әкімі аппаратының қоғамдық-саяси сала мониторингі бөлімінің басшысы Самат Расұл, Құқықтық актілерді сараптау және заңдылықты қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Әлжан Сапарбеков, Түркістан облысының білім басқармасының орталықтандырылған бухгалтерия заңгері Гүлмарал Сейіт, «Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісі Нұржахан Абуова қатысты. Сондай-ақ бөлім әдіскерлері, мектеп басшылары және педагогтер бой көрсетті. Семинар барысында Сауран ауданының…

Read More

Облыс орталығында Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресінің ашылу салтанаты өтті. Шараға Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Мемлекет басшысын құттықтауында бұл шараның мән-мағынасы зор екені, матемиканың адамға берер пайдасы, Қазақстанда математиканың мықты мектебі қалыптасқаны, Конгрестің математика ғылымының дамуына тың серпін беретіні баяндалған. Сонымен қатар өңір басшысы қатысушыларға сәттілік тіледі. – Бүгінгі өтіп жатқан Дүниежүзілік Конгресс біздің өңірде өтіп жатқаны үлкен мәртебе. Математика ғылымы – әлемге, оның ішінде түркі әлеміне Әл-Фараби, Әл-Хорезми, Абу Райхан Аль-Бируни, Мырза Ұлықбек сияқты ғұлама математик – ғалымдарды берді. Олардың аса дәлдікпен ашқан ғылыми жаңалықтары осы күнгі…

Read More