«Ұстаз деген ұлт тағдыры», – демекші бұл ғаламда ұстаздан тәлім-тәрбие алмаған маман иесі жоқ шығар. Педагог мамандығын оқығандар көп болғанымен, ұстаз болу тәжірибе жүзінде екінің бірінің қолынан келе бермейтін дүние екендігі шындық. Әр мамандықтың өзіндік ерекшеліктерімен қоса, қиыншылықтары да қатар жүретіні белгілі. Дегенмен, «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деген сөз бар. Олай айтатын себебіміз, барлық мамандық иесі мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, ұстаздан білім нәрімен сусындап, тәлім-тәрбие алып, өміріне азық болар, рухани тағылым алары сөзсіз. «Алты Алаштың игі жақсысы бас қосса, төрдегі орын ұстаздікі», – деп Мағжан Жұмабаев айтқандай адамзат ұстазға қашан да құрмет көрсетіп, қадір-қасиетін бәрінен де жоғары…
Автор: ais_media
Нина Василийқызы Украинская Түркістан қаласындағы Н.Төреқұлов атындағы (бұрынғы Никитин) жалпы орта мектебінде 33 жыл бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарған ұлағатты ұстаз. Дана халқымыздың «Сыры кетсе де сыны кетпеген» деген қағидалық теңеуі биылғы 9 мамыр күні 86 жасқа келетін Нина Васильевнаға арналып айтылғандай. Иінін тік ұстап, бізді күлімсіреп қарсы алған Нина әжейге қарап осындай ой түйдік. – Мен 1936 жылы 9 мамыр күні Ресей елінің Ленинград қаласында дүниеге келдім. Зұлмат соғыстан кейінгі қиын жылдар болатын. Қазақ еліне мені өмірлік жолдасым Геннадий Украинский алып келді. Бұл 1958 жыл болатын. Бізді жатсынбай қарсы алған қазақтарға мың алғыс айтамын. Қазақ халқы қонақжай, кеңпейілді, бауырмал…
Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері. Парасат пен пайымды, ақыл мен білімді, ұлттық және азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытушы тұлға. Шәкірт тәрбиелеуде өзінің сүбелі үлесін қосып жүрген қаламыздағы үлгілі ұстаздардың бірегейі Утеуова Гүлнар Көміртайқызы деп білеміз. Ұстаз. Осы сөздің ішінде қаншама ұғым жатыр. Өміріміздің бәйтерегі болған мұндай ұғымға кеудесінде жаны бар әр адам өмір бойы ризашылық білдірумен өтетіні жасырын емес. Ендеше, осындай жанның бірі бүгінгі кейіпкеріміз, Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта мектеп директоры Гүлнар Көміртайқызы жайлы сөз қозғамақпыз. Кейіпкеріміздің өміржолына үңіліп көрсек. Утеуова Гүлнар Көміртайқызы 1966 жылдың 1 қаңтарында Түркістан қаласында дүниеге келген. 1982 жылы Әл-Фараби атындағы №10 жалпы…
Әсем әні қалықтаған қазақ даласында небір халық композиторлары жүрек түкпірінен жан тербеп шыққан әсерлі әндерін шығарып, кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырды. Міне, осы өнер бүгінде жалғасын тауып, мөлдір бұлақтай көзі ашылып отыр. Ән салған адам сезім қылын шертетін әдемі үнімен жүрек тебірентеді. Тыңдаушының жанын жадыратып, мұңын тарқатады. Бүгінгі әңгіме киелі өнер иесі, танымал әнші әрі тамаша сазгер туралы өрбімек. Қаламқас Парманқызы Өтеуова 1963 жылы Жетісай ауданы, Амангелді бөлімшесінде дүниеге келген. Өнерге құштар болып өскен ол мектеп қабырғасында жүргенде домбырашылар ансамблінің үздік оқушысы атанып, көптеген байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. 1981-1984 жылдары Шымкент Саз колледжінің «вокал» бөлімінде оқып жүріп, республикалық «вокалистер»…
Ұстаз – шәкірттерін білім нәрімен сусындататын адам. Ұстаз болу – екінің бірінің қолынан келмес, әрі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. «Мұғалім мамандығы барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ғалым да, батыр мен ақын да, темір балқытқан жұмысшы мен диқан да, мал бағып терін төккен шопан мен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, бәріміз үшін де ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. Осындай жауапты мамандық иелерінің бірі, құрметті ұстаз,…
Барлық қажыр-қайратын, күш-жігерін білім саласына, ұрпақ тәрбиесіне арнаған Мырзахмет Сарманов есімі ел тарихында қалатын асыл тұлғалардың қатарында. Білікті басшы, білгір ұйымдастырушы, көрнекті ұстаз болған оның есімі бүкіл түркістандықтарға белгілі болды десек те болады. Ұстаздық еңбек жолында Мырзахмет Сармановтың атқарған істері ұшан-теңіз. Ол басқарған, қызмет жасаған мектептің жұлдызы әрдайым жарқырап жанып, тәрбиелеген шәкірттері биік белестерді бағындырып көптеген жетістіктерге жетті. Өйткені, ол парасатты да әділ басшы, жан-жақты білімді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, алыстан ойлайтын алғыр да ардақты жан еді. Өмірінің 50 жылын білім саласына арнаған, ҚР «Білім беру ісінің үздігі» Мырзахмет Сарманұлы 80 жастан асқан шағында өмірден озды. Сарманов Мырзахмет 1941 жылы мамырдың…
Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі -Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға , дәлірек айтсақ, адамды …
Қазақта «Түйір нан – тамшы тер» деген керемет ұғым бар. Еңбектену үшін мол ізденіс, ал іздену үшін өз мамандығыңды шексіз сүюің қажет. Сүйікті мамандығының иесі ғана алдағы мақсат-мұраттарына сүрінбей жетері сөзсіз. Түркістан қаласындағы №9 Некрасов мектеп-гимназиясының білікті ұстазы Байметова Гавхар Айдаралиқызы осындай ізденісі мол жандардың бірі. Гавхар бес тілде, атап айтар болсақ қазақ, өзбек, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейтін полиглот ұстаз. Ол аталмыш мектепте 13 жылдан бері ағылшын тілінен сабақ беруде. Бүгінде қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамда объективті әрекет пен шығармашыл тұлғаға сұраныс мол, сол себепті қазіргі таңда білім беру мекемелері мен ұстаздарға үлкен талап қойылып жатқаны белгілі.…
Ұрпақтарымыздың ұлы мұраты жолында, еліміздің жарқын келешегі жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздар жайында қанша мақтау айтсақ та артықтық емес сірә. Кемел келешегіміздің бүгінгі кезеңінен де жарқыныр ақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін құдіретті күш тек білімге ғана тән. Яғни, қандай да бір елдің өркендеуі, қоғамда өзіндік орынын ала білуі ол әрдайым білім саласының сапалы даму бағытына тікелей байланысты. Алып мемлекеттер арасынан егеменді еліміз еңсесін тіктеп кез келген бәсекеге сай болса, білімпаз ұрпақтарымыз қабілеттіліктерімен қоғам қажеттілігіне жарап тұрса, бұл – ұстаздардың еңбегінің жемісі. «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан», – деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының…
Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Сондай жанның бірі- №7 мектеп-интернатында көп жылдар бойы жемісті еңбек етіп, ел құрметіне бөленіп жүрген Әбдіразақ Өтекей пайғамбар жасы алпыс үшке толып отыр. Көне күндерге көз жіберсек, адамзаттың алғашқы білім ордасы болған академиялардың мыңжылдық қабырғасында «Әкең сені өмірге әкелгенімен, өмірді үйреткен ұстазың» деп қашалып жазылған тәмсіл ғасырлар өтсе де…