Автор: ais_media

Айдос Қуатов – Кентау Білім инновация лицейінің Биология пәні мұғалімі және кәсіби бағдар беруші, 2022 жылы облыс бойынша «Жылдың үздік мұғалімі» аталымымен марапатталды. «Мұғалімнің жұмысының көрсеткіші – шәкірттері. 2022 жылы өзім жетекшілік еткен 11-сынып оқушылары үздік университеттерге оқуға түсті. Германия, Оңтүстік Корея, Назарбаев университетіне түскен оқушыларға себепші болғаным үлкен жетістік болды. Сонымен қатар облыстық, республикалық, халықаралық дәрежедегі олимпиадаларға шәкірттерді даярладым, олар жүлделі орындар иеленді. Мектеп ішінде де көптеген жобалар жасадық. Ал өзім бірнеше онлайн курстарға, мұғалімдер арасындағы семинарларға қатыстым» – дейді Айдос бізбен әңгімесінде. «2023 жылға ең басты мақсат – облыстық, республикалық пәндік олимпиадаға оқушыларды дайындау болып отыр. Жүлделі орын…

Read More

Білім беретін мамандарды мұғалім деген атайтынымыз анық. Алайда мұғалімнің міндеті тек ол емес. Бойға даналық нәрін, бақыт шуағын себетін ұстаздар әр күлді ыждағаттылықпен, махаббатпен баптайтын бағбан ба дерсің? Көңіл көкжиегіңді кеңітіп, ақыл өрісіңнің аясын молайтатын осынау аяулы жандарға мына өмірдегі әрбір адам қарыздар боп өтетіні анық. Себебі олардың өз өмірін жас бүлдіршіндерге арнайтын қайсар да қаһарман қасиетін өзге адамдардан табу мүмкін емес десек те артық етпес. Ең алғаш мектеп табалдырығын ұстаз болып аттаған кезімде, бар білгенін үйретіп, ақыл-кеңесін айтып, әдіс-тәсілдерімен бөлісіп отыратын аға ұстаз әріптесім – Рая Жұмаханқызы Пірімбетова болатын. Жарасымды әзіл-қалжыңымен, айналасын дәмді әңгімесімен үйіріп әкететін Рая апай, сабақ…

Read More

«Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» демекші, Сауран ауданы, Шорнақ ауылының тұрғыны, 40 жылдан астам «ұстаздық етуден жалықпаған» ардақты ұстаз Балымхан Байтенова апай бүгінде сол бейнетінің зейнетін көріп жүрген асыл жандардың бірі. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұстаз жолында талай шәкірттер тәрбиелеп, сол шәкірттерге дара тұлғасымен үлгі бола білген, олардың өмірде өз жолдарын таңдауына, биік белестерге жетуіне үлес қосқан аяулы ұстаз бүгінде ел құрметіне бөленіп отырғаны айқын. 1958 жылы, 21-ші наурызда дүниеге келген Балымхан апай Қызыләскер (Қосмезгіл) ауы-лының тумасы. 1975 жылы Қызыләскер атын-дағы жалпы орта мектепті бітіріп, Алматы қаласы Қыздар педагогикалық институтының тарих факультетін тәмамдайды. Ең алғаш еңбек жолын…

Read More

Қайран, мектеп табалдырығындағы өмір-ай. Неге ерте есеюге, тезірек мектепті бітіруге асықтық екен. Біздің кезімізде қыздар тәрбиесі туралы жиын көп болатын. Ол жиынға тек қыздар қатысатын. Есімізді білгелі қыздар жиналысына қатысып, ненің жақсы, ненің жаман екендігін біліп өстік. Ол кезде қысқа етек көйлекті ешкім кимейтін. Бейәдеп қылықты ешкім жасамайтын. Сонда да қыздар жиналысы жиі өтетін. Бүгінде ойлап қарасам, «Қызды қырық үйден тыю» деп ата бабамыз айтып кеткендей, мұның бәрі де кереғар қылықтардың алдын алу шаралары екен. Бұл сірә, идеологиялық жұмыстардың мықты атқарылғандығын көрсетсе керек. Әсіресе, ауылымызда ұстаздар отбасы атанған Гүлжахан Аманқұлова апайымыздың біздің тәрбиемізге қосқан үлесі зор болатын. Екі күннің бірінде…

Read More

Айгерім Тұрсұнбаева 1985 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. 2003 жылы №15 М.Жұмабаев атындағы орта мектепті үздік куәлікпен бітіріп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ Түрік университетіне оқуға түсіп, 2008 жылы математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Осылайша Айгерім Тұрсұнбаева ұстаздық жолындағы алғашқы қадамын 2008 жылдың қыркүйек айынан бастаған. Қазіргі таңда Түркістан қаласы,”Әмір Темір атындағы №3 жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі. Мамандық айналамызда жетерлік, бірақ кез келген маманды маман қылатын да ұстаз. Ол кісілердің еңбегін бағалап, өздерін сыйлап, құрмет тұту әр шәкірттің міндеті. Себебі, ұстаздық оңай мамандық емес. «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы» дегендей ұстаздың…

Read More

Халқымыздың «аузын ашса жүрегі көрінеді» деген тәмсіл сөзі бір көргеннен бауырмашыл қасиетімен баурап алған Минираға да арналып айтылғандай. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дегендей, бүгінгі жазбамызда ақжарма мінезімен бізді қайран қалдырған Минира туралы ой толғамақпыз. Минира 1962 жылы 16 шілдеде Түркістан қаласында туылған. Ресей елінің Кемеровск мемлекеттік университетін бітіріп, математика пәнінің мұғалімі мамандығын алып шыққан. Өзі түлеп ұшқан алтын ұясы – Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясында математика пәнінен сабақ беріп жатқанына да 35 жыл болыпты.  Минира Осы жылдар аралығында оқытудың жаңа мазмұнын жасап, оқу-тәрбие үрдісін жаңаша пайдаланудың тиімді екенін өзінің іскерлік қабілетімен көрсеткен ұлағатты ұстаз. Раджапова Минира республика, облыс, қала көлемінде…

Read More

Ұстаз деген ұлағатты есім барлығымыз үшін қадірлі де қасиетті болып саналады. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей ұстаздықтың өзіндік қиыншылықтарымен қатар көңіл қуантарлық сәттері жиі болады. Ұстаздай ұлағатты тұлға шәкіртін білім нәрімен сусындатып қана қоймай, тәлім-тәрбиені қатар беріп, үлкен өмір жолына дайындай білуі қажет. Ұстаз өз саласының білгірі, сегіз қырлы, бір сырлы, құзіреттілігі мен педагогикалық шеберлігі жоғары адам болғаны абзал. «Тәрбиесіз алынған білім – адамзаттың қас жауы» деп Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз айтқандай, ең алдымен педагог ұстаз деген атқа лайықты болу үшін білім, білік, ептілігімен қатар адмгершілігі, мәдениеті, таным-түйсігі жоғары дәрежеде болып, парасаты мен иманы күшті болғаны дұрыс. «Өнегелі ұстаздан…

Read More

«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген сөз тегіннен тегін айтылмаған шығар. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін ол ұстаз. Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет. Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс. «Жақсы адам – Алланың нұры» дейді. Жақсылық атаулыны ішкі жан дүниесімен қабылдап, өз бойындағы сезімді, берік қалыптасқан көзқарасты оқушы бойына дарыта білетін, өз бойындағы жасампаздық пен шығармашылық, өз-өзіне сенімділік пен сабырлылық, табандылық пен төзімдік сияқты мінез-құлық ерекшеліктерімен, сондай-ақ өзгелерге қолдау…

Read More

Бір күні кезекті семинардың алдында қағаздарымды реттеп отырсам, орта бойлы бір кісі кіріп келді. Жайдары жүзінен бақыттың лебі есетіндей. Келген бойда: Ұстаз, қолыңыздан сүйсем рұқсат па? – деді. Негізінде кісінің қолымнан сүйгенін бұрыннан қаламайтын едім. Жігіттің көңілін жықпайын деп: – Қаласаң қолымнан емес бетімнен сүй. Ол да қапсырып құшақтаған бойда бетімнен сүйді. Я, жігітім не үшін қолымнан сүйгің келді? Қонағым ағынан жарыла кетті. -Ұстаз, осыдан нақ үш жыл бұрын сіздің семинарыңызға қатыстым. Білесіз бе? Менің өмірім тап сол күннен бастап толықтай өзгеріске ұшырады. Сол семинардан кейін бақытты отбасым бар. Сізге алғыс айтып, қолыңызды сүйгім келді. -Соншалықты не айтып едім? -Үш…

Read More

Бүгiнгi әңгiмемiздiң желiсi қазаққа келiн болған қарашай ұлтының қызы туралы болмақ. Қарашай қызы Лида жеңгемiзге жолығып, әдемi сыр-сұхбат құрдық. Өмiр жолына тереңiрек үңiлiп, бүгiнгi жастарға тәлiм-тәрбие берерлiк нәр алуға тырыстық. – Қазақстанға жер аударылып келген  қарашайлардың қатарында менiң әкемнiң де ата-аналары болған. Кейiн елдерiне қайтуға рұқсат берiлгенде,  туыстарына ермей Жамбыл қаласында   қалып қойған әкем Магамед  қазақ қызына үйленiптi. Өмiрге 9 ұл-қызды әкелген анамның есiмi Озипа. Менiң қазақ жiгiтiне тұрмысқа шыққаныма әкем қарсы болмады, ал, анамның қатты қуанғаны әлi есiмде. Есiмiн Сұлтан деп қойған iнiме де анам қазақ қызын алып берiп, қанына тартқаны бар. Алайда, әкем 1989 жылы бүкiл отбасымен елiне…

Read More