Автор: ais_media

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары 63 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Аталған 63 мектептің ішінде 300 орындық — 11 мектеп, 600 орындық — 25 мектеп, 900 орындық- 15 мектеп, 1200 орындық — 6 мектеп, 1500 орындық – 4 мектеп, 2000 орындық — 2 мектеп бар. Нәтижесінде 49 мың оқушыға мектептен орын дайындалады. Биыл 29 мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер мен жобалаушы мекемелер анықталды. Олар 2024 жылы пайдалануға берілетін болады. Қалған 34 мектептің құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталып, 2025 жылы аяқталады. «Ұлттық жоба» аясында облыстағы апатты 8 мектептің үшеуінің, үш ауысымға өту қаупі бар 21…

Read More

Білім және ғылым саласын дамыту бүгінгі заман талабында кезек күттірмейтін іс екенін бүкілхалықтық педагогтер съезі дәлелдеп  бергендей. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен жиында білім саласында орындалуы тиіс негізгі жеті міндетті айқындап берді. Оның ішінде педагогтер сапасын көтеру,  білім беру жүйесін жаңа деңгейге шығару, жастарға озық біліммен қатар өнегелі тәрбие беру мәселелері бізге үлкен жауапкершілік артады.    «Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтарға қатысты бағдарламалардың басым бөлігі заман талабын ескермейтін бұрынғы әдістемелерге негізделген. Заманауи тәсілдер мен технологияны енгізе отырып, оқу бағдарламаларын қайта қарау, жаңғырту қажет» деді Президент өзінің баяндамасында. Расында, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Кітапсыз оқытушы – қарусыз әскер» деп айтып кеткендей,…

Read More

Енді еліміздегі жалғыз арнаулы кәсіптік колледжде оқитын тірек-қимыл жүйесі бұзылған I, II және III топтағы ерекше балалардың өздеріне ыңғайлы параолимпиадалық спорт түрімен айналысуларына мүмкіндіктері бар. Түркістан облысы, Кентау қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ және «Эко Атамекен» ҚБ бірлесіп алғаш рет бейімделген спорт бойынша бочча секциясын ашты. Бүгінде еліміздің 21 қаласы мен елдімекенінде тегін инклюзивті және бейімделген спорт секцияларының желісі құрылып, мыңнан аса ерекше бала спорттың 12 түрінен жаттығуларға қатысып жатыр. «Саламатты болашақ» жобасының мақсаты – ерекше балалардың және ата-аналарының арманын орындау. Мұнда бочча, голбол, адаптивті жүзу, каратэ, таэквондо, дзюдо,…

Read More

Келес аудандық білім бөліміне қарасты №20 Т.Бердияров атындағы жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушысы Нұрсырым Ұлық мүсін жасау өнерімен бірнеше жылдан бері айналысады. Мүсін жасауды 9 жасынан үйренген жас шебер қазіргі таңда бұл саланы кәсіпке айналдырып отыр. Ол түрлі кәдесыйлар мен ақша жинауға арналған теңге жәшіктерін жасайды. Сондай-ақ той-томалақтарға түрлі кәдесый жасап, бұйымдарға тапсырыс қабылдап жатыр. Бұл өнер түрін ол тик-ток желісінен үйренген. Одан әрі білімін ғаламтор арқылы жетілдіріп, аз уақыттың ішінде бұл отбасылық кәсіпке айналып үлгерді. – Теңге жәшігі секілді дүниелерді тұтынушылар сұранысымен тойларға «тойбастар» ретінде, бесік той, құдалық тойларға шуылдаққа тапсырыспен шығарып жатырмыз. Мектепте еңбек пәнінің болғанын асыға…

Read More

Өнегелі отбасын құрып, еліне адал ұрпақ тәрбиелеу көпшіліктің ең ізгі арманы екені белгілі. Ал армандағы отбасын құру және сақтау үшін отбасылық құндылықтардың маңызы зор. Әрбір отбасының өз құндылығы болады. Оны кез келген тұлға өзінің рухани, мәдени, ішкі дүниетаным деңгейіне қарай түсініп қабылдайды. Соңғы кезде құндылықтардың құлдырап бара жатқанынан жастардың ажырасуы, сүр бойдақтардың көбеюі сияқты т.б. түрлі жәйттардың көбейгеніне куә болып жүрміз. Бұл әрине, көңілді қынжылтай, балаларымыздың болашағына алаңдатпай қоймайды. Мұның себептері жөнінде өнегелі отбасының иесінен тәптіштеп сұрауды жөн көрдік. Ол кісі Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Түркістан қаласының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, өнегелі құндылықтарды және отбасы мен некенің жағымды бейнесін…

Read More

«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы», – демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару – екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан», – деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, әрқашанда ұстаздықтың шоқтығы биік тұрады емес пе? Мәртебесі…

Read More

«Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет»-деп Кеңес одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы айтқандай ұстаз болу кез-келген жанның қолынан келе бермейтін, еңбекқорлықпен, төзімділікті талап ететін маңызды мамандық. Мұғалім шәкіртіне білім беріп, санасын оятып, келешегіне жарқын жол ашып, сонымен қатар ата-анасындай сырласып, тәрбие үйрете білетін өмір жолындағы ең маңызды жандардың бірі. Әр оқушының пәнді жақсы білуі пәнді оқытатын ұстазына байланысты екені баршамызға белгілі. Егер оқушы мен мұғалім арасында қарама-қайшылық болса, ол сабақ қаншалықты қызық болғанымен баланың үйренуге деген құлқы болмайды. Сондықтан әр ұстаз білім беру барысында оны тәрбие мен ұштастыра отырып, шәкіртінің бойына аса шеберлікпен дарыта білуі қажет. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге…

Read More

Мамандық айналамызда жетерлік, бірақ кез келген маманды маман қылатын да ұстаз. Ол кісілердің еңбегін бағалап, өздерін сыйлап, құрмет тұту әр шәкірттің міндеті. Себебі, ұстаздық оңай мамандық емес. «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы» дегендей ұстаздың міндеті ауыр, сонымен қатар жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Нағыз мықты ұстаз ғана салауатты да, саналы, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыра алады. Міне осындай қасиетке ие мұғалім, балалардың өмір жолына бағыт-бағдар беріп, жарқын болашағына бағдаршам бола білген ұстаздардың бірі Айгерім Тұрсұнбаева Алиакбарқызы. Тәлім – тәрбие беріп, бағыт-бағдар көрсетуші, бар адами қасиеттерді бойына жинаған талантты ұстаз. Бүгінгі таңдағы тәлімгердің қасиетіне ие,…

Read More

Адамның адам болып қалыптасуына ата-анамен қатар, ұстаздың да рөлі маңызды. Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашағымыздың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді емес пе. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солдай ардақтауға міндеттіміз» деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау болып табылады. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның…

Read More

Түркістан қаласындағы «Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлжауһар Ерденова Жетпісбайқызы. Гүлжауһар апай 1971 жылдың 25 қаңтарында Түркістан қаласында дүниеге келген. №1 Абай атындағы орта мектепті бітіріп, 1992-1996 жылдар аралығында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік педагогикалық институтында оқып, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі мамандығының үздік дипломын алған. Еңбек жолын 1996 жылдың тамыз айында Түркістан қаласы №13 Ә.Науаи атындағы орта мектебінде мамандығы бойынша қызметі атқарып, 2001 жылы Ақтау қаласында университет жанынан ашылған колледждің әдіскері, 2007 жылдың тамыз айынан бастап, Ясауи колледжінде гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, 2012 жылы №22 жалпы орта мектебінде қазақ тілі мен…

Read More