Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ҰСТАЗ – АНАҢДАЙ ҰЛЫ
    Аймақ

    ҰСТАЗ – АНАҢДАЙ ҰЛЫ

    14.10.2023

    «Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет»-деп Кеңес одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы айтқандай ұстаз болу кез-келген жанның қолынан келе бермейтін, еңбекқорлықпен, төзімділікті талап ететін маңызды мамандық. Мұғалім шәкіртіне білім беріп, санасын оятып, келешегіне жарқын жол ашып, сонымен қатар ата-анасындай сырласып, тәрбие үйрете білетін өмір жолындағы ең маңызды жандардың бірі.

    Әр оқушының пәнді жақсы білуі пәнді оқытатын ұстазына байланысты екені баршамызға белгілі. Егер оқушы мен мұғалім арасында қарама-қайшылық болса, ол сабақ қаншалықты қызық болғанымен баланың үйренуге деген құлқы болмайды. Сондықтан әр ұстаз білім беру барысында оны тәрбие мен ұштастыра отырып, шәкіртінің бойына аса шеберлікпен дарыта білуі қажет.

    Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші-білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кіріп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті-ұстаздардың қолында.

    Осындай ұлағатты ұстаздың бірі Түркістан қаласындағы Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Тұрсынбаева Айнұр Әлиакбарқызы. Айнұр Әлиакбарқызы 1980 жылдың 10 маусымында Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол А.Байтұрсынов атындағы мектептің 9 сыныбын үздік куәлікпен аяқтап шығып, осы жылы Ы.Алтынсарин атындағы Түркістан педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Оқу орнын 1999 жылы бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша ойдағыдай тәмамдайды.

    Еңбек жолын 1999 жылы қыркүйек айында Түркістан қаласындағы қазіргі Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі қызметінен бастайды. Қазіргі уақытқа дейін осы білім ордасында еңбек етіп келеді. Жалпы еңбек өтілі 23 жыл. 2003 жылы Қазақ Ресей университетіне түсіп, 2006 жылы қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі мамандығын алып шығады.

    Білікті ұстаз Айнұр Тұрсынбаеваның жеткен жетістіктеріне келер болсақ 2005 жылы Мектепішілік мадақтама, 2008 жылы Жыл мұғалімі Ұстаздар күніне орай мақтау қағазы Түркістан қаласының білім бөлімі Қазан 2013 жылы және 2014 жылы Sabaq.kz ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайтына ашық сабағын жарияланғаны үшін сертификат алды.

    2014 жылы Алтын ақпарат веб-порталының Ашық сабақ бөліміне электронды нұсқасы жарияланды. Соған орай 7-8 наурыз күніне Алғыс хатпен марапатталды. 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігіне 25 жылдық мерекесі қарсаңында мектепішілік құрмет грамотасы, Самұрық математикалық зияткерлік сайысына белсене атсалысып кәсіби шеберлігін танытқаны үшін Алғыс хат, осы жылы ҚР білім және ғылым министрлігі Құрмет грамотасы мен марапатталған. 2016-2017 жылдары «Білімді ел- мәңгі ел!» тақырыбы аясында өткен қалалық педагогикалық оқу 2 орын алды. 2020 жылы ізденіс.kz ақпараттық, ғылыми-танымдық журналына тәжірибелік материал жарияланды, Nio.kz республикалық интернет олимпиадасынан Үздік бастауыш сынып мұғалімі номинациясы, жаңартылған бағдарлама аясында тиімді әдіс- тәсілдерді қолдану атты семинарын оқып сертификат алды. Қашықтықтан оқытуды үйренемін атты курстан өтіп сертификат алды. Түркістан қаласының Адами Әлеуетті дамыту бөлімі қалалық олимпиадасында өзінің кәсіби біліктілігімен дараланып 2 орынға ие болды.

    Сонымен қатар Айнұр Әлиакбарқызының шәкірттері өте белсенді. Үнемі Алтын ұрпақ Самұрық зияткерлік олимпиядасына қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

    Бұл Айнұр Әлиакбарқызының қанша жылдық атқарған білім жолындағы еңбегінің жемісі. Өз ісінің маманы, білікті де ізденімпаз ұстаз әрдайым мол тәжірибесін әріптестерімен бөлісе білген тағылымды жан. Бүгінде өмірлік серігі Ержан Мұсаев екеуі 3 ұл, 2 қызды өсіріп – жеткізіп, олардың жарқын болашағы жолында талмай еңбек етіп жүрген үлгілі отбасы. Бізде аяулы ұстаз Айнұр Әлиакбарқызына ешбір құрылғымен өлшенбейтін білім беру жолындағы еңбегіңіз еселеніп, ұстаздық қызметіңіздің жемісін көре беріңіз дегіміз келеді.

    А. МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.