«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» дейді ұлы Абай. Жас шыбықтай иілгіш баланы жақсы жолға жетелеп, тағылымды тәрбие мен тәртіпке баулитын ұстаздардың мәртебесі қашан да биік. Өмірде өнегелі ізі қалған текті тұлғалардың өзі де қандай жағдай болмасын ұстаздардың ұлағатын ұмытпаған. Адам үшін қайбір белеске шықса да, қайбір биіктен көрінсе де ең әуелі сауатын ашып, санасына білім сәулесін шашқан шуақты жандардың орны айрықша болары сөзсіз. «Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем бер!» деп қазақ бекер айтпаса керек. Халқымыздың даңқты перзенті, батыр Бауыржан Момышұлы «ұстаз – ұлық емес, ұлы міндет» дейді. Осы ұлы міндет жолында маңдай тері мен қажырлы еңбегін қалтқысыз жұмсап келе…
Автор: ais_media
Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Жұмашев Ғалымжан Сұлтанбекұлының 2023 жылғы 12 -қазандағы №284 -ж/қ бұйрығымен Маханбетов Жандос Маханбетұлы басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды. Жандос Маханбетұлы 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылдық округіне қарасты Қызылжар елді мекенінде дүниеге келген. 2014 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университетін «Биология пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасында мұрағатшы болып бастаған. 2015-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік мекемесі әкімшілік-құқық бөлімінің бас маман міндетін атқарушы; 2016-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы ұйымдастыру, құқықтық…
Отырар ауданы, Ақтөбе ауылындағы «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін» білім ордасы аудандағы абырой-беделі асқақ, іргелі білім ордасының 50 жылдығына орай «Самғатқан сан қыранды алтын ұя!» тақырыбында іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараның алғашқы тұсаукесері игі бастамамен басталды. 1972-1973 оқу жылынан бастап мектеп бітірген әр жылғы түлектердің қолдауымен жабдықталған мектеп алаңы мен алдыңғы кіреберісі заманауи үлгіде жабдықталып, оқушыларға пайдалануға берілген болатын. Атаулы нысандардың лентасын қию рәсіміне ардагер-ұстаз, оқу ісінің үздігі Ж.Жүсіпов, қажымұқантанушы ел ағалары Қ.Оңалбеков, Б.Бейсенбаев, Ақтөбе ауыл әкімі И.Тайкелтір қатысты. Сонымен бірге мектеп демеушілерінің көмегімен бүлдіршіндерге жабдықталған бастауыш, математика кабинеті мен мұғалімдер бөлмесінің де лентасы қиылды. Содан соң «Күш атасы –Қажымұқан…
Түлкібас ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша құзырлы мемлекеттік органдармен бірлескен кешенді жоспарды іске асыру негізінде «Құқық бұзушылықтың алдын алу — басты міндет» тақырыбында аудандық ата-аналар форумы өткізілді. Форумда ата-аналар, мектептер мен қоғамдық ұйымдардың балаларды тәрбиелеуі, негізгі проблемаларды анықтау және оларды шешудегі өзара іс-қимылының маңыздылығы талқыланды. Шараға білім бөлімінің басшысы Ержан Изтайұлы, Түлкібас ауданы прокуратурасының аға прокуроры Закир Юсупов, аудандық полиция бөлімінің ювениалдық полиция тобының полиция майоры Асель Наурызқұлова, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Миразизов, Аналар комитетінің төрайымы А.Кузембаева білім беру ұйымдары директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, білім беру ұйымдарының ата-аналар комитетінің төраға, төрайымдары және ата-аналар қоғамның өзекті…
Мақтаарал ауданындағы Қ.Мүсірепов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында «Intellectum DD2» Директорлар дебаты» турнирінің аудандық кезеңі өтті. Директорлар дебатында нақты тақырып пен арнайы ережелер негізінде мектеп басшылары ой жарыстырып, өздерінің білімділігін, батылдығы мен әдептілігін көрсете білді. Пікірсайыста жүлделі І орынға ие болған «Ыбырай ізбасарлары» фракциясы – Қ.Қайсенов және Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектептерінің директорлары Каныбекова Алма, Примбекова Нуржамал облыстық кезеңге жолдама алды. Жүлделі ІІ орынды иеленген «Ынтымақ» фракциясы – Ы.Алтынсарин және С.Торайғыров атындағы жалпы білім беретін мектептерінің директорлары Акназаров Есенгелді, Акназаров Акмурат иеленді. Жүлделі ІІІ орынды иеленген «Жалын» фракциясы – Әл-фараби және М.Токжігітов атындағы жалпы білім беретін мектептерінің директорлары…
Арыс қаласының білім бөліміне қарасты «Ж.Ташенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде мектепішілік жоба ұйымдастырылды. «Kitaplike» жобасында оқушылардың жас ерекшелігіне қарай үш оқырман клубы жұмыс жасайды. Мәселен 3,4,5 — сынып оқушыларынан құрылған «Балбұлақ» оқырман клубы — қазан айында экологияны қорғау тақырыбына арналған, аңыз әңгімелер жинағы «Экософия» кітабын оқиды. 6,7,8 — сынып оқушыларынан құрылған «Ойзерек» оқырман клубы — қазан айында Сәуле Досжанның «Ауылдан шыққан миллионер» кітабын оқыса, ал 9,10,11 — сынып оқушыларынан құрылған «Бала би» оқырман клубы бұл айда Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» кітабын оқиды. Жоба мақсаты: интеллектуалды тұлға қалыптастыру. Әрбір оқырман клубы үш бағытта жұмыс жасайды: «Ұшқыр ой» бағытында оқырмандар оқыған…
Ордабасы ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің математика және физика пәнінің әдіскері С.Реңдібаеваның ұйымдастыруымен С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебінде математика және физика пәнін басымдылыққа алып биология, химия, информатика пәндерімен интеграцияланған «STEM/ЅТЕАМ тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті. Мақсаты: оқушылардың білу және істей алу қабілеттерін, өнертапқыш шешімдері мен зерттеушілік қызметтерін тәжірибелік форматтарда көрсету, «STEM/ЅТЕАМ» тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру тәжірибесімен бөлісу. Семинар аясында Имаш Әлия, Шомекеева Аружан «Өрнектерді тепе-тең түрлендіру», Досова Ақбота, Маханбетова Қаракөз «Призма, пирамида, қиық пирамида тақырыптарына практикалық тапсырмалар орындау» тақырыбында ашық сабақ өтіп, «Ақылды үй» жобасын жасап шықты. Исабекова Сауле, Аширова…
Түркістан облысы білім басқармасы «Республика» күні қарсаңында облыс аумағында «Отаным-Жүрегімде» байқауы басталғанын хабарлайды. Конкурсқа мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тәлім алушылары қатыса алады. Мақсаты: Ұлы дала елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту, ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Қатысу ережесі: Қатысушылар Отан, Жер ана, Туған жер тақырыптарында мәнерлеп өлең оқып, талапқа сай бейне роликті өзінің Facebook парақшасына Түркістан облыстық білім басқармасының ресми парақшасын тектеп (Басқарманың Facebook парақшасы;…
Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы облыстағы білім беру ұйымдарындағы бірыңғай цифрлық есепті пилоттық жобада іске асыру бойынша талқылау өткізді. Жиынға басқармадағы жауапты орынбасарлар мен мамандар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Әсетұлы, “Фаворит” бухгалтерлік есеп жүйесінің директоры Серік Батырханұлы, Жаңбырбай Айдар Муханұлы “Азия Сервис” ЖШС-і директор орынбасары қатысты. Білім беру ұйымдарының бюджеттік қаражатты жоспарлау жағы қаралып, игеру процесстерін қолданыстағы есепке алудың ақпараттық жүйесі арқылы толығымен автоматтандырылмақ. Білім ұйымдарында бірыңғай ақпараттық есептеу жобасын іске асыру мәселесі бойынша жиында пилоттық жобаның маңыздылығы айтылды. Облыстағы білім саласында фаворит пен бұлтты бухгалтерия бағдарламасын…
Түркістанда облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Түркістан облысы прокуратруасының кәмелетке толмағандардың құқығы мен заңды мүдделерін сақтау, балалар арасындағы және оларға қарсы құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына жасалған талдаудың қорытындысы бойынша берілген ұсыныстар қаралды. Жиынға төрағалық еткен облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев балалар құқығын қорғау бағытындағы жұмыстарды сапалы атқару керектігін айтты. – Облыстағы мектептерде қауіпсіздікті сақтау бойынша 894 білім ошағына 7 мыңнан астам бейнекамера мен турникет, қоршау, дабыл батырмасы орнатылуда. Ол мақсатта 5,9 млрд. теңге қаралып, жыл соңына дейін «Қауіпсіз мектеп» жобасы толық іске асады. Дегенмен бұл мектеп аумағында ғана. Бұдан…