Автор: ais_media

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жоспарына сәйкес Түркістан облысы білім басқармасының «Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернаты» базасында «Шағын жинақты мектептермен серіктестік аясында білім сапасын арттырудың проблемалары мен жаңашыл әдіс-тәсілдері» тақырыбында республикалық семинар өткізілді. Семинарға республикамыздың 17 облысынан шағын жинақты мектептердің ұстаздары, басшылары, білім басқармалары мен әдістемелік орталық мамандары, барлығы 50 педагог, Түркістан облысынан 90 педагог қатысты. Семинарға қатысушыларға мамандандырылған мектеп-интернат мұғалімдері мен шағын жинақты ауыл мектептерінің ұстаздарының бірлескен әдістемелік сабақтары, білікті мамандардың заманауи педагогикалық, инновациялық және коммуникациялық технологияларды пайдалану, білім беру құзыреттілігін, қарым-қатынас жасау және сабақ барысында сыныпты басқару әдістері бойынша шеберлік сыныптары, сондай-ақ ауыл мектептерін дамыту…

Read More

Жуырда Самарқандтта БҰҰ-ның Дүниежүзілік мамандандандырылған UNWTO Бас Ассамблеясының халықаралық білім форумы өтті. Ауқымды іс-шараға дүниежүзіндегі 140 мемлекеттен арнайы келген туристік ұйым мамандары туризм саласының дамуы аясында атқарылып жатқан жұмыстарын таныстырды және бір-бірімен өзара тәжірибе алмасты. Түркістан облысы (Оңтүстік Қазақстан) Білім басқармасының колледждері Ташкент қаласының құрылыс, білім, қызмет көрсету салалары бойынша меморандумдарға тұрып, бірлесе іс-шаралар атқарып келеді. Осы бағытта Түркістан облысының Білім басқармасына қарасты колледждер арнайы шақырту алып, UNWTO Бас Ассамблеясының халықаралық білім форумына қатысты. Форум барысында Түркістан облысының Білім басқармасына қарасты колледждер Ташкент, Самарқанд қаласындағы колледжермен меморандумға тұрып қараша айынан бастап академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде жұмыс жүргізу бойынша колледж басшылары…

Read More

Түркістан облыстық білім басқармасы, «Білім беруді дамыту орталығы» мен Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің қолдауымен 25 қазан — «Республика күні» қарсаңында облыс педагогтары арасындағы қазақ күресінен «Ұстаз барысы» жарысы өтті. «Ұстаз барысы» жарысы «Білім беруді дамыту орталығы» тарапынан 2022 жылы бастау алған болатын. Ұстаздықпен қоса құрыштай шыныққан сайыпқырандардың саңлағын анықтайтын «Ұстаз барысы» екінші рет өтіп жатыр. Ұстаздық жолында қызмет етіп жүрген ұстаздар, бозкілемде жауырындары жерге тимейтін балуандар өз күштерін көрсетті. Жарысқа 7 салмақ бойынша сайдың тасындай іріктелген 17 аудан/қаланың жеңімпаздары келіп қатысты. Жарысқа келген сайыпқырандардың арасынан…

Read More

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» — деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару — екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Орыс ойшылы Анатолий Луначарский айтпақшы, «ұстаз – бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды сіңіруші, ал оларды соқыр сезімдерден, жамандықтардан және жұқпалы мерездерден аулақтатушы адам». Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері,…

Read More

Ұстаз… Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдымнаақжарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі…Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны — әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз — өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште.Ұстаз — бұл қасиетті мамандық иесі, менің арманым бойынша, өте қайырымды, ешкіммен ешқашан сөзге келмейтін, сабақ барысында оқушыға деген қол үшін аямайтын адам… Ұстаз деген кім? Ұстаз – шәкірттерін білім нәрімен сусындататын адам. Ұстаз болу — екінің бірінің…

Read More

Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш рет жол танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға қатайтып ұшырады. Дәлірек…

Read More

Қарымды қаламгер, сатирик, ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Ахмет Төреқұлов есімі түркістандықтарға жақсы таныс. Әсіресе, шыншылдығы, адалдығы, турашылдығы ел есінде. Сатира қоғамның кемшілігін әшкерелеуші құрал ретінде аса пәрменді жанр. Сатира сонысымен де құнды, сонысымен де көпшілікке етене жақын. Содан да болар кез келген қаламгердің қолы бармайтыны рас. Ахмет Төреқұлов «әдебиеттегі оппозициялық жанр» айдарын еншілеген ерекше қасиетке ие болған қаламы қарымды қаламгер. Оның уытты тілінің өзі көркем кестеленгенде үлкен бір мәдениеттің бөлшегін құрайтын. Иә, Ахмет Төреқұлов ағаның қаламгерлігі туралы айтсақ, ол қаламы семсер сатирик. Ахмет Төреқұлов 1939 жылы Түркістан қаласында туған. Туған жылына қарап-ақ, балалық шағы зұлмат соғысқа тап келген, еңбекке…

Read More

Бүгiнгi әңгiме әріптес әпкеміз, Ынтымақ ауылының тумасы Ұлдаш Санаубекқызы туралы өрбiмек. Ұлдаш Санаубекқызы Жәнiбекова Түркiстан қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық училищенi 1977 жылы бастауыш сынып мұғалiмi мамандығы бойынша бiтiрген. Алғашқы еңбек жолын қаламыздағы Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебiнде мұғалiм қызметiнен бастаған. Ұстаздық ете жүрiп, Шымкент педагогика институтына сырттай оқуға түсiп, 1985 жылы филология факультетiнiң қазақ мектептерiндегi орыс тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi мамандығы бойынша бiтiрген. Жастайынан журналистика саласына құмартып өскен Ұлдаш жергiлiктi «Түркiстан» («Коммунистiк еңбек») газетiне мақалалар жазып тұрған. Мақала жазуға әуесқойлығының арқасында 1994-1998 жылдары «Түркiстан» газетiнде қызмет атқарған. Ал, 1999-2011 жылдар аралығында Ататүрiк атындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалiмi қызметiн атқарса,…

Read More

Өнегелі ұстаздар шәкірттеріне әрқашан әділдіктің, білімділіктің, тазалықтың дәнін егеді, ізгілікке баулиды. Ұстаз болашақтың алтын көпірі, тірегі мен жүрегі екені алашқа аян. Ұрпақтың ұлы болуы, заман талабымен білім арнасына қосылып, өмір белесін бағындыру- тікелей ұлағатты ұстазбен ұштасып сабақтасатыны белгілі. Шәкіртті қия-шыңға шарықтататын да, білімнің қайнар көзімен сусындатып, жастардың ұшқыр ойына ұтымды сөз қосатын да – ұлы ұстаз. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», – деп Абай атамыз айтқандай, ұстаздық жол – бекемдік пен білімділікті қажет ететін даңғыл жол. Мұғалім саналы шәкіртті ұядан баптап ұшыру үшін – терең тарих пен кемел келешекті ойлап, санамен таразылап білім бергені абзал. Осындай өнегелі ұстаздардың бірі –…

Read More

Түркістан облысы білім басқармасының Бәйдібек ауданының білім бөлімінің С.Ерубаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ-де «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу» тақырыбында аудан прокуроры Байтелиев Мәди Мұратбекұлымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндет балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жиынды аудандық білім бөлімінің әдіскері Бегеров Нұржан Досжанұлы ашып беріп, мектеп директоры Копесов Бакытжан Калиевич құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында атқарылған жұмыстар және оқушылардың жетістігі туралы баяндама оқыды. Біртұтас тәрбие бағдарламасын қолдай келе, оқушыларды ар-ұят, талап,…

Read More