Майшай Әбенова атындағы мектептің іргетасы көтерілгеніне жетпіс жылдан асты. Осы жылдары оқу ордасын мыңдаған шәкірттер бітіріп, қазіргі таңда Қазақстанның түкпір-түкпірінде халық шаруашылығының сан-саласында жемісті қызмет етіп жүр. Мектеп түлектері Жанболат Ибрагимов қалалық мәслихаттың аппарат басшысы. Мадина Рысбекова- Түркістан қалалық білім бөлімінің әдіскері, Жанат Бабажанова қалалық қаржы бөлімінің бас есепшісі, Асқар Алдабергенов Түркістан облыстық ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкері, Ерұлан Тұңғышбаев Түркістан қаласы әкімінің аппарат қызметкері болып қызмет етеді. 2015 жылдан бастап мектеп директоры қызметін Тулеуова Эльмира Тілеуханқызы атқаруда. Ол мұғалімдердің жұмыстарын ізденістерін қорыту, оны практика жүзінде іске асыру және озық тәжірибені тарату мақсатында бірнеше аймақтық, қалалық ғылыми-практикалық семинарлар ұйымдастырды. Ұстаздардың теориялық…
Автор: ais_media
Ұлжан Жолдасова 2015 жылдан бері Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернаты, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Оған дейін (1999 жылдан) Қожа Ахмет Ясауи атындағы, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеттерінде ұстаздық еткен Ұлжан Махамбетқызы бүгінде дарынды балаларды ғылыми жобалар сайысы мен пәндік олимпиадаларға, түрлі интеллектуалдық жобаларға дайындап, шәкірттердің ғылыми-шығармашылық ізденісін арттыру бағытында жемісті еңбек етіп келеді. Ұлжан Маханбетқызы «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деген хәкім Абайдың асыл сөзін ұстаным етіп, оқушыларға ана тілінің қасиетін ұғып, әдебиетті сүюге баулып жүрген ұлағатты ұстаздардың бірі. Ұлжан Жолдасованың 50-ден аса ғылыми-әдістемелік мақалалары мен бірнеше оқу-әдістемелік құралдары жарық көрген. Біз бала…
Білім беру жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білім берудің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы айрықша. Осыған орай, оқырмандар назарына білім берудегі белсенді әдістер тақырыбына арналған танымдық ақпаратты ұсынып отырмыз! Танымал ғалым, педагог, философ, профессор Джон Дьюидің: «Егер біз бүгін балаларымызды кешегідегідей оқытатын болсақ, онда біз оның ертеңін ұрлаймыз» деген ойына негізделе отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастап отырмыз. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған орай мұғалім алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды, тілдерді меңгеру, оларды тиімді қолдану міндеті тұр. Білім мазмұнының жаңаруымен қатар критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі…
Халқымыздың ұлы батыры Б.Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ беретін аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана сезімді сіңіруші адам-мұғалім. Осы орайда 25 қазан Республика күні қарсаңында Сайрам ауданы білім бөлімінің №61 С.Базарбаев атындағы негізгі орта мектебінің ардагер ұстаздары Келгенбаева Агайша Орынбасаровна, Ганитаева Замира Ботабековна және №50 К.Тілендиев атындағы жалпы орта мектебінің ардагер ұстаздары Абилдаев Ордабек, Токбергенова Райхан, Исахметова Қызбала, Карабеков Батырбек, Тойбекова Толбасы Қазақстан Республикасы…
Түлкібас ауданының білім бөлімі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Г.Оразбаеваның ұйымдастыруымен Абай атындағы мектеп-лицейінің базасында 8-11 сынып оқушылары арасында аудандық «Махамбет оқулары» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: — мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау; — тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, түсініктерді деректермен, дәйексөзбен дәлелдеуге жаттықтыру; — бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру. Байқау 5 бағыт бойынша өтті. 1. Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу. 2. Махамбет шығармаларын жатқа оқу. 3. Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы. 4. Жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы. 5. «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.…
Білім саласы қашан да ел үшін елеулі тақырып болмақ. Сол себепті бірнеше ай бұрын жарық көрген мақаланы назарларыңызға ұсынып отырмыз. Түркістан облысының білім сапасындағы бетбұрыстар оң нәтиже береді деген сенімдеміз. Тәуелсіз Қазақстанда білім және ғылым министрі болған жандарды санасаңыз саусағыңыз жетпейді. Ол ештеңе емес, әр министр өз командасымен келіп қана қоймай, мектептерге ақ тышқан секілді өздерінің шетелдерден әкелген эксперименттерін тықпалайды. Нәтижесінде, ол өлі туған нәресте секілденген соң, қызметінен босайды. Алайда, оны сол білім саласына жасаған қателігі үшін Үкімет жазаламайды. Арада біраз уақыт өткен соң, ол министр басқа саладан бой көрсетеді. Міне, енді жаңа оқу жылынан бастап бірінші сыныптарға алты түрлі…
Филология ғылымдарының кандидаты, әдебиеттанушы ғалым Жанымгүл Камалқызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-де ұзақ жылдар ұстаздық еткен. Бүгінде зейнет демалысындағы профессордың ұрпақ тәрбиесі, ұлт тағылымы тұрғысында айтары аз емес. – Жанымгүл апай, Фейсбук парақшаңызда «…Діни ағартушы ақын Ақылбек Сабалұлы: «Бала оқытпақ – пайғамбар фатихасы» деген. Оқыту – пайғамбарлар салған қасиетті жол. Сол жолды таңдаған мұғалімнің міндеті ауыр, үдесінен шыға алса – абыройлы орны биікте» деп жазыпсыз. Өзіңіз де өмір бойы ұстаздықтық еттіңіз. Жалпы, ұстаз деген кім? Қоғамдағы ұстаздың орны қандай дәрежеде? – «Ұстаз деген кім?» деген сұраққа белгілі ойшылдардың сөздерінен алынған дайын үзінділермен оп-оңай жауап беруге болар еді. Бірақ бүгінгі күнгі…
Кез-келген мемлекет білімді жастарымен мақтана алады. Қоғамның қозғаушы күші де сол жастар. Ал, өсер ұрпаққа тәлімді тәрбие мен сапалы білім беру бүгінгі «Жаңа Қазақстанның» ұзақ жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы. Ендеше, осыдан төрт жыл бұрын ғана облыс мәртебесін алған Түркістанда бүгінгі таңда 33 білім ошағы бар. Онда мыңдаған балалар білім алумен бірге кәсіби біліктіліктерін де жетілдіруде. Бұл мақсатта ұстаздардың мәртебесінің көтеріліп, өз дәрежесінде қызметін сапалы атқаруына жағдай жасау. Жасыратыны жоқ, күні кешеге дейін мұғалімдердің дені қағазбастылықтан арылмай, күнделік толтырумен, қоғамдық һәм саяси науқандарға белсене қатысып, өз міндетін ақсатып алды. Ұстаз мамандығының беделін арттыру кез келген мемлекеттің білім беру саясатының басты бағыттарының…
Республика күні мерекесіне орай Сайрам ауданындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Ахмаджан Анартаев пен Мухаррам Шайхутдинов аталарымызға Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, подполковник Г.Балғынбаевтың атынан Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі басшылығының қатысуымен мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында жергілікті колледждердің студенттері — болашақ Отан қорғаушыларымыздың әскери- патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілерімен ұйымдастырылды. Кездесу барысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері 1941-1945 жыл-дарындағы соғыс жайлы әңгіме өрбітті. Отбасының денсаулығын біліп қайттық, аталарымызға жақсы тілектер айтып, алғыс сөздері айтылған кездесу талапқа сай жүргізілді. Өз кезегінде Таулы-Қарабақ ардагерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлері Ахмаджан Анартаев және Мухаррам Шайхутдиновты атаулы мерекемен құттықтап, төсбелгімен марапаттады. Соңы концерттік…
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау болып табылады. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Адамның адам болып қалыптасуына ата-анамен қатар, ұстаздың да рөлі маңызды. Болашағымыздың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді емес пе. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солдай ардақтауға міндеттіміз» деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның…