Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу басты реформаларының бірі екендігін ерекше атап өтті. Арыс қаласының 11 сынып оқушысы Шапағат Сейілханға әлемге әйгілі 21 жоғарғы оқу орны өз гранттарын ұсынған. Олардың қатарында Case Western University, Chicago State University, Clark University, Colarado State University, California State University секілді оқу орындары бар. Ал Шапағаттың таңдауы Чикаго университетіне түскен. Себебі, аталған оқу орны әлемдік рейтингте жоғары бағаланады. Әлемдік жоғарғы оқу орындарының назарын аударуға Шапағаттың жазған түйіндемесі себеп болған. Онда ол өзінің өмірі мен талабы туралы ерекше жазба…
Автор: ais_media
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында Мақтаарал ауданының білім бөлімінің іс-шарлар жоспарына сәйкес С.Рахымов атындағы жалпы білім беру мектебінің базасында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» тақырыбында кездесу өтті. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білуге, оның одан әрі тиісінше дамуына бағыт-бағдар беру жауапты іс. Алайда, әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу — ұстаз парызы болып саналады. 9-11 сынып оқушыларына ғылыми жобаның…
Жетісай ауданы, №72 жалпы білім беру ордасында аудан бойынша мектептердің педагог-психологтарымен семинар өткізілді. Мақсаты: конфликт ұғымының мәнін ашу және оның алдын алу, одан шыға білу жолдарымен таныстыру. Жасөспірімдердің өмір ағымында кездесетін қолайсыз жағдайлардың алдын-алу және болдырмау. Жасөспірімнің қиын өмір жағдайларындағы құқығын қорғау және сақтау, өзіне сенімді мінез-құлықтарын қалыптастыру. Семинарды психологиялық қызмет бойынша әдіскер Қ.Ибадуллаева ашып беріп, жүргізіп отырды. Мектеп басшысы Раймқұлова Нурсұлу семинарға қатысушы педагог-психологтарды құттықтап, оларға сәттілік тіледі. Бөлімнің психологиялық қызмет бойынша әдіскері Қ.Ибадуллаева 2023-2024 оқу жылының І тоқсанында білім мекемелерінде атқарылған психологиялық қызметке талдау жасады. Сонымен қатар «Бестерек» жобасы аясында жүргізілген бірқатар жұмыстардың қорытындысы туралы айтып өтті. №72…
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу басты реформаларының бірі екендігін ерекше атап өтті. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды білім сапасын күшейтуде озық тәжірибелерді сараптап енгізу мен облыста салынатын «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасына мазмұн тұрғысынан дайындығын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы ретте Түркістан облысының делегациясы Жапония еліне іссапармен барды. І кезеңдегі іссапарда облыстың 15 қызметкері жұмыс жүргізуде. Оқыту семинары жапон білім беру сарапшыларының шебер сыныптарына қатысып, мектептеріне барып сабақты зерттеуді бақылау және зерттеу процесіне ену мақсатын көздейді. Оқыту семинары Жапонияның Білім…
Төлеби ауданында жаңадан салынып жатқан оқушылар үйінің құрылыс жұмыстары қызу қарқынмен жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда екі қабатты еңселі ғимараттың ішкі әрлеу, қабырғасын қаптау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс нысанына тапсырыс беруші – Түркістан облыстық құрылыс басқармасы. Мердігер мекеме – «Авторемстрой ЛТД» ЖШС. 80 орындық оқушылар үйінің құрылысын жобаға сәйкес жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Заманауи ғимаратта мүмкіндігі шектеулі балаларға жедел саты (лифт) да қарастырылған, сондай-ақ 25 түрлі үйірмелер қызмет көрсетеді деп жоспарлануда. Құрлыс жұмыстарының барысымен танысқан аудан басшысы Төлеген Телғараев мердігер мекеме өкілдеріне аудандық оқушылар үйінің ғимаратын жобада көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды. Бұдан өзге аудан әкімі күрделі жөндеуден өтіп жатқан «Жастар…
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КеАҚ Ғылыми әдістемелік кеңесі келісімімен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарындағы балаларды тәрбиелеу және дамыту жөніндегі ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын» құру туралы әдістемелік нұсқаулығын басшылыққа ала отырып, Сауран ауданының білім бөліміне қарасты А.Үсенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылды. Ең алдымен орталықтың қызметі педагогикалық ұжымға таныстырылып, мақсаты мен міндеттері түсіндірілгеннен кейін, ата-аналардан сауалнама алынып, нәтижесі бойынша орталықтың оқу жылына арналған бағдарламасы бекітілді. Аталған орталық жұмысының мақсаты: балаларды оқыту мен тәрбиелеу барысында мектептің ата-аналарының қарым-қатынасын күшейту және берекелі отбасы мәдениетін қалыптастыру. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жұмысын үйлестіру үшін…
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 29 қазан -1 қараша аралығында Ақтөбе қаласында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық зияткерлік конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Мақсат — туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын мақтаныш сезіммен жеткізуге бағыттау. Аталған конкурсқа республика бойынша 22 команда қатысты. Ал, Түркістан облысынан қатысқан 4 оқушы өз білімдерін сынап, 1 алтын, 1 күміс медальмен және 2 мақтау қағазымен марапатталды. 1. І орын — Сапарбекқызы Ақерке — Түлкібас ауданың…
2023 жылдың 25 қазан мен 1 қараша аралығында Алматы қаласында «БӨБЕК» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының обсерваториясында М.Әбділдин атындағы «Оқушылардың «Адам, Жер, Ғалам» Қазақстандық астротурнир өткізілді. Турнир мақсаты – мектеп оқушыларының білім алуын дамыту және дарынды балаларды қолдау, оған қоса жалпы білім беретін мектеп оқушыларының астрономияға, физикаға, космонавтикаға қызығушылығын арттыру, космостық бағыт бойынша ғарыш, ғарыштық технологияларды зерттеу және олар туралы білімдерін тәжірибеде қолдану бойынша факультатив, үйірмелер жұмыстарын жандандыру, дарынды оқушыларды табу, мамандық таңдауға көмектесу. Турнирге Қазақстанның білім беру саласынан 17 команда қатысты. Команда құрамы 7-11 сыныптан 5 оқушыдан жасақталған. Түркістан облысынан Оралбеков Ғалымжан ағайдың…
Отырар аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Ө.Жәнібеков атындағы лицей интернатында «Заманауи кітапхана: мазмұн мен форматқа жаңаша көзқарас» атты аудандық мектеп кітапханашылары арасында семинар өткізілді. Кітапханашыларға арналған семинар кітапханашылардың жұмысын одан әрі жақсартып, дамытып, ақпараттық-байланыс технологияларды жетілдіру үшін арнайы ұйымдастырылды. Семинарды білім бөлімінің әдіскері Манат Жақсыбаева жүргізді. Семинарға қатысқан 30 кітапханашыны кәсіби, төл мерекелерімен құттықтап, білім бөлімі басшысының мадақтау қағаздарымен марапаттады. Әр мектептен жиналған кітапханашылар сандық технология дамыған уақытта кітапхана жұмысын қалай ұйымдастыру керек, интернетті — балаға кітап оқыту мақсатында қалай тиімді пайдалануға болады,- деген сауалдар мен баланы кітап оқуға қызықтырып, үгіттейтін жобалар туралы сабақтар өтті. Қазіргі таңда балаларға кітап оқыту…
Келес ауданына қарасты №10 «Игілік» жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Қалдар Мейрамбек тұрмыстық қалдықтардан макет құрастырып, түрлі архитектуралық нысандарды жасауды әдетке айналдырған. Ол бала күнінен бастап желімдеу, жапсыру, құрастыру өнеріне қызыққан. Бүгінде түрлі дизайндағы қала сәулетін, тарихи кесенелермен ауыл макеттерін өз қолымен құрастыра алады. — Макет құрастыру, жапсыру, желімдеу техникасымен 6 сыныптан айналыса бастадым. Әр бөлшекті шын көңілмен жапсырып, қиялымдағы ғимараттардың макетін дайындау мен үшін қиынға соқпады. Себебі әр ісіме қатты мән беріп әзірлегенді және жасаған дүниемнің сапалы шығуын қадағалаймын. Бұл сүйікті ісіммен айналысқан маған ұнайды, жұмыс барысында ойыма ерекше шабыт пен жаңа идеялар келе бастайды, — дейді…