Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады.Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап,оның өмірін,денсаулығын,тыныштығын қорғап отырған заң бар. Сондықтан біз Ата Заңды құрметтейміз. Түркістан қаласында балалардың құқығын қорғау мақсатында құқық қорғау органдары арнайы кездесулер ұйымдастыруда. Түркістандық сақшылар мектеп жасындағы балалар мен және олардың ата аналарымен кездесіп, ана мен бала құқығы, отбасындағы әке құқығы секілді маңызды тақырыптарда әңгімелер қозғауда. Түркістандық тәртіп сақшыларының айтуынша қалада балалардың құқық бұзушлығының алдын алу шаралары, түнгі рейдтер жиі өтуде. Ойын сауыө орындары мен көшелер, ойынханалар тексерілуде. Балалар ересектер сияқты,негізгі қалаушы: сыйлау,қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына және бала дүниеге келген сәтінен бастап-ақ өзінің құқығына ие болады.…
Автор: ais_media
Түркістан қаласындағы аналар кеңесі бастаған және өзге де қоғамдық ұйым өкілдері қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімімен бірлескен түрде балалардың зорлық-зомбылықтан ада болуы үшін түрлі кездесулер өткізіп келеді. Соның ішінде аталмыш бастамашыл топты әсіресе мектеп жасындағы балалардың жай-күйі алаңдататын көрінеді. Осындай жағдайға байланысты ЮНИСЕФ балаларға зорлық-зомбылық көрсетуді еш құптауға болмайды және бірлесіп белсенді жұмыс жасаудың арқасында барлық зорлық-зомбылық оқиғаларының жолын кесуге болады деп сенеді. Тарқатып айтсақ, аталмыш ұйым еліміздегі өкілетті органдармен бірге жүргізген зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, ересектердің шамамен 75%-ы отбасында балалардың мінез-құлқын қадағалап отыру үшін дене жазалауын қолдануды құптайтын көрінеді. 2-14 жас аралығындағы әрбір екінші бала отбасында зорлықпен тәртіпке салу шараларына…
Болашақ бағдарламасымен Британияда 2 жыл оқып келген Нартай Советханұлы Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде математика пәнінен сабақ береді. Мектеп директорының орынбасары бізбен сұхбатында Британ елі неліктен білім саласында алдыңғы қатарда тұрғанын, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің шәкірттері не себепті өзге мектептерге қарағанда жоғары нәтиже көрсететінін себебін әңгімелеп берді. – Әңгімені зияткерлік мектебіндегі еңбек жолыңыздан бастасақ. Сонымен қатар шәкірттеріңіз бен олардың жетістіктері жайлы тоқтала кетсеңіз. – Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетте математика мамандығын бітіріп, 2006-2008 жылдары Жарма ауданы, Қалбатау ауылындағы Абай атындағы гимназияда 2 жыл мұғалім болдым. 2008-2011 жылдары Семейдегі Төлебай Ыдырысов атындағы №16 мектепте, 2011 жылдың сәуірінен бастап 2021 жылға дейін Семейдегі…
Болашақ бағдарламасымен Британияда 2 жыл оқып келген Нартай Советханұлы Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде математика пәні мұғалімімен сұхбат. –Математиктерден кімдерді үлгі тұтасыз? Ұстаздарыңыз туралы айтып өтсеңіз. –Университетте Қажи Нұрсұлтанұлы есімді профессор дипломдық жетекшім болған. Сол кісіні қатты үлгі тұтамын. Жас кезімізде ол кісінің қадірін білмедік. Кейіннен ойлаймын, сол кезде қадірін білгенімде, дүниеден өткенінше қасынан бір елі ажырамайтын едім. Ол кісі 2011 жылы дүниеден өтіп кетті. Университетте математикалық анализ, алгебра, логика, математика тарихы пәндерінен дәріс беретін. Диссертациясының тақырыбы «Қазақ математикасының тарихы» болды. Көптеген еңбектер жазған. Ол кісі белгілі ғалым, математик Орымбек Ахметбекұлы Жәутіковтің тікелей шәкірті. Өзі өмірден өткенше Жәутіковты қатты құрметтеді.…
Ұстаз болу – көреген болу деген сөз. Біз шәкірттерді өзімізді өсірген әлем үшін оқытпаймыз, тіпті қазіргі әлем үшін де емес – біз оларды өзіміз келешекте өмір сүретін болашақ үшін, тіпті қазір елестете алмайтын болашақ үшін оқытамыз», – деп Гордон Браун айтқандай, мектептің дамуы – ең алдымен, оқыту, тәрбиелеу және басқару жүйелеріндегі сапалық өзгерістер процесінен басталады. Яғни мұндай өзгерістер нәтижесінде мектеп білім беруде жоғары нәтижелерге қол жеткізе алады. Бүгінде әрбір мектеп басшысы арнайы өтуге тисті «Инновациялық менеджмент» курсының негізгі түйіні мектепті басқаруды, көшбасшылықтың дамуын және мектеп мәдениетінің жақсаруы үшін мектеп басшысы функционалдық міндеттеріне сәйкес менеджер, көшбасшы, басшы, кеңесші, тәлімгер, коуч, фасилитатор,…
Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген қызығушылықтарын ояту, өмірде оны қолдана білуге дағдыландыру – ұстаздың басты міндеті. Қазіргі мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Білімнің қайнар көзі балабақшадан басталады. Мектепке дейінгі шақ – бала өміріндегі ең маңызды кезең. Бұл кезде баланың бойындағы табиғи дарыны жан-жақты дами бастайды, бұл кезде балалармен нақты, жан-жақты жаңа технологиялық әдіс-тәсілдермен, дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс та нәтижелі болады. Білім беру, білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеріп, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін күнделікті қолдана білетін ұстаз-тәрбиешілердің жұмыстары жемісті болмақ.…
Түркістан қаласының оқушылары жыл бойы өткен білім сайыстары бойынша 2022-2023 оқу жылын толағай табыстармен аяқтады. Оқушыларымыз түрлі облыстық, республикалық білім сайыстарында жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, 5-6 сынып оқушылары арасындағы облыстық олимпиадада 15 оқушы жүлдегер атанса, оның ішінде 2 оқушы Республикалық олимпиадада да І және ІІІ орындарды жеңіп алды. Сондай-ақ, 7-8 сынып оқушыларының облыстық жасөспірімдер олимпиадасында 6 оқушы, 9-11 сынып оқушылары арасындағы облыстық олимпиадада 32 оқушы жүлдеге ие болса, республикалық олимпиадада 3 оқушы ІІ және ІІІ орындарды иеленді. Облыстық Президенттік олимпиадада 3 оқушы, ғылыми жобалар жарысында 10 оқушы, Республикалық сайыста 1 оқушы, «Зерде» ғылыми жобалар сайысында 11 оқушы, Республикалық…
Түркістан қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес бөлім басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен қаламыздағы Төле би атындағы №19 жалпы білім беретін мектебінде математика пәні бойынша «Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту үшін интерактивті сервистерді тиімді пайдалану» тақырыбы аясында қалалық тәжірибелік семинары өткізілді. Қаламыздағы жалпы білім беретін мектептердің математика пән мұғалімдері қатысқан тәжірибелік семинар мектеп мұғалімдері дайындаған көрмені тамашалаумен басталып, тәжірибелі педагогтардың ашық сабақтарына қатысумен жалғасын тапты. Семинардың алғашқы сабағын мектептің математика пәні мұғалімі, тәжірибелі, білікті маман Ақтолқын Сейсенова «Жәй бөлшектердің негізгі қасиеті» тақырыбында көрсетсе, Жанар Пазылбекова «Конбинаторриканың негізгі ұғымдары мен ережелері» атты сабағын, Марат Асылбеков пен Замира Абдуллаева «Оқушылардың…
Ұстаз болу сый етілген өміріне, Қиын бірақ оны алып жүруіде. Өмір жолын ұстаздыққа арнаған Талай мықты ұстаздар бар елімізде, -деген өлең жолдарындағыдай ұстаздаық ету ең асыл іс. Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол-мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, ұлттың да адамгершілік пен ерліктің де нағыз жанды өкілі. Үнемі баланың көзінде болу, әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді талап етеді. Кез келген уақытта шәкірттің қандай да болсын сұрағына білімділікпен жауап беруге тура келеді. Ұстаз нақты, дәлелді, сенімді, көркем жүйелі, тартымды сөйлеу керек. Мұғалімнің әділдігі, батылдығы, іс пен сөз бірлігі, ұстамдылығы күн сайын балалар тарапынан баға алып отырады. Ұстаз мейірім мен…
Қазығұрт ауданындағы Әбдікәрім Бектаев атындағы жалпы орта мектебінің тарихы тым тереңде. 1934 жылы Қазығұрт ауылдық Кеңесінің Суықбұлақ ауылындағы Әлімбек баба мешітінің жанынан сауат ашу мектебі ашылады. Көп кешікпей білім ұясына «Жаңаталап» атауы беріледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі №158 Қаулысымен «Жаңаталап» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Әбдікәрім Бектаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КМК болып қайта аталды. Мектеп алдына Әбдікәрім Бектаевтың бюсті қойылды. Мектеп жанынан «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа өнеге» атты аллея ашылды. Аллеяға ауыл азаматтарының демеушілігімен соғыс және тыл ардагерлеріне арналған ескерткіш қойылды. Нақтырақ айтқанда, ескерткішті мектепті 1991 жылы бітірген түлектер орнатты.…