Қазіргі кезде ұл-қызының жоғары оқу орнына түсуін тілеп, тақымын қысып отырған ата-ана көп. Жылда жаз мезгілімен қабаттаса келетін ҰБТ науқаны 11-сыныпты ғана емес, 10-сыныпты бітірушілерді де ойландыра бастады. Уақыт өткен сайын мамандықтар тізімі өзгеріп, кейбір мамандықтар мүлде жойылып жатыр. Деректерге сүйенсек, әлем бойынша 50 мыңға жуық мамандық бар. Мамандық таңдау ісінде жасөспірімдер түгілі, соларға жол көрсетіп отыратын ата-аналар да қателесіп жатады. Мамандық таңдауда кез келген талапкер өз қабілетін анықтайтын тесттен өткені абзал. Алайда, елімізде баланың қабілетін зерттейтін орталықтар жоқтың қасы. Ал, шетелдерде бұл салада арнайы зерттеу институттары жұмыс істейді. Бүгінгі күнде жастар қандай мамандық сұранысқа ие екенінен бейхабар. Керек десеңіз,…
Автор: ais_media
Түркістанда еліміздегі жалғыз спутниктік робототехника үйірмесі бар. 30-ға жуық оқушы STEM курстарына қатысып, инженерлік дағдыларды игеріп келеді. Қазіргі уақытта Түркістандағы 1500-ге жуық бала мен жасөспірім «Оқушылар сарайы»-ЮНЕСКО клубындағы 6 білім беру бағыты бойынша жұмыс істеп тұрған 60-қа жуық үйірмеде қосымша білім алып жатыр. Соның ішінде ғарыштық технологияның қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік беретін еліміздегі жалғыз спутниктік робототехника үйірмесі – «UniSat» білім беру хабының орны айрықша. 2022 жылдың қыркүйек айында ашылған бұл хаб – БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Оқушылар сарайының» бірлесе атқарған жобасы. Жер және ғарыштағы радиохабар тарататын құрылғылардан аналогтық, цифрлық радиосигналдарды беруге және қабылдауға…
Түркістан облысы білім басқармасының “Білім беруді дамыту орталығы” КММ “Білім мен инновация: Білім беру процесіне жаңа көзқарас” атты тақырыпта “Ашық есік күнін” өткізді. Атаулы іс-шарада Түркістан облысы бойынша 5000-ға жуық педагог әдістемелік кеңес алды. Облыс бойынша алғаш рет қолға алынған жоба аудан/қаладағы білім беру ұйымдарында да ұйымдастырылды. Түркістан облысы білім басқармасының білім беруді дамыту орталығы; аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттері ұйымдастырған бұл ауқымды іс-шараның басты мақсаты – облыс педагогтеріне оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысын ұйымдастыру және білім беру саласындағы проблемалық жағдайлар бойынша уақтылы шешімдер қабылдау бойынша қажетті консультативтік көмек көрсету болып табылады. Мұғалімдер кәсіби шеберліктері мен шығармашылықтарын қалыптастыруды дағдыланып, білім беру сапасын…
Түркістан қаласына арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие және қосымша білім беру департаментінің басшысы Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы Медетбекова мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының директоры Танирбергенова Анар Шынболатқызы түркістандық педагогтармен кездесіп, “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында кең көлемді баяндама жасады. Ұлттық, адами құндылықтарға негізделген құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсатында жасалынған бағдарламаны түсіндіруге арналған басқосуға Түркістан қаласымен қатар Сауран, Отырар, Созақ аудандары мен…
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының педагогтеріне оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысын ұйымдастыру және білім беру саласындағы проблемалық мәселелер бойынша уақытылы шешімдер қабылдау бойынша қажетті консультативтік көмек көрсету мақсатында «Білім мен инновация: білім беру процесіне жаңа көзқарас» атты ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күні аудандық әдістемелік кабинет әдіскерлерінің қатысуымен №5 С.Ысмайылов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде болып өтті. Жиынның негізгі қадамдарына оқу-әдістемелік кешендерінің көрмесін презентациялау, шығармашылық зертханалардың жұмысы, аудан педагогтеріне оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысын ұйымдастыру және проблемалық мәселелерді шешу жолдарын іздеу бойынша сауалдарына жауап беру, тәжірибелік жұмыстар өткізу, жұмыс жоспарларын талқылау, аудан педагогтерінің ұсыныстарын қабылдау. Сонымен қатар аудандағы Дарын мектебінің қазақ тілі мен…
Түркістан облысы білім басқармасының бастамасымен, осымен екінші рет ұйымдастырылған байқау өз мәресіне жетті. Патриоттық өлең оқыған оқушыларымыз бен студенттер әлеуметтік желі арқылы өзара бақ сынасты. 100-ге жуық қатысуша өтінім берген байқауда биыл ерекше белсенділік байқалады. Айта кетейік, қатысушылар санының көптігіне байланысты нәтиже бүгін шықты. Жеңімпаздарды мараппаттау рәсімі алдағы аптада ұйымдастырылады. Жеңімпаздармен алдын-ала байланысып, хабардар етеміз. Арнайы шығармашылық топ өлеңдерді тыңдап, үздік деген 10 оқушы/студенттің өлең оқуын жоғары бағалады. Назарларыңызға #ОтанымЖүрегімде байқауының жеңімпаздарының тізімін оқыған өлеңінің сілтемесімен ұсынамыз: Түркістан облысы Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты «Далабазар» жалпы білім беретін мектебінің 6-«А» сынып оқушысы Нематжанова Яйрахон Шарифжановна https://www.facebook.com/100035685711602/posts/1025005495365631/?mibextid=cr9u03 Түркістан облысы, Түлкібас ауданы,…
Түркістан облысының білім басқармасы, Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастырумен Шымкент қаласында өңірлік жас педагогтермен «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты жас педагогтер форумы өтті. Форум мақсаты — білім беру мазмұнын сапалы ендірудің тиімді механизмін құру арқылы жас ұстаздарға қолдау көрсету. Форумға қатысушылар “Педагогтің қызметіндегі зерттеу”, “Инклюзивті оқыту”, “Пәндік кәсіби құзыреттілікті дамыту” тақырыптарында қозғалған өзекті ашық алаңдарға қатысып, тәжірибе жинады. Бұл форумға Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарынан ағылшын тілі пәнінің жас педагогтері қатысып, кәсіби тұрғыдан бағдар алды. Дәлірек айтсақ, қараша айының 25-і күні Түлкібас ауданында осындай форматта жас мамандар форумы өтетін болады. Себебі, мұндай іс-шаралардың жас мамандарға берер мүмкіндігі…
Сайрам ауданы, Ақсукент елді мекенінде орналасқан Ш.Қалдаяқов атындағы Мәдениет үйінде “Ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс” тақырыбында алқалы мәжіліс өтті. Жиынға Сайрам ауданы әкімшілігінің өкілдері, «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық ұйымының мүшелері, Сайрам ауданының барлық білім беретін жалпы орта мектептерінің директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, бала тәрбиесіне жауапты педагогтар, ата-аналар төрағалары және де Сайрам ауданының әкелер, әжелер алқалары қатысты. Күн тәртібінде «Әкелер мектебінің – ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі» атты тақырыбы аясында «Жас ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс» және ардагерлер кеңестерінің жұмыстарына мониторинг жүргізу, оның даму жоспары туралы талқыланды. Жас ұрпақты тәрбиелеу барлық жиынға қатысушылардың парызы мен міндеті екенін айта келе, оқушылардың мектептен тыс тәрбиеге негізделген шараларды күшейту…
Төлеби аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Ленгір қаласындағы №4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте ауданның ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өтті. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау, сындарлы көзқарас қалыптастыру, білім алушылардың пәнге, тіл меңгеруге қызығушылығын арттыруды көздейтін, оқытудың заманауи технологияларын қолдануды үйрету мақсатында «Мұғалім ролінің маңыздылығы. Білім беруде жасанды интеллектіні тиімді пайдалану» тақырыбында өткен аталмыш семинарға әйгілі Оксфорд университетінің лекторы Эстра Эзиджи қатысты. Семинарға қатысушылар лектордың жаңашылдығымен ерекшеленетін методикасымен танысты. Лектор сабақ жоспарын құру, жаңа технологияларды қолдану, осы технологиялардың тиімділігі, білім беруде нені ескеру керектігі, жетістіктерге қалай жетуге болатыны туралы ой-тәжірибесімен бөлісті. Мұғалім жұмысын жеңілдету бағытында жасанды…
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу басты реформаларының бірі екендігін ерекше атап өтті. Келес ауданында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гаухар Бахадырова еуропалық білімнің инновацияланған түрін ауыл балаларына үйретіп жүр. Ол Испанияның Кадис қаласындағы “Erasmus Mundus” университетінде білім алған. Соңғы 4 жылдан бері Абай ауылындағы №2-ші мектеп гимназиясында ағылшын тілі пәнінен сабақ береді. — Балаға бағыт беріп, қызықтыра білсең, ол сені таңғалдырудан жалықпайды. Мен сабақ бергенде оқушыларға ең бірінші сыни тұрғыдан ойлану, өзін-өзі оқыта алу, баланың қалыптасу тұрғысындағы дағдыларын ескере отырып, білім беру дағдысына…