Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАНДА «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАНДА «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

    21.11.2023
    Түркістан қаласына арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие және қосымша білім беру департаментінің басшысы Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы Медетбекова мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының директоры Танирбергенова Анар Шынболатқызы түркістандық педагогтармен кездесіп, “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында кең көлемді баяндама жасады.
    Ұлттық, адами құндылықтарға негізделген құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсатында жасалынған бағдарламаны түсіндіруге арналған басқосуға Түркістан қаласымен қатар Сауран, Отырар, Созақ аудандары мен Кентау қаласынан білім бөлімдерінің тәрбие саласына жауапты мамандары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Басқосуды облыстық «Білім беруді дамыту орталығының» директоры Бақытжан Төлімбет ашып, шараның мақсатымен таныстырғаннан кейін Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие және қосымша білім беру департаментінің басшысы Меруерт Асқарбекқызы мен мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының директоры Анар Шынболатқызы кең көлемді баяндама жасап, бағдарламаны егжей-тегжейлі, нақты мысалдармен түсіндіріп өтті. Өз кезегінде педагогтар да сұрақтарын жолдап, басқосу ашық сұхбатпен өрбіді. Түркістан қаласы, Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шарипа Пірімбетова да сөз алып, бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстар, олардың нәтижесіне тоқталса, облыстық «Білім беруді дамыту орталығының» директоры Бақытжан Нұрмаханбетұлы басқосуды ұйымдастырып, ұстаздарға бағыт-бағдар берген министрлік өкілдеріне ризашылығын білдірді.
    Басқосу соңында Меруерт Асқарбекқызының бастамасымен бағдарламаны іске асыру аясында жұмысшы тобы құрылып, мақсаттары мен міндеттері айқындалды.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.