Мектеп мұғалімдерінің кәсіптік деңгейін, шығармашылығын дамыту, озат педагогтарды анықтау арқылы ынталандырып отыру мақсатында педагогтар арасында түрлі байқаулар мен білім сайыстары ұйымдастырылып келеді. Солардың бірі – кәсіби біліктілігімен қатар өнерлерін ортаға салатын «Өнерлі ұстаз» байқауы. Жуырда ғана Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен «Өнерлі ұстаз – 2023» қалалық байқауы өткен болатын. Қаламыздағы білім беру мекемелерінен 25 педагог қатысып, кәсіби білімдерін, өнерлерін таразыға салған байқауды бөлім басшысы Оразкүл Шайхықызы ашып, ақ тілегін жеткізген. Байқау барысында қатысушылар «Өзін өзі таныстыру», «Педагогтың бір күні» тақырыбы аясындағы видеороликтер байқауы және «Өз өнерін көрсету» кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Нәтижесінде әріптестерінен оза шапқан Ж.Жабаев атындағы…
Автор: ais_media
Бүгінгі қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі қарқынды дамып отырған заманда адамның интеллектуалдық еңбек үлесі өсіп, білім деңгейіне және әрбір жеке тұлғаның шығармашылық даралығының дамуы мен кәсіби бағыттылығына қойылатын талаптар арта түсуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру» мәселесі аталып көрсетілген. Жалпы білімнің басты үш міндеті бар, олар: баланың өзіндік жалпы дамуын, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету және оны болашақ белгілі…
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: КЕЛЕСТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Келес ауданы №29 жалпы орта мектебінің базасында «10-11 сынып курсы үшін күрделі тақырыптарды игеруде информатика пәні мұғалімдерінің құзыреттілігін дамыту» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті. Семинар «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Информатика пәнінің мұғалімдері бас қосқан жиынға облыстық орталықтың әдіскері Дінмұхаммед Саипов арнайы қатысып, семинарға оң бағасын берді. Мақсат – мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, сындарлы көзқарас қалыптастыру, олардың құзіреттілігін арттыру, оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалу дағдыларын дамыту. Семинарда «Google диск бұлттық сервисін қолдану. Практикалық жұмыстар»,…
«АMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы А.Үмбеталиевтің тапсырмасына сәйкес Кентау қалалық партия филиалының ұйымдастырумен қаламыздағы мектептерде ыстық тамақпен қамтылуына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері А.Розибаев, Берік Алибаев қалалық партия филиалының консультанты Бейсен Самбетов Б.Момышұлы атындағы № 12 жалпы орта мектебінде және М.Әуезов атындағы № 22 мектеп — гимназиясында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуына сараптама жұмыстарын жүргізді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі N158 бұйрығы негізінде, қыркүйек айының 1 жұлдызынан бастап 1-4 сынып аралығындағы барлық оқушылар тегін тамақтану құқығына ие және жеке санаттағы 5-11 сынып оқушылары бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылуы тиіс. Осыған орай Кентау…
Халқымыз үшін қастерлі ұғым болып саналатын, ата-бабадан қалған жерді қорғау, мемлекеттік шекараны күзету – үлкен абырой, маңызды жауапкершілік. Мемлекеттік шекараның беріктігі – елдіктің басты белгілерінің бірі. Бүгінде Қазақстанның ұлан-ғайыр шекарасы шегенделген. Еліміз тәуелсіз болған 1991 жылдың желтоқсанынан кейін іргелі мемлекеттің шекарасын күзету күн тәртібіне қойылды. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін 1992 жылдың 18 тамызында Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі құрылды. Еліміз Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстанмен шектеседі. Республиканың құрлықтағы мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы – 13 402 шақырым. Біздің Мақтаарал ауданы шекаралы аймақта орналасқан. Өзбекстанның бірнеше ауданымен шектесіп жатқан өңірімізде шекараны қорғаудың жауапкершілігі өте жоғары, бұл салада темірдей тәртіп, қырағылық…
XXI ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процесті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқарады. Жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгерту, білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Оқыту барысында озық, тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде. Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов былай деген екен «Халық пен халықты теңестіретін-білім» деп айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу-біздің мақсатымыз. Сондықтан да жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды. Қазіргі білім…
Жыл сайын білім беру саласында сантүрлі жаңалықтар, өзгерістер орын алады. Білім сапасы жаңа сипатқа ие болды. Педагогтің құқығы, әлеуметтік жағдайы заңмен бекітіліп, жағдайлар жасалып жатқаннан кейін кәсіби талап та күшейіп жатқанынан күнделікті хабардармыз. Ендеше қазіргі мұғалімнің шынайы мәртебесі жайлы білу, т.б. көкейдегі сұрақтарға жауап алу үшін қаламыздағы №6 М.Мәметова жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Исмаилова Гүлмира Байзаққызымен сұхбаттасуды жөн көрдік. – Гүлмира Байзаққызы, балаларға білім мен тәрбиені беру жолында сіздердің ерен еңбектеріңізді, темірдей төзімділіктеріңізді түсінеміз. Десе де осынау қажырлы еңбектің мақтан тұтар тұстары да аз емес. Биылғы оқу жылы білім, спорт саласында қандай жақсы жетістіктерімен есте қалғалы тұр. Қандай…
Еліміз латын әрпіне екі жылдан кейін көше бастайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 21 қазандағы латын графикасы негізінде қазақ тілі әліпбиін жетілдіру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында әліпбидің 40-тан астам нұсқасы, сондай-ақ қазақ тілінің емле ережелерінің жобалары мен пернетақтадағы әріптердің орналасу тәртібі қаралған-ды. Соның нәтижесінде латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы жарияланды. Сөйтіп, 4 жыл бойы латын графикасына көшу үрдісі әбден сұрыпталып, енді міне тағы бір нұсқасы ұсынылды. Бұл нұсқа жұртшылық арасында кеңінен талқыланды. Мамандар әлеуметтің әр тобымен санасты. Әліпби реформасы мәдени сәйкестендіру олқылығының орнын толтыруға бағытталған. Латын қарпіне көшу – бір әріпті екіншісіне ауыстыру емес, бұл қазақ тілі мен…
Біздің бұлай деп отырғандығымыз тегін емес. Қызылордада жоғары оқу орнын аяқтап, қызметке тұрғалы бері оның саналы ғұмыры Арыс қаласында өтіп келеді. Небір дарынды тұлғаларды дүниеге әкелген Арыс өңірі Ордабасы ауданы, Қараспан ауылында туып-өсіп, қазақы тәрбиенің қайнарымен әбден сусындаған ару қыздың бағы мен бақытын ашты десек, еш қателеспейтін шығармыз. Күні кеше ғана жетпіс жасты бағындырып, елдің ыстық ықыласына бөленген Ақбөпе Қаныбекованы өзі қызмет еткен Арыс халқы «Арыстың Ақбөпесі» деп атап кетсе, былайғы жұрт «Біздің Ақбөпе» деп құрметтейді. Бір сәт осынау өз бойына қазақы тәлім-тәрбие, адамгершілік пен пайым-парасатты молынан жиған ардақты жанның өмір жолына үңіліп көрелікші. – Мен дүниеге келген 1953 жылы…
Мәселе ЮНИСЕФ Қазақстандағы өкілетті органдармен бірге жүргізген зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, ересектердің шамамен 75%-ы отбасында балалардың мінез-құлқын қадағалап отыру үшін дене жазалауын қолдануды құптайтын көрінеді. 2-14 жас аралығындағы әрбір екінші бала отбасында зорлықпен тәртіпке салу шараларына душар болады. Мектеп оқушыларының үштен екісі басқа оқушылар немесе мұғалімдер тарапынан зорлық-зомбылық көрсетуге немесе кемсітуге шалдыққан немесе соның куәсі болған. Зорлық-зомбылықтың жоғары деңгейі интернат мекемелерінде және мінез-құлқында қиындықтары бар балаларға арналған мектептерде байқалады. Зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жою жолындағы айтарлықтай кедергі болып «зорлық-зомбылық» ұғымын түсіну аясының тарлығы табылады, аталмыш ұғым көбінесе тек дене жазалауына ғана қатысты қолданылады. Зорлық-зомбылыққа қорқытуды, психологиялық қысым көрсетуді немесе тіл тигізуді жатқызу таңсық…