Автор: ais_media

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлының кезекті іс-сапары Қазығұрт ауданында жалғасты. Алғашқы аялдама Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы білім беретін мектепке барып, жылыту маусымына дайындығы пысықталды. Басқарма басшысы білім ұясымен танысып, ағымдағы жөндеу жұмыстарына ұсыныс беруді тапсырды. Қазіргі таңда газға ауыстыру жоспарда. Қазығұрттағы Қызылдихан жалпы білім беретін мекемесіне келген басқарма басшысы аралауды қауіпсіздік шараларынан бастады. Қоршауды қарап, бейнебақылау камераларын түгендеді. Дабыл батырмасын да тексерді. Интернет жылдамдығының баяулығы байқалды. Мектеп директорына тиісті жұмыс жүргізіңіз деп нықтап тапсырма берді. Келесі “Жаңатірлік” жалпы білім беретін мекемесіне ат басын бұрды. Қатты отыннан газға өткен білім ордасында мәселелер жеткілікті. Қауіпсіздік бойынша кей бейнебақылау камералары жұмыс істемейді.…

Read More

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының білім бөлімінің бастауыш сынып әдіскерлері Г.Молжігіт пен Ж.Мыңбаеваның ұйымдастырумен Б.Төлепбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте беру ұйымдарындағы бастауыш 4 сынып мұғалімдерімен «Білім сапасын арттырудағы кедергілер, оларды шешу жолдары» тақырыбында ашық есік күні өткізілді. Келген қатысушы мұғалімдер бастауыш сынып мұғалімдерінің білім беру жетістіктерінің мониторингісіне дайындық ретінде алынған сынама тест қорытындылары мен талдаулары және тесттік жинақтарын көріп,, бастауыш сынып мұғалімдерінің баспасөз беттеріндегі және мектепішілік, аудан, облыс көлемінде таратылған іс тәжірибелерінен жасалған шығармашылық көрмесімен танысып өтті. Ашық есік күнінің барысында, «Бастауыш сынып білім алушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру: шығарманы түсініп, көз жүгіртіп, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып оқуға үйрету» тақырыбында…

Read More

Қазіргі заман талабына сай, білімді, білікті озық ойлы шәкірт тәрбиелеуде мұғалімнің алатын орны ерекше. Білім алушының тұлғалық даму іргетасы бастауышта қаланады. Сол себепті бастауыш сыныпта білім беру жүйесінде инновациялық әдістер, жаңа талаптар қойылып отыр. Сабақты меңгерту барысында күнделікті қарапайым өмірмен байланыстыру, мысалдар келтіріп айту, сыныптан ұқсас заттарды тапқызу арқылы өз ойларын айтқызу. Тиімді әдіс-тәсілдерді тек жоғары сыныпта ғана емес, бастауыш сыныпта да жас ерекшелігіне сай пайдаланудың, қолданудың мүмкіндігі мол. 2023 жылдың 23.10-03.11 аралығында «Бастауыш сынып (1-4 сыныптар ) мұғалімдерінің «Математика» «Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, «Шаян мектеп…

Read More

Ордабасы аудандық білім бөлімінің 2023 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, қараша айының 2-3 күндері Амангелді Иманов атындағы жалпы орта мектебінің базасында Республикалық «Зерде» балалар шығармашылық жобалары мен зерттеу жұмыстары (2-7 сынып оқушылары арасында) конкурсының аудандық іріктеу кезеңі өтті. Қазылар алқасының шешімімен конкурстың облыстық кезеңіне 12 секция бойынша жоғарғы ұпай жинаған жұмыстар ұсынылды. «Қазақ тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша М.Исламқұлов ат.ЖББМ. оқушысы Сейтимова Дана, жетекшісі А.Айтказина, жұмыстың тақырыбы «М.Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі лексикалық ерекшеліктер». Б.Оңтаев ат.ЖББМ оқушысы Жұмабек Айару,жетекшісі С.Баратова, жұмыстың тақырыбы « Көкбөрі символикасының қазақ әдебиетіндегі орны». «Орыс тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша «Зерде» ЖББМ. оқушысы Сарсен Абызхан жетекшісі Э.Исмаилова, жұмыстың тақырыбы…

Read More

Түркістан облысы, Кентау қалалық білім беру бөліміне қарасты Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейінің жоспарына сәйкес, мұғалімнің шығармашылық жұмысын жетілдіру, білім сапасын арттыру мақсатында 2023 жылдың 2 қараша күні директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Баршабекова Назгүл Бекұлықызының ұйымдастыруымен, мектеп әкімшілігі мен ұстаздарының қатысуымен №2 әдістемелік кеңесі өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Баршабекова Назгүл – әдістемелік кеңестің мақсаты мен баяндамашыларды таныстырды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, математика пәні мұғалімі Дуйсенбиева Нургуль МИФ бірлестігінің ұйымдастырған бағдарламасымен таныстырып, ұжымды төрт топқа бөлді. Математика пәні мұғалімі Каримова Диана қатысушыларға функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды құрастыру жолдарымен таныстыру,академиялық тапсырмаларды тәжірибеге бағдарланған тапсырмаларға түрлендіру дағдыларын дамыту мақсатында…

Read More

Келес ауданы №11 “Жолбасшы” жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Данабек Айкөркем үй гүлдерін өсірумен айналысады. Арнайы жылыжайда 10-ға жуық үй гүлдерінің түр-түрін баптап отырған дарынды оқушы биология пәні мұғалімінің жетекшілігімен зерттеу де жүргізіп жатыр. – Гүл өсіру – ертеден келе жатқан шаруашылықтың «әдемі» саласы. Қазіргі таңда шаруашылықтың бұл түрі әлемде қарқынды дамып келе жатыр. Гүл өсіру Голландияда, Германияда, Жапонияда, басқа да бірқатар елде жақсы дамыған. Тараз қаласына жолым түскенде жылыжайда өсіріліп жатқан ботаника бағында гүлдің мыңдаған түрі мен сортына куә болдым. Табиғаттың сәнін келтіретін, әлемге сұлулық сыйлайтын гүлді өсіру оңай емес. Ол өскеннен кейін емес, өскенге дейін де ерекше күтімді…

Read More

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: ФОРУМ: «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ: ІЗДЕНІС, ТӘЖІРИБЕ ШЕБЕРХАНАСЫ» Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты О.Жандосов атындағы жббм базасында «Мектепке дейінгі және мектептегі білім берудің сабақтастығы: ізденіс, тәжірибе шеберханасы» тақырыбында аудандық форум өткізілді. Форумға бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды дайындық сынып тәрбиешілері қатысты. Аталған іс-шара барысында «Болашаққа қосар үлесіңді өлше» атты көрме көрсетіліп, «Бастауыш сыныпта жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында баяндама оқылды. Форумды аудандық білім бөлімінің бас маманы Е.Есиркепов, ӘК меңгерушісі А.Шерова және әдіскер М.Амирова сөз сөйлеп, ашып берді. Мақсат — бастауыш сынып…

Read More

Сайрам ауданының білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Оқушылардың күзгі демалыс күндерін» және бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Күтім ісі жөніндегі кіші мейіргер» мамандығының 9-сынып оқушыларына еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру, оқушыларға ақыл-кеңес беріп, кәсіби таңдауларына сәйкес жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, денсаулықтарына байланысты, аймақтағы мамандарға сұрастың қажеттілігін негізге алып мамандық таңдау жұмыстарын ұйымдастыру және кәсіби білім беру аясында әлеументтік серіктестікті дамыту мақсатында Ақсукент көпсалалы колледжінің өндірістік базасына кәсіптік саяхат ұйымдастырылды. Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және өндірістік оқыту шеберлері оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, колледжде оқытылатын мамандықтарға сипаттама берді. Оқушылардың жеке және кәсіби…

Read More

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: КЕЛЕСТЕ АТА-АНАЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ Келес ауданы, №2 Ө.Жәнібеков мектеп гимназиясында ата-аналарды педагогикалық қолдау, біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында аудандық тәжірбиелік семинар өтті. Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды немесе заңды өкілдерді педагогикалық қолдау бойынша өткізілген семинар ауданның Әжелер кеңесі мен Әкелер кеңесінің қатысуымен өткізілді. Семинар барысында ата-аналарымен дөңгелек үстел, сайыстар, тәрбие сағаттары, коучинг сабақтар мен отбасылық сайыстар жоғары дәрежеде өткізілді. Мақсат — мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту. Аталған семинар шеңберінде сабақтардың әдістемелік тәсілдері, мазмұны және ұлттық құндылықтар түсіндірілді. СЕМИНАР: «СЫНЫП…

Read More

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: ОТЫРАР: «IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ Ауыл оқушыларына арналған «IQanat» республикалық олимпиадасының Отырар ауданы бойынша іріктеу кезеңі М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп, С.Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп пен Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін 3 мектеп базасында өтті. Олимпиада мақсаты — Қазақстан мен әлем университеттеріне түсуге үш жылдық тегін дайындыққа финалист таңдау. Олимпиаданың аудандық кезеңінде 30 мектептің 8-сыныбында білім алып жүрген 364 оқушы кешенді тест тапсырды. Тестілеу кезінде білім алушылардың математикалық сауаттылығы, логикалық, кеңістіктік ойлау қабілеті, оқу сауаттылығы бағаланды. Тестілеу нәтижесінде жоғары…

Read More