Келес ауданы білім бөлімі және Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитарлық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің басшысы Н.Ш.Киясова, жетекші маманы М.А.Тағаева аудан аумағында орналасқан мемлекеттік білім беру мекемесінің мектеп директорлары, мектеп асханасының жеке кәсіпкерлері мен аспазшыларының қатысуымен арнайы жиын өтті. Жиында «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» туралы сөз болды. Аталған талаптар ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы NҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидада толық көрсетілгені, тамақты дайындау барысында қатаң бақылау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» ҚР ДСМ-нің 2022 жылғы 17 ақпандағы NҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағида талаптарының сақталуы туралы баяндама жасалды.…
Автор: ais_media
Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы Төлеби ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды. Алдымен Қ.Байболов атындағы жалпы білім беретін мектебіне келген басқарма басшысы мектептің қауіпсіздік деңгейін тексерді. Қоршаудан бастап, бейнебақылау камераларының жұмыс істеуі, видеолардың ұзақ мерзімде сақталуын қарады. Есіктен кіргеннен арнайы күзет қызметінің жұмысын пысықтап, дабыл батырмасының жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізді. Мектептің жылыту маусымына дайындығын да назарға алған Ғалымжан Сұлтанбекұлы табиғи газға тезірек ауыстыру керектігін алға тартты. Оған қазандық та дайын тұр. Қатты отын қоры әзірге 36 тоннаны құрайды. Айта кететіні, білім ордасы 1987 жылы пайдалануға берілген. 500-ге жуық білім алатын оқу ордасы 2016 жылы күрделі жөндеуден өткен. Келесі…
Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 317 бұйрығымен өзгерістер енгізілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығы негізінде мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес кезекті педагогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртібіндегі тақырыптар! 1. Өткен педагогикалық кеңесте қабылданған қаулылардың орындалуын қарау. 2. Бірінші оқу тоқсанындағы оқу және тәрбие үдерісінің қорытындысы мен екінші оқу тоқсанында атқарылатын міндеттер…
Сарапшылардың болжамы бойынша, 10 жылдан кейін әлемдегі өнімдер мен қызметтердің 70 пайызы жасанды интеллектіні қолданатын цифрлық платформалық модельдерге негізделеді. Мұның өзі жаңа салалар мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін жасайды. Жоғары білім беру жүйесі – цифрлық дәуірге, жасанды интеллектіні қолдануға сенімді түрде көшуді қамтамасыз ететін басты көпір. Ал жасанды интеллект адамдар мен заманауи құрылғылар арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге тың серпін береді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллектіні дамыту ісіне баса назар аудару керек екенін айтқан болатын. «Үкімет жасанды интеллектіні дамыту ісіне баса назар аударуға тиіс. Әлемде алдағы бірнеше жылда осы салаға бір триллион доллардан астам…
Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын басты міндеттердің бірі – бала тәрбиесі. Ал осы игілікті істе бойында ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік қасиеті бар, ата-анасын, Отанын құрметтей білетін, ұлттық санасы мен кісілік келбеті қалыптасқан саналы ұрпақ тәрбиелеу – барша педагогтер қауымының төл міндеті. Осындай ұжымның басын біріктіріп, жұмысын жоғары деңгейде атқарып отырған басшылардың бірі – Түлкібас ауданындағы Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры Күлшира Сейдалиева. Ол 1975 жылы 22 қазанда Түлкібас ауданы, Ақбиік ауылында туған. Ленин атындағы орта мектепті бітірген соң, Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы педучилищеге оуға түсіп, үздік дипломмен тәмамдаған жас маман жоғарыда Ә.Молдағұлова атындағы мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып…
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің төрағалығымен 04.09.2023 жылы өткен №28 кеңестің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында барлық білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық орталықтары ашылу туралы Түлкібас ауданының білім бөлімінің №297 бұйрығы шығарылып, әдістемелік нұсқау хат және бағдарламасымен таныстырылды. Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасында 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына педагогикалық қолдау бағдарламасының тақырыптары 1-қосымшаға сәйкес ұсынылған. Орталықтың ашылу мақсаты — ата-аналарға педагогикалық дәрістер беріп, балалармен қарым-қатынаста психологиялық, педагогикалық тұрғыдан бағыт бағдар беру. Бұйрыққа сәйкес мектептің педагог-психологы, әлеуметтік педагогы, қббп, сынып жетекшілері ұсынылған тақырыптар аясында оқыту, кеңес беру, тренингтер өткізеді. Отбасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: ата-ананың балаға назар аударуы, қолдау, позитивті қарым-қатынас, өзара түсіністік, сенімге құрылған…
Шардара аудандық білім беру бөліміне қарасты Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі биылғы оқу жылынан бастап Дарынды балалар мен жұмысты жақсарту, олардың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы дербес білім беру ұйымдарында оқулары үшін кейінгі жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ жанынан «Виртуалды» және «Каникулярлы» мектептер жобасы ашылып, осы жобаға қатысуда. Жоба мақсаты – мектептің 5-6 сынып оқушылары арасынан «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» оқығысы келетін дарынды балаларды аталған мектептерде жинақтап қашықтықтан онлайн режимінде тапсырмалар беру арқылы оқытып, дамыту. Биылғы оқу жылында мектеп әкімшіліктерінің бастамасымен мектепте осындай мақсаттағы құрамында 6 сыныптың 15 оқушысы енгізілген виртуалды топ құрылып, қазан айының 26 — нан бастап…
Сауран ауданының білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және облыстық білім басқарамысының хаттары негізінде мектеп оқушыларының күзгі демалыс күндері мен бос уақытын тиімді өткізу, әрі тұлғалық дамыту мақсатында мектепішілік күзгі каникул, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша іс-шаралар жоспары түзіліп, 30 қазан — 3 қараша аралығында өткізілді. Іс-шара жоспарына: — ғылыми жоба жұмыстары мазмұны туралы ақпараттық-танымдық сабақтар ұйымдастыруда жоғары сынып оқушылары мен ата-аналар бірлесе ЖОО-ның оқытушыларымен кездесу, ғылыми жоба туралы сұхбат жүргізу; — «Ізгілікке қалам тартқан… жас ғұмыр» атты «Балалар кітапханасы» жобасы аясында оқырмандармен кездесу, оқыған кітаптарын талқылау; — «Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында ата-аналар жиналыстарын өткізу, «педагог – бала – ата-ана» үштік…
Келес ауданы №37 Рахымжан Қошқарбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Сәрсенбек Нұрсұлтан Еркінұлы қайың ағаштарының бірнеше түрлеріне сипаттама жасау арқылы лабораториялық жағдайда микроөркендерін арнаулы контейнерлік ыдыстарға бөліп өсіріп, оларды жеке торфты таблеткаларға отырғызды. Жас ғалым “Қайың ағашының пайдасы мен ерекшеліктері шаруашылықта және медицинада қолдану” тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізіп жатыр. Оның мaқcaты қaйың ағаштарының емдік қасиеттері мен ерекшеліктерін зерттеу. Нұрсұлтан өз алдына арнайы міндет те қойған. Ол Корель және Даур қайыңдары декоративті болғандықтан қайыңның бұл түрін сабағынан немесе жапырағынан көбейту арқылы медицинада және адам денсаулығы үшін пайдасын сипаттау болатындығын айтады: — Ақсу, Балдыберек, Төңкеріс, Қасқасу елді мекендерінде өсетін…
Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі – әке. Осы ретте А.Байтұрсынұлы мектеп базасында «Әкелер мектебінің ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі» аясында Сауран ауданына қарасты білім мекемелеріндегі әкелер кеңесінің төрағалары мен тәрбие саласына жауапты орынбасарларының қатысуымен кездесу өтті. «Жас ұрпақ тәрбиесіндегі-бет-бұрыс» тақырыбында өткен кездесуге Түркістан облысы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Раманқұлов…