Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: САЙРАМ: ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ Сайрам ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, 2023-2024 оқу жылында білім беру мекемелерінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті, девиантты мінез-құлықты, құқықбұзушылықты, ерте жүктілікті, зорлық-зомбылықты болдырмау, оның алдын алу мақсатында бірнеше іс-шаралар жоспарланған. Атап айтсақ, психологиялық қызмет бойынша бекітілген мобильдік топ мүшелері ағымдағы жылдың 24-26 қазан күндері білім беру мекемелерінде балалар мен жасөспірімдер арасында орын алған түрлі жағдайлардың себеп-салдарын анықтау, оқушылардың беймазалық жай-күйін төмендету бойынша аудан мектептеріне көмекке барды. Мобильдік топ мүшелері күйзеліске бейім және қобалжу деңгейі жоғары «Тәуекел тобына» жататын балаларға…
Автор: ais_media
Елімізде ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша тұңғыш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада бастау алды. Олимпиадаға республикамыздың ауылдық мектептерінде соңғы екі оқу жылында оқитын барлық 9-11(12) сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиаданың бірінші (бастапқы) кезеңіне ниет білдерген оқушылар http://www.daryn.kz/ сайтында 15 қарашаға дейін тіркелуі тиіс. «Ауыл мектептеріне арналған олимпиада Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтауға және нығайтуға бағытталған. Олимпиадада академиялық…
Бүгін Түркістан қаласындағы «Алатау» медиа орталығында БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Жапонияның білім тәжірибесі: Мұғалімнің сабақты зерттеуі» тақырыбында арнайы брифинг өтті. Спикерлер Облыстық білім беруді дамыту орталығының басшысы Бақытжан Төлембет Нұрмұхаммедұлы, Сайрам ауданы білім бөлімінің әдіскері Гүлнар Нұртанова Бермаханбетқызы. Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының білім сапасын күшейтуде озық тәжірибелерді сараптап енгізу мен облыста салынатын «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасына мазмұн тұрғысынан дайындығын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес жұмыстар жүргізіліп келеді. Осыған орай, І тоқсан үзілісі аралығында облыстың делегациясы Жапония еліне іссапармен барды. Аталған оқыту семинары Жапонияның Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат институтының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Токиодағы Оқу семинарының жұмыс жоспарына сәйкес бірінші күні…
Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде «Қазақстан-түрік жастар көпірі» іс-шарасының ашылуы салтанаты өтті. Бауырлас елдердің жастары бас қосқан жиынға Мәдениет және ақпарат министрлігі, Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігі, Түркия Республикасының, Шымкент қаласының, Түркістан облысының, Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова, белгілі спикерлер және өңіріміздің белсенді жастары қатысты. Алдымен, мәртебелі меймандар ұйымдастырылған көрмені тамашалап, «Конгресс холл» өнерпаздарының орындауындағы күйлерді тыңдады. Басқосуда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев мәртебелі меймандарға алғысын білдіріп, түркі әлемі жастарын біріктіруді көздейтін жобаның маңызына тоқталды. – Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен Түркістанға ерекше мәртебе беру бағытында жұмыстар жүріп…
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде бүгін бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: ЖАПОН МЕМЛЕКЕТІНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА КЕТКЕН ҰСТАЗДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ КЕЛДІ Жапон мемлекетінің білім беру саласындағы Саяси Зерттеулер Ұлттық Институтының қолдауымен «Мұғалім тәжірибесіндегі сабақты зерттеу (Lesson Study)» шетелдік семинары өз жұмысын аяқталды. Іс-сапардың екінші кезеңінде Түркістан облысының педагогтері сабақты зерттеу National Institute for Educational Policy Research (білім беру саласындағы Саяси Зерттеулер Ұлттық Институты) білім беру саласының ғылыми қызметкері, профессор Тошия Чичибудың Lesson Study әдісінің мақсатын, артықшылығын, оны оқу үдерісінде пайдаланудың тиімділігін, сондай-ақ аталған тәсілді кезең-кезеңмен іске асыру бойынша дәріс алды. Yokohama қаласының Tobe бастауыш мектебінің зерттеу сабақтарына қатысты.…
Сарыағаш қаласы, Телемұнара мөлтек ауданында ұлттық жоба аясында құрылысы бастау алған мектеп 900 орындық. Жайлы мектептердің айырмашылығы – олар бірыңғай стандарттар бойынша жобаланады. Яғни, пәндік кабинеттер, компьютерлік сыныптар, зертханалармен мен шеберханалар – бәрі бірыңғай стандарттар негізінде жабдықталады. Бүгінгі таңда мердігер мекеме «ART құрылыс» тарапынан мектеп ғимаратының қазан шұңқырын қазу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан әкімі Арман Абдуллаев жауапты мердігер мекеме басшысына алдағы уақытта да құрылыс жұмыстарының барысын өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді.
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде бүгін бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК СЕМИНАР ӨТТІ «Ауылдық елді мекендердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы А.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған өңірлік семинар өтті. Семинарды Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі ұйымдастырды. Тәжірибе алмасу мақсатындағы бұл шарада ұстаздар оқу процессіндегі жаңалықтармен бөліссе, кітапханашылар балалардың оқуға деген қызығушылын арттыру бағытында тренинг жүргізді. Сонымен қатар, мектеп психологтары балалармен жеке жұмыс жасау жөнінде сөз қозғап, практикалық жұмыстар жасады. Айта кетсек, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 2020 жылдан бастап ауылдық жерлерде білім беру сапасын жақсартуға…
Сауран ауданының білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері арасында математика пәнінен «Алтын тұғыр» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиада мақсаты — бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмытылысын жетілдіру, мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру. Сонымен қатар, мұғалімдердің кәсіби дағдыларын жетілдіру, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерді анықтау, қолдау, ынталандыру және жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жолдарын үйретіп, бағыт — беру. Олимпиаданың аудандық кезеңіне 48 мектептен 82 мұғалім қатысты. Олимпиада тапсырмалары екі бөлімнен тұрады. Берілген уақыт — 60 минут, осы уақыт аралығында әр бөлімдегі тапсырмаларды орындау арқылы қатысушы мұғалім 100 ұпай жинайды. І —…
Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық Қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен аудан мектептері білім алушылары арасында өткен «Менің Отаныма — менің бастамам» атты республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Аталған жобаға қатысушы Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты 8 оқушы мынадай номинациялар бойынша өз жобаларын қорғады. Атап айтсақ: 1. «Жақсылық керуені» номинациясы бойынша Абай ат. МЛ 9 «Ә» cынып оқушысы Жайыкбек Элдана, жетекшісі Рахишева Нурайлым; 2. «Отаным — қасиетті туған жерім» номинациясы бойынша М.Ломоносов МГ 8 «Д» оқушысы Үмірбек Адема Есболатқызы, жетекшісі Колосков Таир Игорьевич; 3. «Мен – Қазақстанның азаматымын» номинациясы бойынша М.Ломоносов МГ 9 «Ғ» cынып…
Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысының күн тәртібінде техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы өзекті мәселелер қаралды. Жалпы облыста – 42 860 студент, оның ішінде 30 мыңнан астам студент мемлекеттік тапсырыс аясында білім алуда. Өңір басшысы білім сапасын көтеру, студенттердің білім алуын қадағалау, білікті оқытушыларды жұмысқа шақыру және түлектерді жұмыспен қамтуда шынайы деректер ұсыну жөнінде тапсырма берді. Сонымен бірге колледж басшыларын ротациялау, білікті мамандармен толықтыру мәселесін назарда ұстауды тапсырды. – Колледждерге оқу гранттарын жариялауда қоғамға керекті мамандықтарға басымдық беріңіздер. Бізге техникалық мамандық иелері, құрылысшылар, ІТ саласы мамандары, инженерлер керек. Қаншама студент оқуды бітіріп жатыр. Білім деңгейі…