Автор: ais_media

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Түркістанға арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстан-Неміс университетінің (die Deutsch-Kasachische Universität) президенті, профессор ғылым докторы Вольрад Роммельпен кездесті. Онда Түркістанда аталған университетті ашу ұсынысы мен алғышарттары талқыланды. -Қасиетті Түркістан қаласына қош келдіңіз! Қазақстан мен Германия арасындағы білім саласы бойынша бітімгершілік пен серіктестің нәтижесінде қол жеткізген жетістіктермен таныспыз. Оның ішінде Қазақстан-Неміс университетінің құрылуы – білім жүйесіне жаңашылдық алып келді. Хабардар боларсыз, Түркістан облысының құрылғанына бес жыл толды. Өңірде 2 милионнан астам тұрғын бар. Орташа есеппен 32 мың түлек мектеп бітірді. Бұл тұрғыда облысымыз республикада бірінші орында. Екі университет жұмыс істейді. Дегенмен жоғары оқу орындарын ашу идеяларын…

Read More

Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Чемпионатында бірінші орын алған Әсия Асылханды жерлестері күтіп алды. Асылхан Әсия Талғатбекқызы — Алматыда өткен шахматтан 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатында жеңіске жетті. Сонымен қатар, Әсия 2024 жылғы қыркүйек айында Италияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Чемпионды Түркістан халықаралық әуежайынан арнайы күтіп алған қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы жеңісімен құттықтады. Қаладағы №15 мектептің 7-сыныбында оқитын Әсия бұған дейін шахматтан Индия елінде өткен Азия чемпионатында күміс жүлдені иеленген. Жаттықтырушысы облыстық Шахмат федерациясының атқарушы директоры — Асхат Майкотов. Сонымен бірге, еліміздің түкпір-түкпірін аралаған «Шахмат керуені» жобасы Түркістанда түйінделмек. Қазақстан шахмат федерациясының бастамасымен қолға алынған жобаның мақсаты…

Read More

Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округінде спорт және өнер кешені пайдалануға берілді. Бұл нысанды Керегетас елді мекенінің тумасы жеке кәсіпкер Талғат Сейтов өз қаражаты есебінен салып берді. «Сейтұлы Үсен» деп аталған спорт кешенінің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров спортқа жанашырлық танытқан кәсіпкерге ризашылығын білдіріп, ауыл жастарын дене шынықтыруға баулып, салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік туғызған азаматтарға аудан әкімінің «Алғыс хаты» мен аудандық мәслихаттың Грамотасын табыс етіп, осы спорт кешенінде жатыққан өрендер арасынан чемпиондар шыға берсін деген тілектерін жеткізді. Сонымен қатар салтанатты шарада әлем чемпиондары Арман Оспанов пен Біржан Жақыпов та құттықтау сөз сөйледі. Спорт…

Read More

Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылында орналасқан «ABK» бокс кешенінде бокстан 2006-2007, 2008-2009 және 2010-2011 жылы туғандар жас санаттары бойынша жастар, жасөспірімдер және кіші жасөспірім қыздар арасында Түркістан облысының чемпионаты мәресіне жетті. Ринг төріндегі бұрымдылар додасына облыстың 15 ауданынан 102 спортшы, үш жас ерекшелігі бойынша, жеңімпаздарды анықтады. Апта бойына өткен жарыста жұдырықты қыздар 21 салмақ дәрежесінде өзара күш сынасты. Бокстан қыздар арасында облыстың аға жаттықтырушысы Серік Абдулланың айтуынша, бұл облыс чемпионатында негізгі құрама жасақталып, ел чемпионатына дайындалмақ. Бокстан қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты Астана қаласында желтоқсанның 9-15 аралығында өтеді деп жоспарланған. Сарыағаш төрінде кіші жасөспірім қыздар арасындағы айқаста 33 келіде Ұлжалғас Төленбайдың бәсі…

Read More

Түркістанда 4 күн бойы түркітілдес мемлекеттердің назарында болған II Түркі универсиадасының жабылу салтанаты өтті. Аталмыш сайысқа Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Мажарстаннан 500-ден астам студент-спортшы қатысты. Жас спортшылар 7 спорт түрінен, атап айтқанда үстел теннисі, шахмат, волейбол, футзал, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі бойынша өзара бәсекеге түсті. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де өткен жабылу салтанаты ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау бейнеролигімен басталды. Министр тілегінде «II Түркі универсиадасы – бауырлас елдердің ынтымағы мен бірлігін, татулығы мен достығын тағы да паш етті. Бұл сайыс спорттық бәсекемен қатар, шынайы достықтың да жарқын үлгісін көрсетті. Түбі бір түркі халқының тарихы мен…

Read More

Түркістан облысы, Келес ауданындағы Б.Момышұлы атындағы №59 жалпы орта мектебінің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқу байқауы» жобасы жүзеге асуда. Алдағы уақытта үздік оқырман оқушыларға спорттық велосипед, планшет және тағы басқа құнды сыйлықтар беріледі. Жобаға жеке кәсіпкерлер – Бекшораев Марат, Құтымов Марат, Ахметов Сапархан сынды ел ағалары демеушілік жасауда. Мектеп директоры Убайдулла Ералиевтің айтуынша, игі жобаға жастар арасында қызығушылар артып келеді екен. – Мектебімізде балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ әдебиетін, ақын-жазушылар шығармаларын терең зерттеуге және жас ұрпақтың бойына кітапсүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында мұндай акция алғаш рет ұйымдасытырылып отыр. Кітап – терең ойлауды үйретіп, есте сақтау қабілетімізді…

Read More

Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округіне қарасты Бақыбек елді мекенінде 300 орындық мектептің құрлысы жүргізіліп жатыр. Ғимараттың бүгінгі таңда қабырғасын қалау жұмыстарының 90 пайызға жуығы аяқталған. Мердігердің айтуынша, алдағы екі аптаның ішінде шатырын жабуға кіріспек. Аталған нысанға аудан басшысы Нұржан Ізтілеуов арнайы барып, құрылыс барысын бақылап, сапалы әрі мерзімінде аяқтау бойынша біршама тапсырма жүктеп, мектепке кірер жолының құжаттарын тез арада рәсімдеуді ауыл әкіміне тапсырды. Содан соң, аудан әкімі жауапты мамандармен бірге, Түлкібас кентінде ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан Б.Момышұлы мектебіне табан тіреп, атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді. Аудандағы алдыңғы қатарлы білім ордаларының қатарына кіретін мектеп 2010 жылы пайдалануға берілген. Мұнда 1200-ден…

Read More

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘН БІРЛЕСТІГІНДЕ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТКІЗІЛДІ Созақ ауданы, «Қарағұр» жалпы білім беретін мектепте білім мазмұны мен оқытудың әдіс-тәсілдерін жаңарту арқылы білім сапасын арттыру, сапалы сабақ беруде тиімді әдіс-тәсілдерді жүйелі қолдана отырып, іс-тәжірибемен бөлісу мақсатында бастауыш сынып пән бірлестігінде «Тиімді әдіс-тәсілдер — сапалы сабақ кепілі» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинарды мектеп директоры Т.Малбағаров ашып, мұғалімдер мен оқушыларға сәттілік тіледі. Бастауыш сынып пән әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Г.Асанова мұғалімдерді мектепішілік семинардың іс-шара жоспарымен таныстырды. Тақырып аясында тренингтер, мұғалімдердің әдістемелік көрмесі, ашық сабақтар, тәжірибе алмасу сәттері, коучингтер өткізілді. Бағдарламаның практикалық…

Read More

Отырар ауданына қарасты Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде ауыл азаматтарының демеушілігімен жаңа спорт алаңы ашылып, пайдалануға берілді. Спорт алаңының ашылу салтанатына аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов пен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов арнайы қатысып, ел игілігі жолында қызмет етіп жүрген жандарға шынайы алғыстарын жеткізді. Аудан басшысы өз сөзінде: «Ауылына қарап азаматын таны»,- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Киелі Отырар ауданының өсіп-өркендеуі, гүлденуі осы ауылдан шыққан ел ағаларының туған жеріне деген ыстық ілтипаты мен адал еңбегінің арқасында деп білемін. Бүгінгі спорттық нысан ауыл жастарының дені сау болып өсуіне, спортпен шұғылдануына, осы ауылдан талай чемпиондардың шығуына себепкер болады деген сенімдемін»,- деді. Салтанатты шарада аудандық мәслихат…

Read More

ҚР ІІМ Ержан Саденовтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов бүгінгі күнді мектептердің қауіпсіздік жүйесін тексерумен бастады. Облыстың бас полицейі №21 М.Пошанов мектебіне барып, білім басқармасының мамандары, мектеп директоры және ұстаздармен тілдесті. Кездесу барысында департамент басшысы білім ошағына орналастырылған «дабыл батырмасын» басып, қызметін бақылады. Дабыл болған кезде полиция нарядының неше уақытта келетінін және қалай әрекет жасайтынын тексерді. Сонымен қатар, аталған оқу орнындағы бейнекамераларды қарап шығып, бекітілген күзет қызметкеріне жүктелген жауапкершіліктерді түсіндірді. Мектептегі қауіпсіздікке толық көз жеткізген соң, генерал оқушыларды Полиция департаментін экскурсиялауға шақырды. Департаменттің қызметкерлері 100 оқушы мен ұстаздарға арнап құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ…

Read More