Отырар ауданында соңғы жылдары ойын алаңшаларының қатары көбеюде. Аймақта бюджет қаражатымен шектеліп қалмай, демеушілерді тарту ісі де жанданып келеді. Жақында ғана ауыл азаматтарының демеушілігімен Шәуілдір ауылындағы Жамбыл жалпы білім беретін мектебі жанынан заманауи ойын алаңы салынып, пайдалануға берілген еді. Бүгінде игі бастама жалғасын тауып жатыр. Соның бірі – Темір ауылындағы «Темір» жалпы білім беретін орта мектебі аумағынан ашылған күрес залын ашу спортты жанына серік еткен ауыл жастарының көптен күткен арманы еді. Осы бір көптің тілеуін аудандық мәслихат депутаты Ардақ Әмзе іске асырып, елдің алғысына бөленді. Ұзақ жылдардан бері бос тұрған бұрынғы оқу ғимараты депутаттың демеушілігімен жөндеуден өтіп, күрес залы ретінде…
Автор: ais_media
«Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ ұйымдастыруымен «Turkistan Travel Fest» шарасы аясында Түркістан облысындағы ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары үшін арнайы тур басталды. Турдың алғашқы күнінде Созақ ауданы, Шолаққорған ауылынан келген балалар Кентау трансформатор зауытында болды. Сонымен бірге «Ұлы дала елі» музейі мен «Farab» кітапханаларын аралайды. Экскурсия барысында оқушыларға өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметі туралы ақпараттар берілуде. Турдың ерекшелігі және мақсаты – оқушылардың болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға көмектесу, техникалық мамандықтарға басымдық беру, өнеркәсіп орындарымен таныстыру. Осы арқылы оқушылар техникалық мамандықтармен танысып, ой түйеді. Балалармен бірге жергілікті БАҚ өкілдері қатысып жатыр. Жоба аясында экскурсияға Түркістан облысындағы 5 ауыл, яғни Шолаққорған, Ораңғай, Шорнақ, Ынталы және…
Келес ауданындағы №4 Ж.Баласағұн атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі химияны кестелеп оқыту әдісімен сабақ береді. Ауыл ұстазы Нұрболат Бекқұлов – химия пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші. – Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында химия пәнін кесте түрінде ықшамдап жасап шықтық. Бұл пәнді оқытудағы қиын тақырыптарды оқушылардың меңгеруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шәкірттердің пәнге қызығушылығын, ізденімпаздығын арттырып, қабілеттерін жетілдіре түседі. Әрі кесте арқылы оқыту — уақытты үнемдеу және оқушыларды үнемі жаттықтыру арқылы жаңа тақырыпты тез игеруге жол ашады. Әдістемелік көмекші құралда тақырыптарды кестелермен бір жүйеге келтірудегі мақсат – оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру, – дейді химия пәнінің мұғалімі. Оқушылары облыстық олимпиадаларда топ жарып жүрген…
Созақ ауданының 95 жылдық мерекесі аясында Созақ ауылында заман талабына сай жабдықталған 1030 орындық спорт алаңы ашылып, ел игілігіне ұсынылды. Спорт нысанының ашылу салтанатында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков барша ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. «Биыл аудан көлемінде спорт саласы бойынша тиісті жұмыстар атқарылды. Бірқатар балалар ойын алаңы мен футбол алаңшалары ашылды. Бүгін, міне, 1030 орынға арналған үлкен футбол алаңы ел игіліне ұсынылып отыр. Аудан жастарының болашаққа деген сенімін нығайтып, бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жобалар әр кез назардан тыс қалмайды», деді аудан басшысы. Аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев пен ауыл қариясы Мұрат Жақсыбаев ізгі тілектерін арнады. Сонымен қатар…
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: САЙРАМ АУДАНЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ Сайрам ауданына қарасты №24 М.Махажанов атындағы жалпы білім беретін мектепте Қазақстанның Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын, осы мектептің тұрақты демеушісі Тыныбек Сатбаевтің 77 жасқа толу мерейтойына арналған дәстүрлі садақ атудан Халықаралық ашық турнир болып өтті. Жарысқа Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен Ұлытау, Түркістан облысынан және Өзбекстан, Қырғыстан, Туркия елдерінен келген мергендер жеке және командалық жарыстарға қатысып, өз мемлекеттерінің намысын қорғады. Сондай-ақ сайыста аталған білім ордасының 7-10, 11-15 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысып, аудан…
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ Шардара ауданының білім бөліміне қарасты Жаушықұм ауылында орналасқан МКҚК «Жауқазын» бөбекжай бақшасында аудандық тәжірибелік семинар өтті. Семинар тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын арқылы оқытуға тарту». Мақсаты: ойын арқылы оқыта отырып ойлау қабілеттерін дамыту үшін шығармашылық қиялын, көркем-эстетикалық талғамды дамыту, тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық құндылықтарға баулу,тәрбиелеу. Аудандық тәжірибелік семинарға аудандық білім бөлімнің мектепке дейінгі ұйым әдіскері Айгуль Жумабекова және МДҰ арасынан құрылған білікті әдістемелік топ және 39 балабақша педагогтары қатысты. АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ҰСЫНЫЛДЫ…
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: СОЗАҚТЫҚ ҰСТАЗ ОБЛЫСТЫҚ ТЕРМЕ БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРДЫ Мақтаарал ауданында Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл және Мақтаарал ауданының 95 жылдығына орай, сонымен қатар «Түркістан мақамдары» терме жинақтарын дамыту мақсатында ақын, термеші Қайыпназар Әйтпеновтың туғанына 123 жыл толуына арналған облыстық “Терме – бойтұмарым” атты термешілер байқауы өтті. Байқауға ҚР Мәдениет саласының үздігі, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров, дәстүрлі әнші, термеші Республикалық конкурстардың лауреаты Халықаралық жыршы, термешілер одағының мүшесі Аязбек Рустамов және ақын, сазгер Бауыржан Кеттебеков төрелік етті. 16 мен 35 жас аралығындағы талантты…
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: САУРАН: 50-ГЕ ЖУЫҚ КІТАП ОҚЫРМАН НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ Сауран ауданы білім бөліміне қарасты мектеп кітапханалары 2023-2024 оқу жылынды жаңа кітаптармен толықты. Баспадан жуырда басылып шыққан 50-ге жуық кітап бүгін оқырман назарына ұсынылды. Жаңа кітаптар арасында әр түрлі жас тобындағы балаларға арналған оқулықтар, 4Д форматтағы ертегілер жинағы бар. Сондай- ақ әлемдік бестселлер саналатын Жоан Роулингтың «Гарри Поттер мен жасырын бөлме» және «Гравити Фолз» сынды көптеген әлемдік әдебиеттердің қазақ тіліндегі аудармалары кітапхана сөресін толықтырды. Айта кету керек, жаңа түскен кітаптардың басым бөлігін психологиялық, мотивациялық жанрдағы шығармалар құрайды. Кітапхана…
N11 «Жолбасшы» жалпы білім беретін мектебінің математика-информатика пәнінің мұғалімі Сулейменов Ерик Токтарұлы шығармашылық ізденіс үстінде жұмыс жүргізуде. Оның «Мектеп оқушылaрын хaлықaрaлық сaлыстырмaлық зерттеулерге (PISA, TIMSS, ICILS) дaйындaудың тиімді жолдaры» тақырыбындағы шығармашылық жұмысы сабақтарда жарқын көрініс табуда. — Мектебіміз өткен оқу жылы PISA халықаралық зерттеуінен өтті. Өкінішке орай математикадан шәкірттеріміз төмен нәтиже көрсетті. Зерттеу нәтижесін әдістемелік бірлестікпен отырып бірге талқыладық. Халықаралық зерттеу жұмыстарында білім алушылардың математикалық сауаттылық жұмыстарына басымдық берілген. Білікті педагог математика сабақтарында білім алушылардың математикалық қабілетін дамытып, өзара қарым-қатынаста коммуникативті құзыреттілік қалыптастыру маңызды,-дейді мектеп мұғалімі. Ол оқушылaрды ғылыми біліммен қaрулaндыруды көздесек, оның жүйелілігі мен сaбaқтaстығы, бірізділігі де ескерілуі міндетті…
Отырар ауданы Темір ауылындағы «Темір» жалпы білім беретін орта мектебі аумағынан күрес залы ашылды. Игі іске аудандық мәслихат депутаты Ардақ Әмзе мұрындық болған. Ұзақ уақыттан бері бос тұрған бұрынғы оқу ғимараты жөндеуден өтіп, күрес залы ретінде пайдалануға беріліп отыр. Күрес залының ашылуына аудан әкімі Сәкен Асылханұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы мен аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Аталған күрес залында 40 бала спортпен шұғылданады. Жеткіншектердің қол жеткізген жетістіктері де аз емес. Мұнан соң Шәуілдір ауылы мен Көкмардан ауылын жалғайтын «Селкілдек көпір» маңында ашық спорт алаңы ашылып, ел игілігіне берілді. Онда балалардан бөлек ересектердің де дене жаттығуларын жасауына жағдай жасалған. Шарада…