Автор: ais_media

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Түркістан облысының білім мекемелеріне министрлікпен қатар білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінен жасақталған жұмыс тобы зерделеу жұмыстарын жүргізіп, оңтүстік өңірдің білім беру ұйымдарымен етене танысты. Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы Джумашев зерделеу тобының мүшелерімен кездесу барысында бірлесе атқарған жұмыстардың нәтижелі болатындығына, саланы дамыту барысына ерекше серпін беретіндігіне сенім білдіріп, істеріне сәттілік тіледі. Қараша айының 13-24 жұлдыздары аралығында қаламыздағы 34 білім беру мекемелерінде болған жұмыс тобы іс құжаттарының жүргізілуі, оқу-тәрбие жұмыстарының белгіленген стандарттарға сай іске асырылуы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қосымша білім беруді дамыту сияқты бірнеше саланы қамтып, зерделеумен қатар әдістемелік көмектерін ұсынды.…

Read More

Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты «А.Байтұрсынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» атты сынып жетекшілер апталығын қорытындылау кеші өтті. Бұл іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алипбекова Сауле апай ұйымдастырды. Мақсаты: сынып жетекшілер апталығын қорытындылау, сынып жетекшілердің педагогикалық тәрбие жұмыстарының деңгейін арттыру мақсатында марапаттау. Іс-шараға барлық пән бірлестік мұғалімдері белсенді қатысты. Ән айтып, ұстаздарға арнау арнап, қызыққа толы іс-шара өткізілді. Атап өтер болсақ, математика пәні мұғалімдері Құлымбетова Динара мен Белхожаева Гүлбахар апайлар «Достар» әні, бастауыш пәні мұғалімі Ағманова Мария апайдың «Ақ сәулем» әні, ағылшын тілі пәні мұғалімі Саухымбаева Гүлдана апайдың «Бақыт…

Read More

Ақ пен қараның, жақсы мен жаманның алмасуымен қатар, ақпарат ағынының тасқындаған ғасырында ұлтты және ұлттық құндылықтарды, жас ұрпақты тәрбиелі де текті азамат ретінде сақтап қалу өте қиын мәселе болып отырғаны белгілі. Шындығында қоғамда болып жатқан келеңсіз жағдайларға, орын алып жатқан орны толмас оқыс оқиғаларға қарап еріксіз болашақты ойлайды екенсің. Осындай ұлттың болашағын, кемел елдің келешегін ойлап «Ел анасы» статусын иеленген, ұлт ардақтысы, тіл жанашыры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті, халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті мен республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының Бас редакторы Мешітбаева Сәуле Мешітбайқызы «Ел аманаты: Ауыл –…

Read More

Түркістанда бизнес және туризм өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан TIF’23 – «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форумында «Білім беруді және адами капиталды дамыту жөнінде» панельдік сессиясы өтті. Онда спикерлер адам капиталын дамыту, білім саласында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану және өзге де мәселелер талқыланды. Келелі кеңеске 12 спикер қатысты. Олар – білім саласына еңбегі сіңген тұлғалар мен бірқатар жоғары оқу орындарының проректорлары. Жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев білім саласына қатысты баяндама жасады. – Бүгінгі халықаралық форумының «Білім беруді және адами капиталды дамыту жөніндегі» панельдік сессиясында талқыланатын мәселелер мен ортаға салынатын пікірлер өңірдегі білім саласының дамуына өзіндік үлесін қосады деп санаймын. Түркістан…

Read More

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарының директордың бейіндік ісі жөніндегі және оқу ісі жұмыстары жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсетілді. Әдістемелік десантты Білім беруді дамыту орталығының «Инновациялық және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының меңгерушісі Жунисова Назым Досжановна, кафедра әдіскерлері Байдарбекова Эльмира Садуовна, Тлеулиев Самат Пернебайұлы жүргізді. Аталған іс-шараны Түлкібас ауданының білім бөлімінің бас маманы Б.Қилыбаев ашып беріп, білім беру жүйесіндегі инновациялық-педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдары, «Білімді ұлт» сапалы білім білім беру» ұлттық жобасын білім беру ұйымдарында іске асыру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту бойынша тоқталып өтті. Бүгінгі өткізілген әдістемелік десанттың мақсаты: Түлкібас ауданы көлемінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының…

Read More

Түркістан облысы білім басқармасында білім беру ұйымдарында бірыңғай ақпараттық есептеу жобасын іске асыру мәселесі, пилоттық жобаның маңыздылығын талқылау жұмыстары жалғасын тапты. Жиынға басқарма басшысының жауапты орынбасары Бауыржан Талғатұлы төрағалық етіп, басқармадағы жауапты мамандар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Әсетұлы мен “Фаворит” бухгалтерлік есеп жүйесінің және “Азия Сервис” ЖШС-і мекемелерінің өкілдері қатысты. “1С” бағдарламасы мен “Фаворит” бухгалтерлік есеп жүйелерінің қолданыста көру жұмыстарын пысықтау үшін білім бөлімі тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Компаниялар тарапынан үйретушілер санының аздығы, жұмысты тежеп отыр дейді мамандар. Есептеу жүйесін ашық режимде қамтамасыз ете алатын бастаманы көру үшін алдағы…

Read More

Демографиялық өсімі жоғары Түркістан облысында мектеп тапшылығы мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Қазіргі таңда облыс бойынша мектеп саны – 1029. Оның ішінде 908-і мемлекеттік болса, 121 жекеменшік мектеп бар. Білім ұяларында 519 904 оқушы білім алуда, оның ішінде жекеменшік мектепте 31 978 оқушы бар. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте жекеменшік мектептер салуға кәсіпкерлерді тарту мәселесі талқыланды. Жиынға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, кәсіпкерлер қатысты. – Түркістан облысы демографиялық өсім бойынша елімізде көш басында. Яғни жаңа мектептерге қажеттілік мәселесі жыл сайын туындауы заңдылық. Еліміз бойынша 2021-2025 жылдар аралығында салынып жатқан мектептердің төрттен бір бөлігі – Түркістан облысына тиесілі.…

Read More

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: «ҮЗДІК ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГІ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ Жуырда Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты №5 «Мақтаарал» мектеп-гимназия базасында «Үздік қосымша білім беру педагогі” байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқау мақсаты: қосымша білім беру педагогтерінің, үйірме жетекшілерінің потенциалды мүмкіндіктерін анықтау, қосымша білім беру процесінде баланың ынтасы мен шабытына жете көңіл бөлу, үйірме жұмысының жандануы мен өркендеуінің маңыздылығын және шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздарды анықтау. Байқаудың I-кезеңінде: қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби қызметіндегі жетістіктерінің жиынтығы қамтылған портфолио тапсырылды. II-кезеңде: байқауға қатысушылар “Мамандығым — мақтанышым” тақырыбында қосымша білім…

Read More

ОТЫРАРДА «ҮЗДІК МҰҒАЛІМ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: ОТЫРАРДА «ҮЗДІК МҰҒАЛІМ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ Жыл сайын дәстүрлі «Үздік мұғалім -2023» байқауы өткізіліп келеді. Байқаудың негізгі мақсаты шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың біліктілігін айқындау,олардың ғылыми-әдістемелік қызметін ынталандыру. Білімді, білікті және белсенді ұстаздарға қолдау көрсету, мұғалімдердің педагогикалық жаңа идеялар мен инновациялық технологияларды ендірудегі мәлімет базасын кеңейту, озат тәжірибелерді насихаттау міндеті болып табылады. Байқау ережесіне сәйкес, бақ сынаған ұстаздарымыз өз білімі мен біліктерін сарапқа салды. Нәтижесінде «Үздік мұғалім-2023» байқауының бас жүлдесіне М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінің…

Read More

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымдарда ағымдағы жылдың қараша айының 20-22 күндер аралығында «Өрлеу» БАҰО Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Хадиша Алиасқарқызымен «Әсел» бөбекжай-бақшасы және «Нурбөбек» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың педагог қызметкерлеріне білім беру бағдарламаларын, әдістемелік материалды оқыту әдістерін іске асыруда, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеуде, білім беру процесін ұйымдастыру мен басқаруда оны психологиялық қолдауда әдістемелік көмек…

Read More