Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРДЕЛЕУ: САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК БОЛДЫ
Аймақ

БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРДЕЛЕУ: САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК БОЛДЫ

24.11.2023
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Түркістан облысының білім мекемелеріне министрлікпен қатар білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінен жасақталған жұмыс тобы зерделеу жұмыстарын жүргізіп, оңтүстік өңірдің білім беру ұйымдарымен етене танысты. Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы Джумашев зерделеу тобының мүшелерімен кездесу барысында бірлесе атқарған жұмыстардың нәтижелі болатындығына, саланы дамыту барысына ерекше серпін беретіндігіне сенім білдіріп, істеріне сәттілік тіледі.
Қараша айының 13-24 жұлдыздары аралығында қаламыздағы 34 білім беру мекемелерінде болған жұмыс тобы іс құжаттарының жүргізілуі, оқу-тәрбие жұмыстарының белгіленген стандарттарға сай іске асырылуы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қосымша білім беруді дамыту сияқты бірнеше саланы қамтып, зерделеумен қатар әдістемелік көмектерін ұсынды. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің департамент басшысы Аман Бақтыбайұлы Сейтов, сарапшы Қалкен Елеукенұлы Жахин, Қарағанды облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Шынар Қуанышқызы Акпарова, Астана қаласы, А.Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының менеджері Райхан Шадырқызы Келбетова және Қ.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің директоры Күлпаш Байзадинқызы Мукашевалар мектеп әкімшіліктерінің жұмыстарына талдау жасап, педагогтардың жұмыстарына оң бағасын берді. Өз кезегінде танысқан жұмыстары бойынша әдістемелік көмектерін ұсынды. Зерделеу барысында Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасова жұмыс тобымен бірге болып, қаладағы мектептермен, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып отырды.
Бүгін мектеп басшыларымен өткен басқосуда зерделеу жұмыстарының қорытындысы баяндалып, педагогтармен еркін пікір алмасты. Облысымызға келген жұмысшы тобының жетекшісі, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Гүлназ Төрәліқызы Сүлейменова сөз алып, жүргізілген жұмыстардың мақсаттары, нормативтік-құқықтық актілердің орындалуы бойынша кеңінен баяндап, іс құжаттарын жүргізуде мұқият болуға шақырды. Өз кезегінде Шынар Қуанышқызы мен Аман Бақтыбайұлы Түркістан қаласында жүргізілген зерделеудің қорытындысымен таныстырып, кемшін тұстарды болдырмау туралы нұсқамалар берді. Ал, басқосуға жиналған мектеп директорлары мен олардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары зерделеу барысында өздеріне мол әдістемелік көмек алғандықтарын, бұл көмектер өз жұмыстарына зор пайдасын тигізетіндіктерін айтып, бірауыздан алғыстарын жеткізді. Сонымен қатар, алдағы уақытта да үнемі байланыста болып, бірлесе жұмыс атқаруға дайын екендіктерін атап өтті.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.