Автор: ais_media

Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығы, «Инновация және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының онкүндік аясындағы қорытындысы Түркістан қаласы, №17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназиясының базасында өтіп жатыр. Бұл онкүндіктің ерекшелігі жаңаша форматта фестиваль ретінде ұйымдастырылды. Фестивальдің мақсаты: Педагогтердің басқарушылық қабілеттерін, әдістемелік, цифрлық және әмбебап құзыреттерін кешенді дамыту, жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгерту, білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдануды үйрету, білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тиімділігін арттыру. Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығы директорының инновация ісі жөніндегі орынбасары Руслан Есболғанұлы ашып берді. Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық орталық» РМКҚ.Біліктілікті арттыру бөлімінің жетекшісі Билибаева Фарида Аманбаевна да…

Read More

Түлкібас ауданы Майтөбе ауылы Ю.Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2023 жылдың 24 қараша күні Түркістан облысы білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығының «Білім беру жүйесіндегі инновациялық-педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі» тақырыбындағы әдістемелік десант ұйымдастырылды. Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарының директорлары мен кәсіби бағдар беруші педагогтарына әдістемелік көмек көрсетті. Әдістемелік десантты Білім беруді дамыту орталығының «Инновациялық және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының меңгерушісі Жунисова Назым Досжанқызы, кафедра әдіскерлері Байдарбекова Эльмира Садуқызы, Тлеулиев Самат Пернебайұлы жүргізді. Аталған іс-шараны Білім беруді дамыту орталығының «Инновациялық және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының меңгерушісі Назым Досжанова ашып беріп, әдістемелік десантқа қатысушыларды десант бағдарламасымен, жұмыс жоспарымен, негізгі…

Read More

Түркістан қаласы М.Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебінің 4 «а» сынып оқушысы Қасымхан Мухаммедәли Тәуелсіздік күні қарсаңында Астана қаласында өтетін «Тәуелсіздік дарыны» атты Республикалық дарынды оқушылар байқауының 2-ші кезеңіне жолдама алды. Мухаммедәли түрлі тақырыптың ішінде «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген тақырыпты таңдап, ұстазына арнап эссе жазған. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ағарту майданында еңбегі сіңген өмірлік ұстаздарға біз де алғыс білдіре отырып, шәкіртінің ұстазына деген жүрекжарды ойларын газет бетіне беруді жөн көрдік. Байқаудағы көп тақырыптарды көріп жатып, мен бірден ұстаз туралы тақырыпты таңдадым. Өйткені мен өзімнің апайым туралы жазғым келді. Себебі біз биыл бастауыш сыныпты бітіріп,…

Read More

Ер ертеңінің қандай болмағы бүгінгі жастардың алған тәрбиесі мен біліміне байланысты десек, оқушылардың зейінін ашып, белгілі бір мамандық иесі болып шығуына жастайынан жол көрсетудің маңызы зор. Сабақтан тыс өткізілетін мұндай семинарлар оқушылардың өз қабілетін танытып қана қоймай, танымдық білімін де жетілдіре түседі. Осындай берері мол іс-шараның бірі таяуда Жетісай ауданындағы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Әлия Молдағұлова атындағы №34 мектепте өткізілді. Жастардың мамандық таңдауға деген жауапкершілік қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын таныстыра отырып, келешекте өз мамандығын дұрыс таңдау мақсатында өткізілген іс-шараға аудандағы жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушылары мен білікті ұстаздары қатысты. Сондай-ақ,…

Read More

Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхызының бастамасымен МДББ «Қамар апа» балабақшасы жеке мекемесінде өткен қалалық тәжірибелік семинар жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіруге арналды. «Мектепке дейінгі ұйымда заттық дамытушы ортаны ұлттық құндылықтар негізінде қолдану арқылы балалардың қабілеттерін дамыту» тақырыбын арқау еткен семинар балаларды қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін таныстыра отырып, патриоттық сезімге баулу арқылы дидактикалық, логикалық ойындар түрінде танымдық, шығармашылық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Аталған семинарда Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы, бөлімнің әдіскері Айгерім Оңлабекқызы және қаламыздағы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары «Қамар апа» балабақшасы ұжымының жұмыстарымен танысты. Өз кезегінде тәрбиешілер В.Абдужалилова, Д.Сунақбаева, С.Бертаева, С.Макашева және Д.Ергешова, сонымен…

Read More

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты Жетісай аудандық білім бөлімінің жалпы білім беру мекемелерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: Жетісай ауданының білім бөлімінің Ә.Молдағұлова атындағы №34 жалпы білім беретін мектебінде қарашаның 24-і күні ұлағатты ұстаз, білім саласының үздігі Касанова Роза Нұржаханқызының зейнетке шығу құрметіне орай «Ұлағатты ұстазға құрмет!» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Ұстаздық қызметін қалытқысыз атқарып, ерен еңбегімен таныла білген әріптестің өмір жорлымен танысудан бастау алған кеш ұжымдастардың ізгі тілектері мен оқушылардың концерттік қойылымдарына ұласты. Кеш барысында мектеп директоры Татибаев Тұңғат Серікұлы мен мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Оралбаев Құламан Орынбасарұлы мерейтой иесін мектеп ұжымы мен аудандық білім бөлімі және…

Read More

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде бүгін бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: ШАРДАРАЛЫҚ ЖОМАРТ ЖҮРЕКТІ КӘСІПКЕР Шардаралық кәсіпкер Данияр Омаров отбасының атынан 20 мектептің асханасына қажетті керек жарақтарды тарту етті. Атап айтқанда, ауыл мектептерінің сұранысына қарай тоңазытқыш, аристон, желдеткіш, қол жууға арналған қазандықтар мен басқа да көптеген мектеп асханасына қажетті жабдықтар үлестірілді. Бүгін таңда Шардара ауданы бойынша бастауыш сыныпта оқитын 8181 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр. Бұдан бөлек, кәсіпкер жыл сайын тамыз айында өтетін «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған 1500 балаға мектепке қажетті заттар алып берген. 20 мектепке тарту етілген заттарды тапсыру үшін өткізілген жиында аудандық…

Read More

Мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибесіне мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы озат тәжірибені тарату және енгізу мақсатында Созақ ауданы, «Таукент гүлдері» бөбекжай-бақшасында «Бақбақгүл», «Жасмин» мектепалды топтарында 2022 жылғы қазан-қараша-желтоқсан айларында “Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күні бойында екі педагог” пилоттық жобасымен жұмыс жасаған болатын. Пилоттық жобаның қорытындысы ретінде «Таукент гүлдері» бөбекжай-бақшасында мектепке дейінгі ұйымда балаларды ынталандыру, сенімділік, тәуелсіздік , физикалық жайлылық дағдыларын игерту, жоғары әлеуметтік қарым-қатынас пен құрмет қасиеттерін дамыту мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымда пилоттық жобаны іске асырудағы педагог-бала-ата-ана деңгейіндегі тиімді тәжірибелер» тақырыбындағы облыстық семинар өтті. Семинарға облыстық білім беруді дамыту орталығының «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының меңерушісі Г.Кульбаева, мектепке…

Read More

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барды. Білім мекемелерінің қауіпсіздігін бақылап, қысқы маусымға дайындығын пысықтады. Алдымен Сайрамдағы «Айнабұлақ» жалпы орта мектебінің жағдайын көрді. 1991 жылы пайдалануға берілген 1 қабатты білім ордасында 600ден астам бала оқиды. Мектеп қатты отынмен жылынады. Алайда көмірдің қоршаусыз, сыртқа жатқанын көрген Ғалымжан Сұлтанбекұлы мектеп директорына шатыры бар, жаңбыр қардан қорғалатын таса жерге ауыстыруды тапсырды. Мектептің ішіндегі орындықтардың тозығы жеткен, оларды жаңартып, балалардың таза, ыңғайлы жерде білім алуын қамтамасыз етіңдер деді басқарма басшысы. Асханасының іші тар. 267 бала бірнеше легпен бір реттік ыстық тамақ ішеді. Келесі 9 жыл бұрын қолданысқа берілген №67…

Read More

Облыстың бас ұстазы Ғалымжан Сұлтанбекұлы аудандарға сапарын Түлкібаста жалғастырды. Дауан атындағы жалпы білім беретін мектепке келіп, қауіпсіздік жүйелерін тексерді. Білім ұясында 11 ішкі, 5 сыртқы бейнебақылау камерасы бар. Арнайы күзет қызметі бәрін қадағалап, мектепке келгендерді бақылап отырады. Дабыл батырмасы да тексерістен өткен. Қоршауы талапқа сай. Басқарма басшысы осы тұста қоршауды орнатқан мердігердің ұтқырлығын атап өтті. Олар қоршаудың тірек темірлердің төбесіне арнайы қақпа қойған. Бұл жаңбыр суының ішке кіріп, қоршаудың ерте қирамауынан құтқарады. Әрі ішіне қоқыс та толмайды. Мектеп газбен жылытылады. 1978 жылы пайдалануға берілген білім ордасына 10 жыл бұрын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мектеп 150 балаға шақталғанымен 2 ауысымда 300-ден…

Read More