Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ҒАЛЫМЖАН СҰЛТАНБЕКҰЛЫ ТҮЛКІБАСТА
Аймақ

ҒАЛЫМЖАН СҰЛТАНБЕКҰЛЫ ТҮЛКІБАСТА

24.11.2023
Облыстың бас ұстазы Ғалымжан Сұлтанбекұлы аудандарға сапарын Түлкібаста жалғастырды. Дауан атындағы жалпы білім беретін мектепке келіп, қауіпсіздік жүйелерін тексерді. Білім ұясында 11 ішкі, 5 сыртқы бейнебақылау камерасы бар. Арнайы күзет қызметі бәрін қадағалап, мектепке келгендерді бақылап отырады. Дабыл батырмасы да тексерістен өткен. Қоршауы талапқа сай. Басқарма басшысы осы тұста қоршауды орнатқан мердігердің ұтқырлығын атап өтті. Олар қоршаудың тірек темірлердің төбесіне арнайы қақпа қойған. Бұл жаңбыр суының ішке кіріп, қоршаудың ерте қирамауынан құтқарады. Әрі ішіне қоқыс та толмайды. Мектеп газбен жылытылады. 1978 жылы пайдалануға берілген білім ордасына 10 жыл бұрын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мектеп 150 балаға шақталғанымен 2 ауысымда 300-ден астам бала білім алады. Алайда, қосымша ғимаратты қажет етеді.
Бұл мектептен шығып, Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепке келді. 2010 жылы қолданысқа берілген білім ұясына күрделі жөндеу керек. Басқарма басшысы келесі жылы өтініш беріп, жауаптыларға қолға алуды тапсырды. 1200-ден астам білім алатын білім ордасы газбен жылытылады. 3 дабыл батырмасы мен арнайы мамандандырылған күзеті бар. 4 блоктан тұратын үлкен мектепте 24 бейнебақылау камерасы іске қосылған.
Келесі Сабыр Рахымов атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұнда білім алатын 200 оқушының 79 бір реттік ыстық тамақ ішеді. Асханасының хәлі жақсы, ас мәзірі ілулі тұр. Балалардың денсаулығына зиян келтіретін заттар сатылмайды. Ішкі әжетхана және санитарлық тораптармен қамтамасыз етілген.
Басқарма басшысы тек білім ордасын ғана емес, балабақша жұмыстарын қадағалау күн тәртібінен түспейді дейді. Осы негізде Түлкібастағы Састөбе ауылында орналасқан “Қарлығаш” бөбекжай бақшасының жұмысымен танысты. 12 топтан тұратын балабақшада 299 бала тәрбиеленеді. 1972 жылы салынған ғимаратта бірқатар мәселе бар дейді басқарма басшысы. Бірінші кезекте ағымдағы жөндеуден бөлек, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі керек. Аудан тарапынан балабақшаның ішкі ауыз су, жарықтандыру, санитарлы тораптарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау үшін ЖСҚ дайындалған. Ендігі кезекте басқармаға қосымша ұсыныс берілу керектігін айтты. Балабақша асханасындағы жылыту пеші ескірген. Мәселені назарға алған басқарма басшысы басқа аудандандарда “Е-асхана” пайдаланылып жатқан асханалардан пешті жеткізу керектігін айтты. Осылайша, мемлекет қаржысы да үнемделеді. Кей аудандарда жағдайы жақсы, бірақ көгілдір отынға көшкеніне орай жаңартылған пештері бар мекемелерден жұмылдырылатын айтты. Сондай-ақ, жақсы жағдайдағы жиһаздарды жеткізу жағын қолға алуды тапсырды.
Басқарма басшысының Түлкібас ауданындағы сапары барысында Алма Оразбаева атындағы мектепке келді. 2005 жылы қолданысқа берілген білім ұясы осы жылы күрделі жөндеуден өткен. Газбен жылытылатын мектепте қауіпсіздік жағының барлығы қарастырылған. Ерекше атап өтетін жайт — мектептің қоршауы. Бином мектептерінің қоршауы секілді сапалы қоршауы бар. Қоршауды ерекше етіп жасау — мердігер компанияның шешімі екен. Мердігер мекеменің салғырттығын сынға алып жүрген басқарма басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы бұл жолы мердігердің жұмысын жоғары бағалады. Күрделі жөндеу жүргізген компанияның бұл қадамына риза болды. Бұдан бөлек қоқыс тастайтын арнайы жәшіктерге жабық жаппа орналастырып берген. Экологиялық тазалықты сақтайтын қоқыс контейнері де сапалы. Осындай ыждақатылықпен жауапкершілік танытатын мердігерлерді басқа да білім мекемелеріне тарту керек дейді басқарма басшысы.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.