Автор: ais_media

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде бүгін бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕМЕН БӨЛІСТІ Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды білім сапасын күшейтуде озық тәжірибелерді сараптап енгізу мен облыста салынатын «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасына мазмұн тұрғысынан дайындығын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы ретте Түркістан облысының делегациясы Жапония еліне іссапармен барды. Осы сапарға Сайрам ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Нұртанова Гульнар Бермаханбетқызы қатысып, тәжірибе алмасып қайтты. Сайрам ауданында Токио сапарындағы іс-тәжірибемен бөлісуді мақсат тұтқан алқалы жиын өтті. Жиынға Сайрам ауданы білім бөлімі басшысы Г.Тынымбаева және аудандағы мектеп директорлары қатысты. Таныстырылым барысында мектеп директорлары күншығыс елінің…

Read More

Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің ұйымдастыруымен 14-17 қазан күндері аралығында «Ұлы Тұран ұрпақтары» атты туристік жарыс өтті. Жарыс мақсаты: • Балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау; • Ізгі ниетті, ашық және көп мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу; • Балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші Отанын зерттеуге тарту; • Тәжірибелік және зерттеу қызметіне қызығушылық танытушы білім алушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету; • Білім алушылармен туристік-өлкетану жұмысының дәстүрлі формаларын сақтау және жетілдіру, инновациялық формалары мен әдістерін дәріптеу; • Балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша…

Read More

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде бүгін бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: «ТҰРАН СКАУТТАРЫ ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ» ЖИЫНЫ ӨТТІ Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің ұйымдастыруымен 26-29 қазан күндері аралығында Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалындағы туристік лагерде «Тұран скауттары әскери патриоттық қозғалысы» жиыны өткізілді. Жиын мақсаты: Оқушылардың туристік ептіліктері мен шеберліктерін арттыру; Топтар арасынан үздік туристік топтарды анықтау; Құтқару жұмыстарын үйрету; Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету. Жиынға «Облыстық жас туристер станциясы» КММ және қарасты қала, аудандық бөлімдерден 110 оқушы қатыстырылды. Жиын «Техникалық жұмыс», «Кедергілер жолағы», Туристік түйіндер», «Топографиялық белгілер» кезеңдерінен…

Read More

17 қараша – Студенттер күніне орай Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына қарасты Облыстық жастар ресурстық орталығы табиғат аясында бірқатар шара ұйымдастырды. Бөлім басшысы Ақтөре Мейіржанұлы шараның басы-қасында болып, студент жастарды мерекемен құттықтады. Қазіргі таңда облыс көлемінде сенбілік жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Алдымен аудан, қалалық жастар ресурстық орталығының басшылары және орта арнаулы оқу орындарының студент көшбасшы жастарының қатысуымен «Туған өлкенің табиғатын таза ұстайық!» атты тақырыпта сенбілік өтті. Қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен шараға 100-ге жуық жас қатысып, айналаны қоқыстан тазартты. Сенбіліктен соң қызметкерлер, жастар ортасында берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру мақсатында «Қызықты көңіл,…

Read More

Келес ауданындағы №13 Т.Бигелдинов атындағы жалпы білім беретін мектептегі химия пәнінің мұғалімі Рахымжан Исмайлов 23 жылдан бері балаларды химия пәнінен оқытып келеді. Соңғы 10 жылдың өзінде 4000-ға жуық шәкірттері грант иегері атанды. Білікті педагог қосымша білім беру орталығында да сабақ береді. Оны көршілес аудандардан іздеп келетін оқушылар да бар. Айта кету керек, білікті педагог дайындаған оқушылардың көпшілігі Алматы қаласындағы С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қарағанды қаласындағы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы сияқты жоғары оқу орындарында білім алған. Сондай-ақ Рахымжан Эргешовичтің шәкірттері аудан, облыс, республика көлеміндегі жарыстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары. Атап айтқанда 9-сынып оқушысы Жанат…

Read More

Жастардың танымдық қабілетін арттырып, білім деңгейлерін көтеру мақсатында Сауран аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Білім бәйге» сайысы өтті. Интеллектуалды сайыстың салтанатты аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қатысты. Сайыс 4 кезең бойынша өтті. Қатысушылар салт-дәстүр, өнер және жалпылама сұрақтар бойынша сынға түсті. Облыстық деңгейде өткізілген білім жарысына Түркістан облысының аудан-қалаларынан 22 құрама қатысты. Әр кезең бойынша жауап беруге 1 минут уақыт берілді. Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша 3 орынды — Сауран ауданының «Жібек жолы» командасы иеленді. Ал, 2 орынға — Түркістан қаласының «The best leaders» командасы тұрақтады. 1 орынды Арыс қаласының «Арыс арулары» командасы жеңіп алды. Барлық командаларға аудан әкімі атынан арнайы…

Read More

Келес ауданында жаңа білім ошағын ашу мәселесі тұрғындармен кездесулерде көтерілді. Бүгінде ауданда бірқатар елді мекенде түйткілді мәселелерді шешу бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бірі – Бесқұбыр елді мекеніндегі №25 С.Сейфуллин жалпы орта мектебінің қосымша 300 орындық мектеп ғимараты салынып, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар Бәйтерек елді мекеніндегі Жеңіс және М.Алтыбаев көшелерінің орта жөндеу жұмыстары «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында тас шағал төселіп, орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңақоныс елді мекенінің ішкі көшелеріне, Қарабура елді мекенін Б.Момышұлы көшесіне орта жөндеу және Мақташы елді мекеніндегі И.Есенберлин көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Биыл Қарабура елді мекені табиғи газға қол…

Read More

Елордада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының соңғы кезеңі өз мәресіне жетті. Аталған жоба өскелең ұрпақты, оның ішінде этнос өкілдерінің жас жеткіншектері арасында қазақстандық бірегейлікті мемлекеттік тілді меңгеруге ынталандыру арқылы дамытуға бағытталған. Салтанатты іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ.Ысқақов, ҚР Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері мен «Мың бала» жобасының өңірлердегі жеңімпаздары қатысты. Солардың қатарында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Ербас Өтегенов бастап барған өңірдің жас таланттары да бақ сынап, өнер көрсетті. ҚР Мәдениет және…

Read More

Түркістан облысында жүрегі жомарт азаматтар тарапынан жергілікті тұрғындарға әрқашан қолдау көрсетіліп тұрады. Солардың бірі – шардаралық кәсіпкер Данияр Омаров. Ол отбасы атынан аудандағы 20 мектептің асханасына қажетті жабдықтарды тарту етті. Атап айтқанда, кәсіпкер ауыл мектептерінің сұранысына қарай, тоңазтқыш, су жылытқыш, желдеткіш, қол жууға арналған қазандықтар және басқа бірқатар мектеп асханасына қажетті жабдықтарды үлестірілді. Бұдан бөлек, кәсіпкер «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған 1500 балаға мектепке қажетті заттарды алып берген. Бүгін білім ұяларына заттарды тапсыру үшін жиналған басқосуда Шардара аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Нұсқабаева бүкіл мектеп ұжымының атынан демеушіге алғыс білдіріп, жұмысына табыс тіледі. Данияр Омаров алдағы уақытта…

Read More

Төлеби ауданы, Көксәйек елді мекенінде спорт кешені салынуда. Құны – 836 млн. теңгені құрайтын спорт кешенінің аяқталу мерзімі 2024 жыл. Мердігер мекеме – «Корпорация Алем Құрылыс» ЖШС. Бұдан басқа «Жайлы мектеп» жобасы аясында аудан аумағында Көксәйек елді мекенінде 600 орындықты, Қосағаш елді мекенінде 300 орындықты, Киелітас елді мекенінде 900 орындықты білім ошақтары бой көтеруде. Облыстық бюджет есебінен Тағайна елді мекеніндегі 200 орындық орта мектебінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Көксәйек және Қосағаш, Тағайна елді мекендеріндегі мектеп құрылысымен танысқан аудан әкімі бұл нысанның сапасы мен қолданылып жатқан құрылыс материалдарына баса назар аудару қажеттігін жүктеді. Көксәйек елді мекеніндегі білім ошағының құрылысын мердігер мекеме «Жаңа…

Read More