Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ОБЛЫС ЖАСТАРЫ СТУДЕНТТЕР КҮНІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТКІЗІП, ТИМБИЛДИНГ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Аймақ

ОБЛЫС ЖАСТАРЫ СТУДЕНТТЕР КҮНІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТКІЗІП, ТИМБИЛДИНГ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

24.11.2023
17 қараша – Студенттер күніне орай Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына қарасты Облыстық жастар ресурстық орталығы табиғат аясында бірқатар шара ұйымдастырды. Бөлім басшысы Ақтөре Мейіржанұлы шараның басы-қасында болып, студент жастарды мерекемен құттықтады.
Қазіргі таңда облыс көлемінде сенбілік жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Алдымен аудан, қалалық жастар ресурстық орталығының басшылары және орта арнаулы оқу орындарының студент көшбасшы жастарының қатысуымен «Туған өлкенің табиғатын таза ұстайық!» атты тақырыпта сенбілік өтті. Қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен шараға 100-ге жуық жас қатысып, айналаны қоқыстан тазартты.
Сенбіліктен соң қызметкерлер, жастар ортасында берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру мақсатында «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты тақырыпта тимбилдинг өтті. Қатысушылар екі топқа бөлініп, өзара сынға түсті. Шыдамдылығы мен алғырлығын, жылдамдығын сарапқа салатын ойындар ойнатылды. Барлығы 5 кезеңнен тұратын ойын жастар үшін қызықты әрі тартысты болды. Команда мүшелерінің бір-бірін қолдауы және түсіністік танытуы алға ұмтылуға себепші болды.
Тимбилдинг — ұйымшыл ұжым қалыптастыруға, команданың әрбір мүшесі өз орнын табуға және қабілетті барынша дамытуға жағдай жасайтын қазіргі заманғы тәсілдердің бір түрі. Тимбилдингтің барлық түрі еркін, бейресми қарым-қатынас жасауды, командада жұмыс істеуді үйретеді және корпоративтік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.