Астанада кәсіби шеберлікті шыңдайтын VIII «WorldSkills Kazakhstan-2023» республикалық чемпионаты өтті. Байқауға еліміздің әр өңірінен 22 жасқа дейінгі 500-ден астам студент және мықты сарапшылар қатысты. Еліміздің әр өңірінен келген азаматтар 29 құзыреттілік бойынша бақ сынасты. Үш күнге жалғасқан жарыс қорытындысымен Түркістан облысының студенттері 2 алтын, 3 күміс, 1 қола және 9 ерекше медальонды қанжылады. Атап айтсақ, «Бастауыш білім беру» құзыреттілігі бойынша Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің студенті Жексенбек Балнұр, «Плитка жапсыру» бойынша Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің студенті Розакулов Бекзад үздік деп танылып, І орыннан көрінді. «Мобильді робототехника» бойынша «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің студенттері Сейдулла Нұр мен Тұрсынхан Қанат, «Сырлау…
Автор: ais_media
Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Ю.Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында химия және биология пәндерінен «Білім берудің белсенді формалары» тақырыбында аудандық дөңгелек үстел өткізілді. Қатысушылар аудандық білім бөлімінің химия-биология әдіскері Жұлдыз Аманжол, ауданның білім бөліміне қарасты химия және биология пәнінің мұғалімдері, әсіресе дөңгелек үстелге жас мамандардың қатысуы қатаң қадағаланды. Дөңгелек үстел спикерлері Абай мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Сәния Мұсабекова, Ә.Науаи атындағы жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі педагог-зерттеуші Мухабат Жалтаева, Ю.Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі педагог-сарапшы Севда Шимшилова, химия пәні мұғалімі педагог-сарапшы Балжан Ахаева, И.Рыбалко атындағы жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі…
Баршамызға белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасы еліміз бойынша сәтті іске асуда. Осы орайда айта кеткен жөн, Президентіміз сайлауалды бағдарламасында елдегі білім саласына ерекше назар аударды. Білім беру саласы бойынша қалада 38 мектеп, 2 колледж, 1 балалар үйі, 57 мектепке дейінгі, 2 қосымша білім беру ұйымдары бар. Мемлекеттік тапсырыс аясында мектепке дейінгі ұйымдарда 6 мыңға жуық бала қамтылған. Биылғы жылы Арыс қаласында білім саласы бойынша оң өзгерістер орын алуда. Яғни бастауыш 1-4 сынып оқушылар (6879 бала) толық ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қаламызда «Жайлы…
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты Мақтаарал аудандық білім бөлімінің жалпы білім беру мекемелерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ЗАТТЫҚ ДАМЫТУШЫ – ОРТАНЫ ҚҰРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты №8 «Үлгілі» бөбекжай-балабақшасының базасында шығармашыл педагогтардың іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің жаңа тәсілдері» тақырыбында тәжірибелік семинар болып өтті. Іс-шара барысында мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, заттық –кеңістіктік дамытушы ортаның тиімділігін, қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету арқылы қолжетімді пәндік –кеңістік даму ортасы ұйымдастырылып, көңілді би «Флешмоб» пен басталды. Балабақшада 3 топта заттық –дамытушы ортаның балаларға қолайлы, олардың үйлесімді дамуына әсері тақырыптарына…
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты Мақтаарал аудандық білім бөлімінің жалпы білім беру мекемелерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: ЛОГОПЕД-ДЕФЕКТОЛОГ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, С.Рахымов атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында білім беру ұйымдарының логопед-дефектологтары мен мектепке дейінгі ұйымның қызметкерлеріне арналған «Ерте жастағы аутизмі бар балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері» тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинарға Түркістан облысы Білім Басқармасының «Білім беруді дамыту ортылығының» Мектепке дейінгі оқыту мен бастауыш сыныптар бойынша кафедра меңгерушісі Г.Кульбаева мен инклюзивті білім беру бойынша әдіскері М.Мусабаева қатысып, инклюзивті білім беруді ең алдымен мектепке дейінгі ұйымдардан бастау…
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты Мақтаарал аудандық білім бөлімінің жалпы білім беру мекемелерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІМЕН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдіскері Б.Еркинова география пәні мұғалімдерімен «География пәніндегі функционалдық сауаттылықты арттырудың тиімді тәсілдері» тақырыбында Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің базасында семинар өткізді. Семинардың мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын тереңінен дамыту, алған білімдерін сыныпта, сыныптан тыс және өмірде қолдануына дағдыландыру. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына…
Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымдарда «Өрлеу» БАҰО Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Қалиева Хадиша Алиасқарқызымен «Әсел» б/б және «Нурбөбек» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың педагог қызметкерлеріне білім беру бағдарламаларын, әдістемелік материалды оқыту әдістерін іске асыруда, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеуде, білім беру процесін ұйымдастыру мен басқаруда оны психологиялық қолдауда әдістемелік көмек көрсетілді. Бұл іс — шара балабақшада жүргізілетін сан – салалы жұмыстар білім сапасының өсуіне және де тәрбиешілердің шыңдалуына ықпалын тигізді. Педагогтарды жаңа заман талабына сай жолдармен оқытуға бағытталған…
Ұрпағымыз білімді, болашағымыз жарқын болуы үшін жас ұрпаққа аса пайдалы білім, саналы тәрбие беру – бүгінгі күннің басты талабы. Оқушы жетістігі әрқашан ұстазын қуанышқа, шаттыққа бөлейді. Осындай талапты, зерек, алғыр оқушы — Инкар Дінмұхаммед Нұрғалиұлы! Ол Мақтаарал ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы №26 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы. Дінмұхаммед өнер мен білімді ұштастырып жүрген, ізденімпаз, еңбекқор оқушы. Ойы ұшқыр жас дарын Дінмұхаммедтің «Жұмбақ сақтау кітабына енген «Зузу мен Куку» ертегісін Шериф Иылмаз түрік тіліне аударды және Түркиядағы «FERFİR» басылымынан жеке кітапша болып 1000 дана шығарылды. 2023 жылдың 28 қазан — 5 қараша аралығында Элазыгта өтетін кітап жәрмеңкесіне (қол қою шарасына) мектеп…
Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 24 қараша күні Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты С.Рахымов атындағы №4 жалпы білім беретін мектептің базасында «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың құқықтарын қорғау және педагогикалық-психологиялық қолдау» тақырыбында аймақтық тәжірибелік семинар болып өтті. Семинарға Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының «Тәрбие және әлеуметтік психология» кафедрасының әдіскері Г.Алимбекова қатысты. Тәжірибелік семинардың мақсаты: әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың құқықтарын қорғау мен психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша құқықтық сауаттылығына қатысты тәжірибе алмасу. Семинарға Шардара, Жетісай, Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептерінің, техникалық және кәсіптік…
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: ТҮЛКІБАСТА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім саласындағы басты міндет — әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау. Осы орайда Түркістан облысы білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығының» жылдық жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 13 қараша күні Түлкібас ауданының Ә.Молдағұлова атындағы ЖББМ базасында облыстың ағылшын тілі пәні педагогтері тәжірибе алмасу шеңберінде бас қосты. «Ағылшын тілі пәнінен тапсырмаларды құрастыру, қолдану және талдау» тақырыбында өткізілген…