Автор: ais_media

Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты мектеп оқушылары арасында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты инновациялық идеялар байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: Білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру. Нәтижесінде; Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру шарты бойынша І орын №73 ЖББМ оқушысы Қалдан Қалжігіт; ІІ орын №6 Б.Момышұлы атындағы МГ оқушысы Зульфыхар Нурислам; ІІІ орын №40 Ынтымақ атындағы ЖББМ оқушысы Шергозы Еркебұлан. Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру шарты бойынша І орын №57 Сарыарқа атындағы ЖББМ оқушысы Тилеукабыл Нұрдәулет; ІІ орын №70 ЖББМ оқушысы Кұдайқұл Әнуар; ІІІ…

Read More

2023 жылдың 30 қарашасы мен 1 желтоқсан күндері ҚР БҒМ 2016 жылғы 28 қаңтардағы нөмірі 95 бұйрығының 4-тарауына сәйкес, «Өрлеу» БАҰО-ның оқытушылары пәндер бойынша Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтерге курстан кейінгі қолдау жұмыстарын жүргізілуде. Аудан педагогтеріне курста алған кәсіби құзыреттерін оқу процесінде қолданудағы әрекеттеріне зерттеу жүргізіп, рефлексиялық қызметтеріне әдістемелік, консультациялық көмек көрсетті. Консультациялық көмек көрсету барысында М.Ломоносов ат.МГ, Абай ат.МЛ, А.Пушкин ат.АТМЛ, » Жанкент» ЖББМ, «Майлыкент» ЖББМ , С.Сейфуллин ат.ЖББМ ұйымдарының пән педагогтеріне тренерлер бақылау жүргізу нәтижесінде тәжірибені дамытудың басым бағыттарын анықтап, жұмыс мазмұны мен әдістерін қолдануда оқушылардың белсенділіктерін арттырудағы педагог…

Read More

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты И.Рыбалко атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы», «Ұрпаққа аманат» жобалары аясында ата — бабаларымыздың салт — дәстүрін, әдет — ғұрпын жастардың санасына сіңіре отырып, жүректерінің төрінен орын алдыру мақсатында «Ата — баба дәстүрі — тәрбиенің бастауы» тақырыбында байқау өткізілді. Бірінші кезекте ата – бабамыздың ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын , екінші кезекте шешендік өнерде қазақ халқының би-шешендерінің өсиет сөздерін ,өресі биік қасиеттерін толыққанды көрініс арқылы көрсету. Іс-шара барысында тәлімдік – тәрбиесі мол құнды дүниелерімізді сахнада көріп , қазақ халқының қаншалықты ұлылығы мен даналығына тағы да тәнті болып , ұлы халықтың ұрпағы…

Read More

Созақ ауданында «Сен үздіксің!» мектеп президенттерінің аудандық форумы өтті. А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылған байқауға аудан мектептерінен Мектеп президенттері қатысты. Білім беру ұйымдарында мектеп президенттерінің мәртебесін арттыру, Мектеп президентінің бастамаларын қолдау және ынталандыру мақсатында өткен шарада ұстаз бен оқушы арасындағы байланысты жақсарту, үздік идеяларын тәжірибеде іске асырушы мектеп президенттерін анықтау, оларды қолдау және мадақтау міндеті қойылды. Сайыстың алғашқы кезеңінде оқушылар өзін-өзі таныстырды, екінші бөлімде «Мектеп президенті қандай болуы керек?» номинациясы тақырыбында видеопрезентация қорғады. Ал, үшінші бөлімде «Үздік бастама, үздік жобалар» номинациясының тақырыбына сай шығармашылық үздік бастама, жобалар көрсетті. ​ Қазылар алқасы оқушылардың жалпы және кәсіби эрудициясын, ​ сауатты,…

Read More

Баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбие шеберлігін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Балаларымен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының жоғарылауына ықпал ету болып табылады. Осы орайда, Сайрам ауданында №93 Абылайхан атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында аудандағы білім беру мекемелерінің барлық директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар төрағалары, мектеп оқушыларының ата-аналарымен бірлескен дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға аудан прокуратурасының қызметкерлері, полиция басқармасының инспекторлары, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы қатысты. «Ата-аналардың міндеті және жауапкершілігі» атты тақырыбында білім бөлімінің басшысы Тынымбаева Гульнара Тунгышбековна мазмұнды баяндама оқыды. Сонымен қатар Ата-аналар…

Read More

Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен бүгін «BOLASHAQ» «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және жоғары оқу орындарынын өкілдерімен бірге «Өскенде кім боласың?» кәсіби бағдар беру мен мамандықты таңдауға көмектесу жобасы болып өтті. Мақсаты: Әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесу. Міндеттері: Оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру; Кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту; Мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауға жан- жақты ақыл кеңес, бағыт бағдар беру; Оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу. Тікелей эфирге Facebook желісі арқылы 9-10-11 сынып оқушылары, олардың ата-аналары қатысты. Барлық эфирді «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің…

Read More

Қазығұрт ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты Б.Құдайназаров атындағы негізгі білім беретін мектебінде «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдары» тақырыбында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған аудандық семинар өтті. Мақсат — оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологиялардың ерекшелігін білу, үйрену, маңыздылығына көз жеткізу. Семинарды мектеп директоры Қ.Беркимбаев және аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Шерова Ақтолқын Жақсылыққызы ашып берді. Психологиялық сергіту сәтін құрған мектеп психологы Р.Тугелбаева, «Ұлттық білім беру деректер қоры» базасында жұмыс жүргізу тақырыбы бойынша мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Мауленов, «Bilimclass.kz» платформасында мұғалім мен сынып жетекшілік тарапынан жүргізілетін жұмыс…

Read More

Түркістан қаласы Farab әмбебап-ғылыми кітапханасында «TURKSOY» Республикалық өнер байқауы өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас өнерпаздардың басын қосқан «TURKSOY» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Осы байқауға қатысқан Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты №41 М.Оразалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Кәусар Нұрланқызы «Бейнелеу өнері» жанры бойынша үздік өнер көрсеткені үшін II дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ дарынды оқушы Кәусар Нұрланқызы Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында 17-18 қараша күндері өткен «Азия таланттары» Халықаралық өнер байқауына қатысып, үздік өнер көрсеткені үшін «Бейнелеу өнері» жанры бойынша I дәрежелі диплом және медальмен марапатталды.

Read More

Жетісай ауданының білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде біртұтас тәрбие аясында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылып, ата-аналармен ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Директордың тәрбиі ісі жөніндегі орынбасары Н.Дарибаеваның ұйымдастыруымен, педагог-психологы К.Акимова мен сынып жетекшілер: С.Каскабаева, Б.Дарменова және М.Усенова бірлесіп, 1 сынып ата-аналарымен «Таным қуанышы: Баланың қызыға оқуына қалай көмектесеміз?» тақырыбында тренинг сабақ өткізді. Атап айтсақ: 2023 жылдың 24 қараша күні 11 сынып жетекшілері А.Жакупова және С.Ибрагимова, педагог-психологтар К.Акимова, А.Жасузаковамен бірлесе отырып 11 сынып ата-аналарымен «Сен жанбасаң лапылдап… Балаға мамандық таңдауға қалай көмектесуге болады?» тақырыбында дөңгелек үстөл өткізді. Мақсаты: мамандық таңдау кезінде балаға қолдау көрсету үшін ата-аналарға психологиялық көмек беру.…

Read More

Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің ұйымдастыруымен Түркістан облысының 5 жылдығана орай «TURAN FEST» батпырауық фестивалі өткізілді. Фестиваль мақсаты: Түркістанның тарихи маңыздылығын, ұлттық құндылықтарын жас ұрпаққа насихаттау; Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру; Ашық ауада өткізілетін іс-шараларды көбейтіп, балалар туризмінің дамуына үлес қосу; Патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Туризм туралы білімін кеңейтіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, қызығушылықтарын арттыру. Түркістан облысының 5 жылдығана орай және ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ұлттық нақыштағы салт-дәстүр кейіпкерлерінің шеруі өткізіліп, шеруге «Облыстық жас туристер станциясы» КММ директоры Сәуле Өмірсерікқызы және жетекшілер…

Read More