Автор: ais_media

Қазақ-өзбек шекарасы дегенде Сарыағаш туралы айтпай өту мүмкін емес. Аудандық шекара басқармасының тарихы тоқсаныншы жылдардың аяғынан басталады. ҚР ҰҚК-нің 1999 жылғы 15 қыркүйектегі бұйрығымен құрылып, содан бері екі ел арасындағы шекара сызығы қырағы күзетіліп келеді. Жалпы, Сарыағаш аумағындағы күзетілетін шекара ұзындығы 200 шақырымнан асады. Кезінде осы шекара сызығын белгілеу жұмыстарымен айналысқан мамандар екі ел арасындағы шекараны делимитациялау бойынша жүргізілген келіссөздердің өте қиын болғанын айтады. Өйткені, екі елдің шекарасында күрмеуі көп, шешілуі күрделі учаскелер де бар еді. Оның көпшілігі Сарыағаш және Мақтаарал аудандарындағы халық көп қоныстанған аумақтарда болатын. Содан бері де біраз жылдай уақыт өтті. Осы аралықта елді мекендер елеулі өзгеріске…

Read More

Қазіргі уақытта нашақорлық проблемасы әлемдік қоғамдастықта өзекті болып қалып отыр, соның салдарынан жастар арасында есірткіні пайдалану жағдайы аса алаңдаушылық туғызады. Есірткіге тәуелділік қаупі, құбылыстар сияқты, сондай – ақ есірткі заттарының тізбесі үнемі өзгеріп отырады, «синтетикалық есірткілер» деп аталатын, сондай-ақ дәстүрлі болған есірткілердің ұлттық түрлері қолданылады, оларға бірінші кезекте қарасора және оның барлық туындылары жатады.  Өкінішке орай, жастар санының белгілі бір бөлігі психобелсенді заттарды қолдануға бейім. ШҚО бойынша наркологиялық статистика: Шығыс Қазақстан облысы бойынша дәрігер-наркологтардың бақылауымен 14-тен 28 жасқа дейінгі жастардың ішінен барлық психобелсенді заттарды пайдалану – 2186, оның ішінде 0 – ден 14 жасқа дейінгі балалар – 27, 15-тен 17…

Read More

Бүгінде қай сала немесе қандай мекеме болмасын, олардың халыққа берген есебіне көз жүгіртсеңіз, сыбайлас жемқорлықпен барынша күресіп жатқан кейіп танытады. Бірақ, сол есептің шынайылығына күдікпен қарайтындар да аз емес. Өйткені, күн сайын бір жемқор ұсталады. Жемқорлықты жою үшін жыл сайын мемлекет тарапынан қыруар қаржы да бөлініп жатыр. Бірақ, нәтиже көңіл көншітпейді. Мемлекет басшысы айтқандай, шын мәнінде, әділетті елге айналамыз десек, бүгінгі қоғам сыбайлас жемқорлық көріністерінен барынша тазаруы тиіс. Бұл заңсыздықтың жолын кеспей, әділетті қоғам құру, адал азамат қалыптастыру мүмкін емес. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде жемқорлардың саны жыл өткен сайын көбейіп барады. Сарапшылардың мәліметінше, биыл сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде 1000-нан…

Read More

Таяуда сұлу Көкшенің төрінде, Оқжетпестің аясында, Бурабайдың  баурайында «AMANAT» партиясының  әйелдер қанатының белсенділері бас қосты. Мақсат – әйелдердің  қай салада болмасын еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді атсалысуын арттыру. Әйелдер қанатының жұмысын ілгерілету үшін 10 бағыт белгіленді.  Мемлекет басшысы жариялаған әлеуметтік әділдіктің басты ұстыны –  ана мен балаға қамқорлық екені белгілі. «AMANAT»-тың әйелдер қанаты әлеуметтік мемлекет құруға үн қататын, әрбір қазақстандық отбасының бақытты өмір сүруіне үлес қосатын байыпты ұйым болғалы тұр. Партия белгілеген он бағыт ең әуелі отбасы ұйытқысы болып отырған әйелдердің тұрмыс сапасын жақсартуды көздейді. Бұл бағытта қыз-келіншектер арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін нақтылы шешімдер әзірленеді. Әйелдердің  өзін-өзі дамытуына жағдай жасалып,…

Read More

Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда бүкіл әлем үшін ең өзекті проблема болып отыр. Саясатта белгілі бір бағыт ретінде экстремизм радикалды көзқарастарды жүзеге асырудың түрлі әдістерін ұстанады. Ол мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, фанатизммен, өздерінің принциптерін қорғай алмайтынымен, ымыраға келмеуімен сипатталады. Өзінің қауіпті тәжірибесінде экстремизм терроризммен тығыз байланыста. Оның ішінде діни экстремизмнің орны бөлек. Діни экстремизм көп жағдайда саясатпен бірігіп, қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталатын және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін құрал. Әлемде болып жатқан жағдайлар қазіргі кезеңде қоғамға тек жай экстремизм ғана емес, әсіресе діни экстремизм өте үлкен қауіп төндіретінін көрсетіп отыр. Оның экстремизмнің басқа түрлерінен айырмашылығы, мемлекеттік құрылымдарды күшпен өзгертуге…

Read More

Сауран ауданы әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен Сауран ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Мәжіліске комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және тиісті сала басшылары қатысты. Комиссияның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап өтсек, тұрғын үй, коммуналдық мәселелер, жол құрылысы саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған жұмыстары туралы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Асылбек Қанағат, денсаулық саласындағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі және атқарылып жатқан жұмыстары туралы аудандық емхананың басшысы Бақыт Стамқұлов баяндама жасады. Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібінде қаралған мәселе…

Read More

Жаңа жылдан бастап елімізде жол қозғалысына байланысты заңнамаға толықтырулар енгізілді. Яғни газ баллондарымен жабдықталған автомобильдер «GAS» деген жазуы бар сары теңбүйірлі үшбұрыштың сәйкестендіру белгісімен таңбалануы тиіс. Бұл белгі жабық паркингтерге кірген кезде көлік оңай танылатындай етіп орнатылуы қажет. Аталған шара қауіпсіздік мақсатында енгізіліп отыр. Бұл жайында Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмасхан Тастанбеков брифингте мәлімдеді. -Биыл 1 қаңтардан бастап сақтандырушы компанияның ақпараттық жүйесіне мобильді қосымша арқылы жол апаты жайлы мәлімет жіберуге болады. Тіркелу үшін полицияға қоңырау шалудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, медициналық анықтама алудың немесе сот процесіне қатысудың қажеті болмайды. Еурохаттаманы рәсімдеу үшін қосымшаны жүктеп алып, биометриялық сәйкестендіруден…

Read More

Жаңабазар ауылдық округіндегі «Жаңабазар ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Шанақ ауылдық округінің  тұрғындарымен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл туралы мәселелер талқыланды. Жиында «Жаңабазар ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Балтабай Жүнісов баяндама жасады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда қызмет бабын теріс пайдалану, мемлекет мүлкіне қол сұғу, сыбайлас жемқорлыққа бой алдыру секілді қоғамның қалыпты дамуына кері әсер ететін, ел қауіпсіздігіне  қауіп төндіретін жағдайларға басты назар аударылған. Жемқорлықты түп-тамырымен қалай жоямыз? Қызметтік міндеттерін адал атқарған адам жемқорлыққа бармайды. Мұндай жандар адал іс-әрекетімен өзгелерге оң ықпал…

Read More

Есірткі бағзы замандардан қолданылып келе жатқан дерт екені тарихтан белгілі. Біздің заманымызға дейінгі 2700 жылдары Қытайда анаша пайдаланылды деген дерек бар. Көкнәрді Египетте емдік және діни ғұрыптарда пайдаланғаны туралы грек тарихшысы Геродоттың да еңбектерінен кездестіруге болады. Ең алғаш рет есірткінің зиянын шығыс ғұламасы Ибн Сина жазып көрсеткен. Көкнәрдің таралуы XIX ғасырда кеңінен етек алды. Ол үшін Англия мен Қытай арасында соғыс та болды. XX ғасырдың ортасында дамыған батыс елдерінде нашақорлық пен есірткі айналымы қауіпті жағдайға жетті. Бұл   жағынан АҚШ бірінші орынға ие болды. Есірткіге қарсы күрес XX ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан бақылау Біріккен Ұлттар  …

Read More

Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тілеубердиевпен бүгінгі әңгімеміз қазіргі жаңа талаптар, қадағалау қызметі органдарындағы жағымды өзгерістер жөнінде өрбіді. Прокуратура қызметіндегі басты бағыттардың бірі – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету екені белгілі. Мұрат Әжінұрұлы бұл тұрғыда әлеуметтік және ауыл шаруашылығы салаларындағы түйткілдермен қатар білім мен тәрбие беруге қатысты прокурорлық пайымдауларымен де бөлісті. – Мемлекет басшысы бұдан үш жыл бұрын жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қоғамда заң үстемдігі орнамай, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы табысты болмайтынын атап өткен еді. Президенттің осы айтқан сөздері прокуратура қызметін жандандыруға арқау болды. Былтыр конституциялық мәртебесі бар «Прокуратура туралы» заң қабылданды. Заң қолданысқа енгелі…

Read More