Қазіргі қазақ қоғамындағы бір проблема – отбасыдағы зорлық-зомбылық, соның ішінде ана мен бала құқығын қорғау мәселесі болып тұр. Соңғы уақытта ел арасында резонанс тудырған оқиғалар заңға өзгерістер енгізу қажеттігін айқындай түсуде. Біз тілге тиек еткелі отырған алимент мәселесі кісі өлтіру, адамға ауыр дене жарақатын салу, тонау секілді ауыр қылмыстар санатына жатпағанымен, зардабы олардан бір де кем емес, әлеуметтік салдары өте үлкен. Елімізде алимент төлемей жүрген борышкерлердің қарызы бүгінде 7 млрд. теңгеге жеткен. Құқық қорғау органдары қарызын төлемей жүрген 1 618 адамды іздестіруде. Олардың бір легі жұмыссыз болса, қалғандары табысын жасырып жүргендер. Асығыс шешім қабылдап, ақырында ажырасып тынудың зардабын ең бірінші…
Автор: ais_media
Біреудің қажеттілігіне, біреудің күнкөріс кәсібіне, енді біреудің ермегіне айналған смартфон, әлеуметтік желілер өміріміздің ажырамас бір бөлігі болып қалды. Алайда, ғаламтордың осындай жетістігі мен қолжетімділігін дәстүрлі емес діни ағымдар да өз пайдаларына асыруда. Экстремистік және террористік ұйымдардың халыққа ақпарат арқылы өз істерін тұрақты насихаттауы бүгінде белең алып барады. Ең алдымен экстремистік және террористік ұйымдар ғаламторды әлі қалыптасып үлгермеген жастардың санасына ықпал ету үшін пайдаланады. Яғни олардың негізгі нысанасы әлеуметтік жағдайы мен өмірге деген көзқарасы толық қалыптаспаған топтар болып табылады. Діни сауаты төмен адамдардың діни ақпаратты ғаламтордан іздейтіндігі белгілі. Ал, мұндай адамның ақпарат тарату мәселесінде өте белсенді жұмыс жүргізетін радикалды ұйымдардың қармағына…
Адам саудасы қазіргі уақытта әлемдік үлкен дерттің бірі. Адамдар ақшаны тез әрі оңай табу мақсатында осындай іспен айналасуда. Қазақстандада бұл көрсеткіш күннен күнге артып келеді. Жыл сайын әлемде 25 миллион адам адам саудасының құрбаны болады. Шын мәнінде құрбандардың саны одан да көп. Нақты санның болмауының бірден бір себебі адам саудагерлері әдетте физикалық тұрғыда ұрып-соғып, құрбандарын қорқытып үнсіз қалдырады. Құрбандардың 70% – ы әйелдер мен балалар. Оларды жыныстық, асырап алу, ағзаларын сату, құлдық, қайыр сұрау мақсаттарында қолданады деп хабарлайды халықаралық үкіметтік емес ұйымдар OrdaMedia. Жұмыс іздеймін деп құрбан болды Қазақстанда адам саудасы құрбандарының саны да өсіп келеді. Оның басты себебі жұмыс…
Қазақстан Республикасының «Пробация туралы» Заңына сай пробация – санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі болып табылабы. Пробацияның мақсаты: 1) күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу; 2) сотталған адамды әлеуметке қосу; 3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу. Пробациялық бақылау дегеніміз – пробация қызметінің есебінде тұратын адамдардың өздеріне заң мен сот жүктеген міндеттерді орындауына бақылауды жүзеге асыру бойынша пробация қызметінің және полицияның жұмысын білдіреді. ҚР Ішкі істер Министрлігіндегі кездесуінде ҚР Президенті «Қоғамда Заң…
Дәстүрлі емес діни ағымдардың санының көбеюі адамдардың діни сауатының жоқтығынан немесе сауатының аздығынан туындайды. Дінге толық таныммен келмеу діни сауатсыздықтың басты көрінісі болып табылады. Ғаламтор кеңістігіндегі экстремистік идеялар тарататын сайттардың еркін қолжетімділігі де маңызды себептердің бірі. Жалпы, елімізде интернет пайдаланушылардың саны 12 миллионнан асып жығылыпты. Бұл халықтың 70 пайызы деген сөз. Сондай-ақ осыдан бес-алты жыл бұрын ғаламторда жастар көбіне ресейлік «Мой мир», «ВКонтакте» желісін пайдаланса, кейіннен «Фейсбук», «Инстаграм», «WhatsApp», «TikTok» секілді қосымшаларды пайдалана бастады. Қазір ұялы байланыссыз жүрген жастарды көрсек, таңырқайтың болдық. Әлеуметтік желіде көрген-білгендерін қызықтап, қажетті ақпараттармен бөлісіп, фото орнату, лайк басу, пікір білдіру, селфи жасау үрдісі қалыпты дағдыға…
Бүгінгі таңда білек сыбанып еңбек еткеннен гөрі, ауадан ақша жасауға әуес боп бара жатқандаймыз. Бәріміздің де аз жұмыс істеп, көп ақша тапқымыз келеді. Байлықта, шалқып өмір сүрсек дейміз. Осындай масылдық пиғылдан кім көрінгенге алданып, жем боп жүргендер күн санап артып барады. Бұған бірден-бір себеп әлеуметтік желілерде жарияланып жатқан «Үйде отырып, ақша тапқыңыз келе ме?», «Instagram-нан ақша табу», «WhatsApp-тан оңай ақша табу жолдары» дейтін жарнамалар. Заңгерлердің айтуынша осындай ұсыныстардың басым бөлігі қаржы пирамидасына алып келетін көрінеді. Соңғы жылдары алаяқтыққа еті үйренген әккілер мен олар құрған қаржы пирамидалары жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап барады. Бірін жапса, екіншісі ашылады. Оны құрғандардың ұсталып, сотталғаны жарияға…
Соңғы кездері оқыс оқиғалар көбейіп барады. Әсіресе жасөспірімдердің арасындағы қатыгездік еріксіз ойландырады. Бұл туралы еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінде мәлімдеді. – Кейінгі кезде жеткіншектердің топ-топ болып төбелесу фактілері жиілеп кетті. Өткен айда Ақтау қаласында оқушысы бар, студенті бар 19 жасөспірім төбелесті. Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы 15 оқушының төбелесі екі адамның өлімімен аяқталды. Жасөспірімдер қылмысының өршіп кету себебі – бірінші кезекте ата-ана тарапынан қажетті бақылаудың болмауы. Биыл түнгі уақытта көшеде жүргені үшін кәмелетке толмаған 86 мың жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді бас прокурор. Бас прокурордың…
Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылатындығын Түркістан газетінің ақпараттық сайтының керек кеңес айдарында тұрғындаға бөлісудеміз. Осы бағытта тағы да біраз ақпараттарды түркістандықтарға ұсынамыз. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар. Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген жәен тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері. Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан жасақталған Парламенттің алғашқы сессиясында сөйлеген сөзінде қоғамды алаңдатқан адам саудасына айрықша тоқталып, Үкіметке бірқатар тапсырмалар жүктеді. «Құқық қорғау саласындағы тағы бір күрделі мәселе – адам саудасы. Бұған тосқауыл қою үшін арнайы заң қабылдау қажет. Онда әлемдік тәжірибемен қатар ұлттық мүдделеріміз де ескерілуі керек. Мұндай заң адам саудасының құрбанына айналған азаматтарды қорғау мен әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етеді. Бұл үдемелі көші-қонның жаһандық және аймақтық процестері жағдайында өте өзекті» деген еді. Бүгінгі таңда адам саудасы әлемдегі көптеген елдердің бірігіп күресетін ортақ проблемасына айналып тұр. Алғаш рет бұл мәселені ХХ ғасырдың басында құқық қорғаушылар көтергені белгілі. Сол уақытта жезөкшелікпен…
Дәрігерлердің пікірінше, есірткіге салынған адамның өмірі 35 жылға жетпейді екен. Ал, сол есірткіні балалар мен жасөспірімдер пайдаланса, олардың өмірі қалай болмақ? Өкінішке қарай, кейінгі кезде мектеп оқушылары арасында синтетикалық есірткі қолданатындар, өздері пайдаланбаса да, осындай жолмен табыс тапқысы келетіндер көбейген. Себебі, жетіліп келе жатқан жеткіншектердің ағзасы есірткіге тез бейімделеді. Алғашқыда көңіл-күйі көтеріліп, өзін тәуелсіз сезінгенімен, соңында есірткіге қалай тәуелді болып қалғанын өзі де байқамай қалады. Оқушылар арасында «вейп» тартатындардың барынан ата-ана да, мұғалім де хабардар. Былтыр келестік тұрғындар облыс әкімімен кездескенде ауылдарда тыйым салынған, құрамында есірткі бар дәрі-дәрмек сату кең етек алғанын айтып, тез арада шара қолдануын сұранған еді. Бұл…