Автор: ais_media

Қазақстандағы адам құқығын қорғаумен айналысатын мемлекеттік институттар: ҚР Парламенті; Адам құқықтары жөніндегі комиссия; Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық; Құқық қорғау органдары. Мемлекеттің құқық қорғау функциясы заң шығару, құқық қорғау нысандарында, сондай-ақ ұйымдастырушылық нысандарда жүзеге асырылады. Заңның көмегімен мемлекет адамдардың саналы мінез-құлқына әсер етіп, оларды заңды мінез-құлыққа итермелейді. Демек, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық-құқықтық тетігінде Парламент маңызды рөл атқарады. Парламенттің басты фукциясы – мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақтылықты сақтау, олардың бірлесіп өмір сүруіне және қызметіне оңтайлы әсер ететін мінез-құлық ережелерін қалыптастыру. ҚР Парламенті адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша жаңа заңдарды қабылдау, құқықтар мен бостандықтар туралы Конституциялық-құқықтық нормалардың…

Read More

Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Елімізде осы мәселеге байланысты арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан түрлі жұмыстар да баршылық, дегенмен бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ. Ендеше, жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу-олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуінежәне орындауына көмектесудің алғы шарттарының бірі болып саналады. Атап айтқанда, ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жат-қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас-жемқорлық-бұл қызмет дәрежесін…

Read More

Бүгінгі қоғамда парақорлық пен жемқолық араласпаған сала қалмаған шығар?! Біздің түсінікте параны тек шенеуніктер алып, тек солар жазаланады. Ал, пара берудің қылмыс, берушіге де заң алдында жаза бар екенін былайғы жұрт ескере бермейді. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына кесірін тигізеді. Елімізде жемқорлықпен күрес шаралары жүйелі жүріп жатыр дегенмен, қылмыстың бұл түрі азаймай тұр. Мемлекет бюджетін мақсатсыз пайдалану, қызмет бабын жеке бас пайдасына жарату, жұмысқа қабылдау барысында пара талап ету, тексеріс мекемелерінің келуіне орай қаржы жинау секілді сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қоғамда жиі ұшырасып келеді. Бұл жайлы Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев та ашық айтып, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуді тапсырып келеді. Заң…

Read More

Әйелдер құқығын қорғау жөніндегі мәселелер жер-жерде көтеріліп, бұл бағытта кешенді шаралар атқарылып жатқаны белгілі. Аталмыш мәселе Түркістан қаласында да өз қолдауын тауып, бүгінде жергілікті нәзік жандылардың құқығын қорғау ісі әртүрлі деңгейде сөз болып жүр. Бұл жөнінде бірнеше ақпараттарды оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік. Қоғамда құқықбұзушылықтар бойынша жәбірленшулердің басым бөлігі әйелдер және жұмыссыздар болса, құқықбұзушылардың да негізгісі жұмысыз ер адамдар болып табылады. Жасалған тұрмыстық құқықбұзушылықтарды талдау көрсеткендей, негізінен отбасылық жанжалдар отбасының материалдық деңгейінің төмендігі, маскүнемдік, адамгершілік құндылықтардың төмендеуі және отбасы институтының жоғалуы салдарынан туындайды. Айта кетсек, көбінде отбасында орын алған құқықбұзушылықтар тараптардың татуласуына байланысты өндірістен қысқартылған. Тұрмыстық-отбасылық санатындағы құқықбұзушылықтар бойынша жұмыстардың…

Read More

Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелері төңірегінде орын алған оқиғалардың аз болмайтынын Түркістан қалалық полиция басқармасының берген деректерінен аңғаруға болады. Әсіресе учаскелік полиция инспекторлары түскен шақырту шағымдарының бірқатар бөлігі дәл осы мәселемен байланысты екенін айтады. Еліміздегі жалпы әлеуметтік және экономикалық ахуалдың қазіргі кездегі жағдайында отбасы ішіндегі зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет проблемасы өте өзекті. Ел үшін күрделі кезеңде келеңсіз үдерістердің дамуы тұрақсыздандыру құбылыстарына әкеледі, сол сияқты отбасына да келеңсіз әсерін тигізеді. Қазіргі заманғы отбасы көптеген қолайсыз, кейде тіпті криминогендік факторлардың аясында дағдарысты басынан кешіп отыр. Ер адам мен әйел арасындағы қарым-қатынастар заңды түрде бекітуді мұқтаж етеді. Ерлі-зайыптылар арасындағы өзара қарым-қатынастардың үйреншікті қалпы бұзылды: отбасы өз тұрақтылығынан…

Read More

Жасыратыны жоқ, соңғы кезде мектеп оқушыларының бір-біріне қысым көрсетуі, зорлық-зомбылық, әлімжеттік жасауы  сияқты жағымсыз әрекеттер жиі көрініс бере бастады.  Жақында Мақтаарал ауданында басқа мектептен ауысып  келген 7-сынып оқушысын  екі сыныптасы ұрып-соғып, мұны үшіншісі телефонға түсіріп, «Тик-Токқа» жүктеп жіберген. Балалардың қатыгездігіне, оны мақтан етіп елге жария етуден қымсынып, ұялмағанына қайран қалдық. Өздерінің ерсі қылықтарын әлеуметтік желіге салуды «сән» көрген оқушылардың бұл тірлігін ата-аналары мектепке жиналысқа шақырғанда бір-ақ білген. Балаларының тәртібі мен тәрбиесіне бейтарап, салғырт қарайтын әке-шешесінің бұл қылығына не деуге болады? Мектепте айында, жылында бір болатын бала тәрбиесіне қатысты жиналысқа барудан қашқақтап, лажы болса бармауға тырысатын ата-аналар да аз емес. Олар…

Read More

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан олардың мәселесі – жалпы елдің, қоғамның түйткілді түйіні. Жастар арасында мәселе де жоқ емес. Мәселен, соңғы уақытта есірткіге әуес жастардың қатары қалыңдап бара жатыр. Мұны ресми статистика дәлелдеп отыр. Есірткімен күрес қаншалықты қарқынды жүргенімен, жастарды ғасыр індетінің құрығынан толық құтқару мүмкін болмай тұр. Күн сайын есірткі саудасымен айналысатын сайттар ашылып, саны көбеюде. Арнайы лабораториялар да көптеп анықталып жатыр. Ресми мәліметке сүйенсек, соңғы жылдары Қазақстанда есірткіге тәуелді адамдардың саны азайып келеді. Десе де арқаны кеңге салып, бұны оң өзгеріс деп санауға болмайды. Өйткені олардың саны шын мәнінде өсіп жатыр дейді мамандар. «Олар көбінесе біздің орталықтарға…

Read More

Отан алдындағы борышын өтеу – әрбір ер-азаматтың қастерлі, парызы һәм міндеті. Өткен жылы Түркістан облысында күзгі әскерге шақыру науқаны ойдағыдай өтті. Аталған шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, жастарға ақ жол тілеп, ізгі ниетін жеткізген-ді. – Өткен жылы Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы негізінде әскер қатарына 4500-ге жуық ер-азаматты шақыру жоспарланған. Көктемгі және күзгі науқанда әскерге шақыру жоспары артығымен орындалып отыр. Жалпы өңірімізден Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне – 610, Мемлекеттік күзет қызметіне – 44, Қарулы күштер сапына – 1869, Төтенше жағдайлар әскерлеріне – 81, «Ұлттық ұланға» 1729 азамат жіберілді. Әскери өмір қаншалықты қиын болғанымен, Жарғымен белгіленген талаптарды орындау –…

Read More

Есірткі – табысты бизнес көзі ғана емес, адамзатты тура жолдан тайдыратын ең қатерлі кесел. Сондықтан да онымен күрес бір сәтке де тоқтамауы тиіс. Өйткені, есірткі өсірумен, оны өндіріп, сатумен айналысатын қылмыскерлер ел ішінде аз емес. Сол себепті, облыстың тәртіп сақшылары бұл қылмыстың алдын алуды босаңсытқан емес. Сөзіміз дәлелді болуы үшін облыстық полиция департаменті тарапынан ауыздықталған бірнеше қылмыстық оқиғаны оқырман назарына ұсынғымыз келеді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, 2023 жылдың өн бойында облыс полицейлері есірткіге қарсы іс-қимыл шараларын күшейткен. Мәселен, күні кеше ғана облыстық полиция департаментіне қарасты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері сарыағаштық полицейлермен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын сақтап,…

Read More

Бүгінде қоғамда есірткі тасымалдауға қарсы күрес қарқынды жүргізіліп келеді. Өйткені соңғы уақытта қылмыстың бұл түрі өршіп тұр. Айталық, жыл басынан бүгінге дейін Түркістан облысында 125-тен астам адам есірткімен байланысты қылмысы үшін темір тордың арғы жағына аттанған.  Сонымен қатар, құқық қорғаушылар интернеттегі мониторинг жұмыстарының нәтижесінде синтетикалық есірткі таратуы мүмкін 48 ақпараттық сайтты анықтап, бұғаттаған және заңсыз айналымнан 1 тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленіп алынды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі штаб мәжілісінің отырысында айтылды. Нашақорлық – қоғамды толғандыратын ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі болса, есірткі заттарын сату – ең қауіпті қылмыстардың…

Read More