Автор: ais_media

Дін-жеке тұлға үшін «Мен кіммін?», топтар үшін «Біз кімбіз?» деген сұрақтардың жауабын береді. Әлі күнге дейін «Өмірге неге келдім?» «Өлімнен кейін өмір бар ма?», «Құдай бар ма? Бар болса қандай?» сынды сұрақтарға діннен артық жауап беретін институт жоқ. Міне, сондықтан да ғалымдар өлімге шара табылмайынша, дінге деген қажеттілік жойылмайды деген. Сонымен қатар, дін адамның қоғамда өз орнын табуға, басқаға деген көзқарасын және ұстанымын бекітуіне әсер етеді. Дін осы қызметімен әртүрлі ортада, түрлі оқиғалармен кезіккенде қандай ұстанымда болу керектігін көрсетеді. Дін адамдарға белгілі бір көзқарас қалыптастырады. Тұлға діннің ықпалымен белгілі бір санаға, дүниеге деген көзқарасқа ие болады. Мәселен, бір сенуші діннің…

Read More

Ғаламтор – адамзаттың ең үлкен жетістігі. Адамдар оны қолдану арқылы өте алыс қашықтықты бағындырып, басқа елдер мен құрлықтармен еркін байланыс орната алады. Ғаламторды дін саласындағы отандық ғалымдар, сарапшылар, ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері мен мемлекеттік қызметшілер өз жұмыстары барысында діни ақпараттарды насихаттауға қолданады. Ғаламтордағы ақпараттарды ашып көру және оқып, пікір қалдыру жағынан Қазақстан әлемдік рейтингте көш басындағы мемлекеттердің бірі. Деструктивті діни ағымдар осыны оңды пайдаланып, аудиторияларын кеңейтуге күш салуда. Ғаламтордағы көпшілікке танымал бейнехостингтерде, ақпараттық мессенджерлерде өздерінің идеологияларын таратуда. Айта кетейік, дәстүрлі дінге қайшы ағымдарды қоғамда «деструктивті» немесе «теріс пиғылды діни ағымдар» деп атайды. Яғни «деструктивті» деген сөз латын тілінен аударғанда «құлату»,…

Read More

Бүгінде «Facebook» желілері мен телеарналардағы жарнамаларға қарап отырсаңыз, «бос жұмыс орындары» толып жатыр. Айталық, «Жетекші керек! Айлығы 300 мың теңге» деген жарнаманы қарап отырып таң қаласыз. «Бастықтың орынбасары керек. Айлығы 250 мың теңге». Бұл не деген батпан құйрық? Сөйтсек, жарылқаушы жарнамашылардың құпиясы көп болып шықты. Айталық, олар қазір түрлі сайт арқылы жастарды есірткі таратуға тартып жатады. Әуелі онда жоғары жалақысы бар курьерлік орын бар екендігі туралы хабарландыру ілінеді. Бұл жастар үшін тиімді де пайдалы жұмыс болып көрінеді. Ал, жұмыс берушілер байланыс орнатып алғаннан соң жастарға оңай жерде ақша жоқ екенін жасырмай айтады. Қаржыдан қиналып жүргендер осындай «бос жұмыс орындарының» құрбанына…

Read More

Елімізде азаптау сынды адам құқығын өрескел бұзатын оқиғалар  көбіне тергеу ісіндегі заңсыз әрекеттер мен басшылар тарапынан жүргізілетін ведомстволық бақылаудың әлсіздігінен туындап жатады. Өкінішке қарай, мұны түп-тамырымен жою әзірге мүмкін болмай тұр. Десек те, Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында айтылған азаптау қылмыстарына қарсы облыстық прокуратура тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн. Көзіқарақты оқырманға мәлім, Қазақстан былтыр адам құқықтарын сақтауға қатысты бірқатар халықаралық конвенцияларға қосылды, оның ішінде БҰҰ-ның азаптауға қарсы конвенциясына қатысты факультативтік хаттаманы және Стамбул хаттамасын ратификациялады. Бұл маңызды қадам біздегі адам құқығын қорғауды көздейтін құқықтық құжаттарды халықаралық талаптарға сәйкестендіруге жол ашады. Сонымен қатар, елімізде…

Read More

Бұл дерттін жаппай жойылмау жолын жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Ендеше, жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғы­нуына және орындауына көмек­те­су­дің алғы шарттарының бірінен санала­ды. Атап айтқанда, ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы са­на қа­жет. Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы са­на қалыптасқан жағдайда адам адам­гершілікке жат қылықтардан бой­ын аулақ ұстай бастайды, заңға қай­шы ке­летін әрекеттерді жасауға жол бер­мейді. Жастардың бойында сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы мәдениет қалып­та­­суы үшін жастарымыз сыбайлас жем­қор­лықты елдің жемқорлыққа қарсы мәдениет әр адамда құқықтық сауаттылығына да байланысты төмен немесе жоғары болуы мүмкін.…

Read More

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтар ұсақ жол-көлік оқиғалары кезінде полицияның және соттың қатысуынсыз жеңілдетілген тәртіпте сақтандыруды ресімдей алады. Бұл үшін мемлекет «Еурохаттама» арнайы мобильді қосымшасын әзірледі. Қосымшаның көмегімен жүргізушілер өздері жол-көлік оқиғалары фактісін тіркеп, сақтандыру компанияларына материалдық залалды өтеуге өтінім береді. «Еурохаттама» арқылы жол-көлік оқиғаларын ресімдеудің міндетті үш шарты бар: 1) Жол-көлік оқиғасына екі көлік құралы ғана қатысқан кезде; 2) Жүргізушілердің қолданыстағы сақтандыруы болуы қажет. Сондай-ақ кім кінәлі, ал кім зардап шегуші екенінде келіспеушіліктер болмаған кезде; 3) Апат салдарынан денсаулыққа залал келтірілмесе, ал көлікке келтірілген шығын сомасы 100 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ол 369 мың теңге. «Осындай тәртіпте жол-көлік…

Read More

Халық – теңіз, хан – кеме, заман – дауыл іспетті. Дәуірлер ағымымен ғасырлар тоғысында Тәңірден кейін сыйынарымыз да табынарымыз киесін хан көтермес халық екені аян. Ал, сол қасиетті елдің ісін адал жолмен басқару ең әуелі ар мен намыстың одан кейін туған елге деген шексіз махаббаттың жарасымды үйлесімділігі десек қателеспейміз. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық індеті әлемнің әр түкпірінде бұтағын кеңге жайып, тамырын арыға жіберген байтерек сынды өсуде. Осы бір сипаты жаман сыбайластықпен ел болып күресіп, жегі құрттай жалмауыз жемқорлықпен жұрт болып жұмыла қарсы шығу барлығымыздың Отан алдындағы, ұлт алдындағы, ең бастысы ар алдындағы атқарар борышымыз. «Тәрбие тал бесіктен» – деп бір…

Read More

Сыбайлас жемқорлық – шағын кәсіпорыннан бастап бүкіл ұлтпен тұтас бір мемлекетті жоярдай қауіпі бар – ауыр қылмыс. Сыбайлас жемқорлық яғни, коррупция – ол әлемнің бар халқында кездесетін үлкен дерт. Сол дерттен айыға алмай су түбіне кеткен ел де көп және белсенді түрде күресушілер де көп. Ал біздің ел – белсенді күресушілер қатарында. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында: Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк…

Read More

Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады. Осы орайда баяғыдан өзекті тақырып болып келген зорлық-зомбылық бойынша түсіндірме, насихат жұмыстары  Түркістан қаласы әкімдігінің күн тәртібінен түскен емес.  Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Тән азабын шектірген зорлық адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін. Жан азабын шектірген зорлық жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту,…

Read More

Түркістан қаласындағы аналар кеңесі бастаған және өзге де қоғамдық ұйым өкілдері қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімімен бірлескен түрде балалардың зорлық-зомбылықтан ада болуы үшін түрлі кездесулер өткізіп келеді. Соның ішінде аталмыш бастамашыл топты әсіресе мектеп жасындағы балалардың жай-күйі алаңдататын көрінеді. Осындай жағдайға байланысты ЮНИСЕФ балаларға зорлық-зомбылық көрсетуді еш құптауға болмайды және бірлесіп белсенді жұмыс жасаудың арқасында барлық зорлық-зомбылық оқиғаларының жолын кесуге болады деп сенеді. Тарқатып айтсақ, аталмыш ұйым еліміздегі өкілетті органдармен бірге жүргізген зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, ересектердің шамамен 75%-ы отбасында балалардың мінез-құлқын қадағалап отыру үшін дене жазалауын қолдануды құптайтын көрінеді. 2-14 жас аралығындағы әрбір екінші бала отбасында зорлықпен тәртіпке салу шараларына…

Read More