Автор: ais_media

Ана мен баланың қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігі құқықтық база мен іске асыру механизмдеріне келіп тіреледі. Бүгінгі таңда осы саланы тиімді реттеуге мүмкіндік беретін нормативтік-құқықтық база қалыптасқан. Ана мен баланы қорғау, олардың құқығын қорғау бағытында Түркістан қаласында да бірқатар іс шаралар өтіп жатыр. Отбасындағы әке мен ана, бала құқығы, олардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүруде. Түркістан қаласының полицейлері бұл бағытта қызметтер атқаруда. Ана мен баланы қорғау кез келген мемлекеттің ішкі саясатының басым бағыты ретінде қарастырылады. Сонымен қоса ана мен баланы қорғау – мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының да өзекті саласы. Мемлекеттік саясаттың осы…

Read More

Бүгін Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Асыл қазына және Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына қарасты «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» бөлімшесінде болып, жұмыстарымен танысты. Ұжыммен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жұмыс сапасын жақсарту мақсатында еркін форматта пікір алмасты. Өткен жылдың желтоқсан айынан жұмысын бастаған бөлімше ауыл әкімдіктермен бірлескен түрде аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіп, мемлекеттік қайтарымсыз гранттарға қатысып өз кәсіптерін ашуларына, тұрақты табысқа қол жеткізулеріне, цифрлық қызметтер мен жұмыспен қамтылуларына көмектесу, еңбекке баули отырып заңгерлік-медияциялық, құқықтық, психологиялық және қаржылық сауаттылықты арттыру көмектерін көрсетеді. Мемлекеттік бағдарламалармен…

Read More

Бүгінгі еліміз қарыштап дамып, іскерлік сипатқа жол алған заманда қоғамымызды алаңдататын бір мәселе бар. Ол – сыбайлас жемқорлық. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бұл орайда қаншама істер атқарып, осындай індетке бой алдырғандарды қаншалықты қатал жазаласа да оған жол беретіндер мүлдем тыйылар емес. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жою, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Осы орайда жуырда конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен…

Read More

Өткен жылдың желтоқсан айында 28 түркістандық кәсіпкерді қайтарымсыз грант алып беремін деп сан соқтырған 1995 жылы туған Д. есімді азамат ұсталды. Алаяқтың арбауына іліккендердің әрқайсысына 700 мың мен 1,1 млн теңге көлемінде шығын келген. Бөтеннің қаржысын заңсыз, оңай жолмен иемденуді көздеген азамат қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен қолға түсті. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бұдан бөлек, 1990 жылы туған Д. есімді азаматшаның алаяқтық бойынша ісі сот өндірісіне өткен. Жалпы былтыр қалалық полиция басқармасына алаяқтық фактісі бойынша 250-ге жуық қылмыстық іс тіркелген. Оның 48-і грант алуға жәрдемдесемін деген алаяқтыққа сеніп қалған жәбірленушілерден түскен арыз. – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау, тегін…

Read More

Түркістанда облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Облыстық құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау және білім саласының өкілдері, сонымен қатар комиссия мүшелері, аудан, қалалардағы комиссия төрағалары мен хатшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысқан жиында кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың, ерте жүктіліктің және өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу жұмыстарын күшейту мәселелері кеңінен талқыланды. Мәжілісті облыс әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Бейсен Тәжібаев ашып, жүргізді. Жиында облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Асылхан Төреханов кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша 2023…

Read More

Тұрақты негізде патрульдеу мен профилактикалық алдын алу шараларын жүргізу нәтижесінде полиция көлікті есірткілік мас күйде басқарған жүргізушіні ұстады. Тәртіп сақшылары жүргізушіні дер кезінде байқап тоқтатпағанда оқиға соңы жол-көлік апаты мен адам шығынына әкелуі мүмкін еді… Мәселен, Түркістан облысы, Сауран ауданының патрульдік полиция қызметкерлері Түркістан-Кентау тас жолында жылдамдықты асырғаны үшін «Toyota Camry» автокөлігін тоқтатты. Құжаттарын тексеру кезінде 35 жастағы жүргізуші өзін біртүрлі ұстаған, бұл жағдай өз кезегінде полиция қызметкерлеріне күдік туғызды. Осыдан соң ер адамды жедел түрде медициналық куәландыруға жеткізіп, оның нәтижесі бойынша құқық бұзушының «марихуана» есірткісін пайдаланып көлік жүргізгені расталды. Белгілі болғандай, жүргізуші жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғын. Көлікті есірткілік мас…

Read More

Бүгін Сауран аудандық прокуратурасының бастамасымен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кездесу өтті. Жиынды аудан прокуроратурасының аға прокуроры Асылжан Сағынбек ашып, инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын кеңінен түсіндіріп өтті. Басқосуға аудан әкімінің орынбасар Бақытжан Букебаев, бөлімдер мен мекеме басшылары және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы Сауран аудандық филиалының өкілдері қатысты. Шара аясында «Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жобасы түсіндірілді. Жоба инвесторларға мемлекеттік органдар тарапынан салынатын тыйымдар және шектеу шараларын қамтиды. Жобаның басты мақсаты – инвестициялық жобаларды прокурорлармен сүйемелдеу тетігін жетілдіру және профилактиканың тиімді құралдарын енгізу болып табылады. Мәжілісте мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілеріне инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралары…

Read More

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңдар қатайтылып, түрлі іс-шаралар қолға алынуда. Алайда, соған қарамастан өздерінің іс-әрекетіне жауап беруге қауқарсыз адамдар әлі де азаяр емес.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында қоғамда орын алып жатқан зорлық-зомбылық пен қатігездіктің алдын алу үшін қандай шаралар қарастырылып жатқанын айтқан еді. «Мұндай қылмыстардың алдын алып, жолын кесу үшін менің тапсырмаммен нақты шаралар қабылдануда. Әйелдер мен балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарды тергеумен әйел тергеушілер айналысатын болды. Сондай-ақ, ішкі істер органдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаумен шұғылданатын мамандардың штаты қалпына келтіріліп, олардың құзыреті күшейтілді» деді Президент. Осы жерде айта кету керек, биыл 5 қаңтарда Астанада әйелдерді зорлық-зомбылықтан…

Read More

Сауран ауданының полициясы есірткі сақтады және полиция қызметкерлерін қорлады деген күдікпен жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Мәселен, аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне екі адам арасындағы жанжал туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен учаскелік полиция инспекторлары бірден жолға шықты. Оқиға орнында тәртіп сақшылары екі жергілікті тұрғынды анықтап, құжаттарын тексерді. Тексеру барысында полицейлер олардың біреуінен есірткіге ұқсас затты тапты. Алынған зат сараптамаға жіберіліп, қорытындыға сәйкес, «марихуана» болып шықты. Сонымен қатар 37 жастағы ер адам медициналық мекемеде агрессивті мінез-құлық танытып, учаскелік полиция инспекторларын қорлап, балағаттаған. Қазіргі уақытта билік өкілдерін қорлау және есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі…

Read More

Ішкі істер министрлігі елімізде төрт түлік иелеріне малды бақылаусыз бағуға тыйым салды. Құзырлы орган жаңа шектеу мал ұрлығын тыю мақсатында енгізілгенін мәлімдеді. Елімізде мал ұрлығы жалпы қылмыстың 3 пайызын құрап отыр. Тұтастай алғанда көрсеткіш төмен болғанмен ұрлықтың бұл түрі қарапайым халыққа айтарлықтай жапа шектіріп тұр.    ІІМ мал ұрлау фактісінің түбін тексере келе осы типтегі ұрлық қараусыз жайылып жүрген малдарға қатысты көп тіркелетінін анықтаған. Сандарға сүйенсек, өткен жылы болған мал ұрлығының 1477-ден 1111-і түлікті қараусыз қалдыру себебінен болған. Соңғы 5 жылда мал ұрлығын 62,5 пайызға, оның ішінде 2023 жылы 16,3 пайызға дейін азайған. Ішкі істер министірлігі мұнымен тоқтап қалмаймыз, осы…

Read More