Түркістандағы «Фараб» әмбебап кітапханасында «Ислам және дәстүр құндылығы» республикалық конференциясы өтті. Маңызды жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бәкіров, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, теологтар, дін ғұламалары және дін саласының өкілдері қатысты. Облыс әкімінің орынбасары руханият саласындағы жұмыстардың маңызына тоқталып, конференция жұмысына сәттілік тіледі. – Топырағы тарихқа тұнған, күллі түркі халықтарының рухани астанасы – Түркістан қаласына қош келдіңіздер! Қасиетті шаһарда ислам ғұламасы Қожа Ахмет Ясауи өмір сүрген, ілім таратқан. Ел басқарған хандарымыз бен сұлтандарымыз, билеріміз бен батырларымыз мекен…
Автор: ais_media
Асыл дініміз Исламда үлкен күнә, ауыр қылмыс деп танылатын істердің бірі – парақорлық. Тілдік тұрғыда пара «әр-ришуату» деп аталады. Бұл сөз құқығы болмаған бір мүлікті немесе атақты алу үшін берілген сыйлық және төленген құнға қатысты қолданылады. Шариғатымызда атағын, қызметін, немесе арам пиғылын жүзеге асыра отырып, әділетсіз алынған мүлікті пара дейді. Парақорлық дерті тараған қоғамда әділетсіздік орнап, адам құқығына қол сұғылып, заңның күші жойылады. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 188-аятында: «Араларыңдағы мал-дүниелеріңді бұзық жолмен, харам жолдармен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың дүниелерінен бір бөлім жеу үшін басшыларға (пара ретінде) апармаңдар» -деп айтқан. Бұл аятта Алла Тағала параны алуға, беруге, сонымен…
Қорғаныс министрлігінің Ақпараттық десанты Арыс қаласының әскерге шақырылуға дейінгі жастарымен бірқатар әскери-патриоттық іс-шаралар өткізді. Жастар үшін Қазақстанның қазіргі заманғы армиясының түрлі қару-жарақтары ұсынылды, сондай-ақ Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың ғасырлық мерейтойына арналған «Халық жүрегіндегі батыр» көшпелі көрмесіне экскурсия өткізілді. Жиынға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, ҚР ҚК Бас штабының тәрбие және идеологиялық жұмыстары департаментінің өкілі подполковник Дәулет Бейсеков, ардагерлер мен сарбаздар, әскери патриоттық клуб мүшелері, оқушылар қатысты. Шаһар басшысы мұндай акцияның жастардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастырудағы маңыздылығын ерекше атап өтті. «Арыс қаласының жастары дәстүрлі түрде өткізілетін «Айбын» әскери-патриоттық жарыстарынан ешқашан жүлдесіз қайтқан…
Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу міндет» — тақырыбында кездесуге Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы С.Нұрахов, Шардара қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.Мүталиев қатысты. Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Деструктивті діни ағымның жаңа мүшесі дербестігін, өз бетінше шешім қабылдау және сыни пікірлер айтып, өз көзқарасын білдіру қабілетін мүлдем жоғалтады. Діни экстремизм діни білім мен тәжірибенің жоқтығының, саясат пен діннің араласуының тікелей салдары. Діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс — тәсілдерді қолдана…
Қазіргі заманға ғаламтордың әлеуеті асып тұр. Себебі ғаламтор пайда болғалы кітап оқитындардың қарасы азайған секілді. Алайда ғаламтор бұрыннан сусындап келген кітаптың орнын баса алады ма?! Әрине, әрбір өткен заманды, әрбір кезеңді жырлап келе жатқан кітап еш уақытта құндылығын жоймақ емес. Себебі кітап – алдыңғы шептің кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасы, көңілге түрлі ой түйгізетін, рухани жағынан есейтетін жан азығы. Осы уақытқа дейін білімнің бәрі кітапта ғана болып келді. Әйтсе де, атам қазақтың «уақыт керуеніне бөгет жоқ» дегені рас. Бүгінгі күні кешегі бабаларымыздың шамның жарығымен кітап оқу ескі заманы артта қалып, жаңа технологиялардың саны артып, ғылым да күннен-күнге даму үстінде. Соның бір…
Қазіргі таңда шетелдерден діни білім алуға жастарымыздың қызығушылығы едәуір ұлғайған. Елімізде жастардың шет мемлекеттерден ілім ізденіп, шекара асып кетіп жатқандығы таңқаларлық жайт емес. Себебі қазақ жастарының шетелде білім алуы қолжетімді жағдайға айналған. Алайда ілім аламыз деп барған жастарымыздың, кереғар діннің жетегіне еріп кетіп жатқандығы тағы бар. Шетелдегі теологиялық бейресми оқу орындарында білім алу аса қауіпті. Олар мемлекеттің арнайы бақылауында болмағандықтан, «медресе» немесе «университет» деген атауға ие емес. Шағын курс ретінде жұмыс жасайды. Аталмыш бейресми «курстардан» білім алған кейбір жастарымыз «сәләфизм», «тәкфиризм» тәрізді ағымдардың идеологиясына уланып шыға келеді. Кез келген діни ұйым, ағым, саяси топ өздерінің мақсатын жүзеге асыру үшін арнайы…
Радикализм (латынша «radix» — «түбір») – саяси жүйе мен әлеуметтік институттарды түбегейлі өзгертуге бағытталған идеялар мен әрекеттерді білдіретін саяси және діни ұғым. Радикализм қабылданған дәстүрлерге мүлдем қайшы келеді және шектен шыққан әрекеттерді жақтайды. Тарихи тұрғыдан бұл термин қалыпты реформаларды жақтаушыларға да қатысты. Мысалы, Ұлыбританияда (1832 жылы) радикализм термині реформалар туралы заң жобасына қарсы шыққандарға қатысты қолданылды. Орта ғасырдың соңы мен жаңа дәуірдің басында демократия ұрандарымен қатар радикализм де пайда болды. Оның жақтастары (Локк, Руссо және т.б.) табиғи емес қоғамдық қатынастар мен жағдайларды рационалдылармен түбегейлі ауыстыру идеясын алға тартты. Ал анархистер адам құқықтарын түбегейлі кеңейту қажеттілігін және қоғамда құқық қорғау органдарының шектен…
Түркістан облысында 2023 жылы интернет-алаяқтық бойынша 567 іс тіркелген. Оның 219-ы сотқа жолданған. Интернет-алаяқтыққа қарсы облыстық Полиция департаменті базасында «CyberPol» тобы құрылған. Құрамында 6 жедел уәкіл, 3 тергеуші, 1 криминалист және 1 ІТ-маман жұмыс істейді. Бұл жайында Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығының орынбасары Ердәулет Амантаев мәлімдеді. — «CyberPol» соққы-нысаналы тобы қызметкерлерімен жүргізілген жүйелі іс-шаралардың нәтижесінде 67 қылмыскер құрықталып, олардың 113 интернет-алаяқтық қылмыстарға қатыстылығы дәлелденді. Соның бірі 2003 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны. Аталған азамат әлеуметтік желілерде бірнеше жалған аккаунттар ашып жәбірленушілерден арзан бағада жиһаз жасауға тапсырыс алып, Түркістан облысының 10 тұрғынына алаяқтық жасаған. Нәтижесінде жәбірленушілерге 5 млн.…
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесіне бүгінде қоғам тарапынан әсер ететін көптеген факторлардың бар екендігі белгілі. Осы орайда, Түркістан облысы, Келес ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен ұрпақ тәрбиесіне жауапты қоғам өкілдерінің жауапкершілігі сөз болып, нақты міндеттер жүктелген «Бала құқығы мен ата-аналар міндетті» атты жиын болып өтті. Атап айтқанда, маслихат депутаттары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, дін өкілдері, аудандық ішкі саясат және білім бөлімінің мамандары, ауыл билері…
Бүгінде Түркістан өңірінде 400 мыңнан астам отбасыда 900 мыңнан аса бала өмір сүруде. Оларды зорлық-зомбылықтан және қатігездіктен қорғау, түрлі қылмыстың алдын алу маңызды мәселе. Облыстық Полиция департаменті ғимаратында кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғауда атқарылған жұмыстар жөнінде комиссия отырысы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев төрағалық еткен жиынға облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев, құқық қорғау органдары мен басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. – Балалардың қауіпсіздігі мақсатында өткен жылы Түркістан өңіріндегі 938 білім беру мекемесі 100% дабыл батырмаларымен қамтылып, осы жедел басқару орталығына қосылды. Оның 909-ы мектеп, 25-і колледж және 4-еуі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйі. Кәсіби…