Автор: ais_media

Түлкібас аудандық сотының 2023 жылдың 12 айында атқарған жұмыстары туралы біліп, аудандағы қылмыс ісінің хәлін сараптау мақсатында Түлкібас аудандық сотының төрағасы Марат Ырсымбетовке арнайы барып, түйіткілді мәселелер төңірегінде әңгіме өрбіткен едік. Біраз маңызды ақпараттар алып біліп қайттық. Біз неден сақтанып, қандай олқылықтардың орнын толтыру қажет екенімізді анықтадық. Сізге де пайдасы болар, сұхбатты оқып шығуға кеңес береміз. — Қайырлы күн! Уақыт тауып, сұхбат беруге келіскеніңіз үшін рахмет айтамын. Жалпы, сот саласы жауапкершілігі басым орган. Қоғамды күзетуде, адамзатты түзетуде атқарған орасан зор жұмыстарыңызға ризамыз. Жалпы, өткен жылды қандай дәрежеде қорытындыладыңыздар? — Қылмыстық істер бойынша Түлкібас аудандық сотында 2023 жылдың 12 айында 52…

Read More

Бүгін Ордабасы ауданының орталығындағы Мәдениет үйінде “Ордабасы — өнегелі отбасылар мекені” тақырыбында форум болып өтті. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, оның ішінде жанұядағы адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығын арттыру, зорлық-зомбылықты алдын алуға, болдырмауға ықпал жасау мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, ауданның прокуроры Абзал Қыдырбай, аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Ғалымжан Қуашбаев, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, ардагерлер мен зиялы қауым, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар, білім саласының қызметкерлері, тұрғындар қатысты. Аудан басшысы Азат Оралбаев форумның маңыздылығын ескеріп, қатысып отырғандарға шынайы алғысын білдіріп, сөз сөйледі: — Өздеріңізге белгілі, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында отбасындағы зорлық-зомбылықтың кез…

Read More

Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округінде орналасқан «Шолаққорған» орталық мешітінде аудан имамдарымен кездесу өтті. Жиында Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі, ТҚК-ның жұмысшы топ аппаратының басшысы И.Абулхайров, облыстық дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы деструктивті діни ағымдардың алдын алу бағыттары бойынша кеңес өткізді. Жиынды Созақ ауданы әкімінің орынбасары А.Сатыбалды жүргізіп отырды. Жиналыс барысында елімізде тыйым салынған экстремистік-террористік діни ұйымдар және олардың ерекшеліктері мен қауіптілігі түсіндірілді. Жиынға қатысушылар тарапынан аудандағы мешіт жамағатының иммунитетін күшейту керектігі айтылды. Сондай-ақ теріс діни ағым мүшелерінің идеологиясының алдын алу жолдары талқыланды. Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі, ТҚК-ның жұмысшы топ аппаратының басшысы И.Абулхайров: «Елімізде ислам дініне қатысты мәселеде арқа сүйер бір ғана…

Read More

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Шардара қаласында орналасқан «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ғимаратының мәжіліс залында «Бұрын кім болғанбыз, қазір кімбіз және кім боламыз?», «Не себепті бүгінгі таңда дінге деген көзқарас өзгере түсті?» және «Әскери міндет саласындағы заңнамаларды орындау қажеттілігі» тақырыптарында кездесулер және «Қоғамдағы этносаяси ахуал бойынша тұрғындардың көңіл — күйі»  тақырыбында фокус — топқа этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық — насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Х.Исақов, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Д.Аманов, Шардара қаласы қалалық қоғамдастық төрағасы Е.Каханов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Н.Муслимова, Шардара аудандық әскери қорғаныс істері жөніндегі…

Read More

Созақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі — терроризмге қарсы комиссия аппаратының жетекшісі Абулхайров Илхамның төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның кезекті жиыны өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов ашып, жүргізіп отырды. Түркістан облысы әкімі аппаратының терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің бас инспекторы Арман Бақытжанұлы, облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, бөлім басшысы Ғани Оңалбекұлы мен аудан әкімдігі жанынандағы терроризмге қарсы комиссиясның жұмыс тобының мүшелері және құзырлы мекеме өкілдерінің қатысуымен өткен жиынның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап айтсақ, аудан бойынша бүгінгі таңдағы діни ахуал және жеке оңалту шараларының барысы жайында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Раймқұлов…

Read More

Қазіргі кезең ақпараттық заманның уақыты. Білгің келген нәрсенің жауабын ғаламтор беттерінен тез, әрі оңай табуға болады. Түрлі ғаламтор желілерінің арасында адамға пайдасымен қоса, зиянын да беретін ақпараттар жетерлік. Соның бірі діннің атын жамылған деструктивті діни ағымдардың идеологиясын құрайтын ақпарат көздері. Бұл мақалада ғаламторды мүлдем пайдалануға болмайды деуден аулақпыз. Тек қана, миллиондаған қайнар көздер арасынан дұрыс таңдау жасай алмай, шалыс басудан сақтануға шақырамыз. Ғаламтор беттерінде діни ақпарат іздеген адамға мыңдаған мәлімет көзінің шығатыны белгілі. Осы ақпараттардың қайсысы қаншалықты дұрыс, қайсысы қаншалықты бұрыс екенін көп адамдар аңғара бермейді. Соның салдарынан кей адамдардың санасында күмәнді ақпараттар қалыптасып жатады. Өйткені, деструктивті теріс бағыттағы діни…

Read More

Қолданыстағы еңбек заңнамасы квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасу кезінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған тұлғаларға қатысты белгілі бір шектеулерді көздейді. Яғни, бұл сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналастыруға жол берілмейтінін білдіреді. Конституциялық Соттың 2023 жылғы 31 тамыздағы Нормативтік қаулысымен Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы төмендегідей түсіндірмеде Конституцияға сәйкес деп танылды: — «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен құқықтық өзара байланысты болу үшін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамның квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуына шектеу көрсетілген ұйымдарда басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымдарға үміткер адамдарға қатысты қолданылады. Егер бұрын квазимемлекеттік субъектілерге жұмысқа орналасудағы шектеу сыбайлас жемқорлық қылмыс…

Read More

Арыс ауданының прокуроры Арыстанбеков Алмас Себжанұлы жергілікті атқарушы және полиция қызметкерлерімен бірге ауыл округ тұрғындарымен кездесу өткізіп, жеке қабылдау жүргізді. Кездесуге қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық, қалалық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, сондай-ақ коммуналдық сала басшылары мен мамандары қатысты. Алмас Себжанұлы қаланың тыныс-тіршілігімен танысып, заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету бағытында қылмыстық құқық бұзушылықтық алдын-алу профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, кездесуде ауыл шаруашылығын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жайлы мамандар жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындар сауалдарына жауап берді Халықпен сұхбаттасу барысында айтылған өзекті мәселелер назарға алынып, шешу бағытында құзырлы органдармен бірлескен жұмыстар жүргізілетін болады.

Read More

ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық түсіндіру тобы Түркістан облысындағы жұмысын Кентау қаласында қорытындылады. ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық десанты Түркістан облысында «Егемен елдің ертеңі – айбынды жастар» акциясы аясындағы іс-шараларын өткізді. Қорытынды кездесу Кентауда ұйымдастырылды. Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдарының басшылығымен тығыз байланыста өтті. Акцияға орта мектептердің, колледждердің және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныптарының оқушылары қатысты. Кентауға келген астаналық офицерлер қала әкімі Жандос Тасовпен кездесу өткізді. Елордадан келген қонақтарды қарсы алған әкім қаладағы жастар ұйымдары, патриоттық клубтар мен үйірмелер жұмысының оңды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Қала әкімі өскелең ұрпақты тәрбиелеуде жаңа технологияларды меңгеріп, отансүйгіштік сезімін…

Read More

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық десанты Түркістан облысында «Егемен елдің ертеңі – айбынды жастар» акциясы аясындағы іс-шараларын өткізді. Қорытынды кездесу Кентауда ұйымдастырылды. Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдарының басшылығымен тығыз байланыста өтті. Акцияға орта мектептердің, колледждердің және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныптарының оқушылары қатысты. Кентауға келген астаналық офицерлер қала әкімі Жандос Тасовпен кездесу өткізді. Елордадан келген қонақтарды қарсы алған әкім қаладағы жастар ұйымдары, патриоттық клубтар мен үйірмелер жұмысының оңды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Қала әкімі өскелең ұрпақты тәрбиелеуде жаңа технологияларды меңгеріп, отансүйгіштік сезімін оятуға мән беру керектігін, әскери-патриоттық үйірмелерде алған білімнің қай салада болмасын…

Read More