Автор: ais_media

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-і мен облыстық Кәсіпкерлер палатасы арасында өзара ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойылды. Меморандум — студенттерді білім мен тәжірибе алмасу арқылы шабыттандыру және бизнес қауымдастығын құру мақсатында құрылған. Келісім шартқа университеттің Ғылым және стратегиялық даму вице ректоры Айнаш Өшібаева мен облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев қол қойды. Кездесуде кәсіпкерлікке қызығатын студенттердің жобалары тыңдалып, кәсіпкерлер палатасының ұсынатын мүмкіндіктері жайлы сөз қозғалды. Одан бөлек, меморандумның мақсаты – білім мен кәсіпкерлік серіктестігін қалыптастыру, «Yasawi» инкубациялық бағдарламасының түлектерінің кәсіби дағдыларын дамытуға және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу екендігі айтылды. «Сіздер ұсынған жобаларды толықтай қолдаймыз. Меморандумнан бөлек, әр студенттің жобаларын сүйемелдеп, қолдауға тырысамыз. Мемлекеттік қолдауларға…

Read More

Ақпан айының басынан бастап тұрақтандыру қорынан көкөністерді брондау басталды. Көкөніс қоры 40 сауда нүктесінде (Дастархан, Береке, Бәйтерек және т.б. супермаркеттер) және қаланың 3 базарында (Қуаныш, Экобазар, Алтын бұлақ) бөлшек сауда арқылы, сондай-ақ ірі көтерме саудагерлер арқылы сатылады. Сондай-ақ апта сайын жәрмеңкелер өткізіледі. Өңірлердегі тұрақтандыру қорынан көкөніс өнімдерін қолжетімді бағамен шығару ақпанда басталды. Әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі кеңесте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин осындай тапсырма берді. Сонымен қатар қолжетімді бағадағы көкөністермен барынша қамту үшін өңірлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Осылайша, 1 ақпаннан бастап 580 тонна картоп, 140 тонна қырыққабат, 200 тонна пияз, 300 тонна сәбіз сатылды. Нәтижесінде соңғы аптада баға индексі 100%…

Read More

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты емдеу мекемелерінде тұрғындардың өтініштері мен арыз-шағымдарын назарға алу, орындау бағытындағы жұмыстар күшейтіледі. Аталған мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың төрағалығымен жиын өтіп, саладағы түйткілдер тарқатылды. Оған барлық аудан, қаланың бас дәрігерлері қатысты. Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан 2021-2023 жылдар аралығында түскен арыз-шағымдардың орындалуы бойынша есеп тыңдалды. 2023 жылы басқармаға қарасты Call-орталықтың 1305 байланыс нөміріне 19733 қоңырау шалынды. Оның 19206-ы – алғыс айту, өтінім, ақпарат, кеңес алу. Ал тіркелген 527 арыздың бәрі шешімін тапқан. Шағымдардың басым бөлігі «Емделуге қанағаттанбау», «Үйге шақыру, аралау қызметі», «Этика және деонтология нормаларын бұзу», «Ауруханаға жатқызу «ұзақ күту, бас тарту» санаттары…

Read More

Түркістан облысында 39 тасымалдаушы 283 тұрақты бағыт бойынша 1208 қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетуде. Оның ішінде облысаралық – 72 , ауданаралық – 32, қалалық – 48, ауданішілік – 131 тұрақты бағыт бар. Көліктің барлық түрін есептегенде 19,3 млн. жолаушы тасымалданды. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 10,8%-ға артқан. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аталған саланы дамыту бойынша жиналыс өткізіп, мәселелер мен жоспарларды талқылады. – Әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша қоғамдық көліктерді субсидиялауда тұрғындардың талап-тілектері ескерілуі тиіс. Ең маңызды бағыттарға ғана қолдау көрсетіледі. Аудан, қала әкімдері жергілікті деңгейде маңызы бар қоғамдық көлік бағыттарын жүйелеп, тиісті жұмыс жүргізсін. Қаржы нақты есептеліп, үнемделіп…

Read More

Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара қаласында орналасқан «Қасиет әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мекемесінде қазыналы қарияларымыз еңбек ардагерлерімен «Ислам және қоғам» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің теолог маманы Е.Сариев қатысты. Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Бүгінде Ислам дінін ұстанатын мұсылмандардың қатары артып келеді. Десе де, дін ұстанған кей мұсылманның діни білімі жетпей айтқан сөздерінен, әдепке жатпайтын ұнамсыз қылықтарынан Исламға деген жеккөрушілік, дін арқылы қоғамда үрей — қорқыныш қалыптастыру сынды үрдістер, жағымсыз насихаттар етек алып тұрғаны шындық. Ислам діні адамдарды…

Read More

Түркістандағы халықаралық әуежайдың жұмысын жандандыру, жолаушылар ағымы мен рейстер санын көбейту бағытында жаңа жоспарлар жүзеге асады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған салаға жауапты басшыларды қабылдап кеңес өткізді. Әуежайды туризм саласымен үйлестіре отырып дамыту керектігін айтып, жауаптыларға тапсырмалар берді. Кеңесте Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев пен «Turkistan International Airport» ЖШС-нің басқарушы директоры Ильяс Нугумановтың есептері, жоспарлары тыңдалды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «YDA» компаниясы халықаралық әуежайдың құрылысын жүргізіп, 2020 жылдың 1 желтоқсанынан бастап рейстер орындалуда. Жоба құны 73,1 млрд. теңгені құрайды (әуежай құрылысы – 54 млрд. теңге, арнайы техникалар және өзге шығындар – 19,1 млрд. теңге). Былтыр әуежайдың…

Read More

Жуырда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды туризм саласын дамыту бағытында жұмыстарды күшейтуді тапсырған болатын. Оның ішінде Сарығаштағы шипажайлардың жұмыстарын үйлестіру мәселесі де назарға алынған-ды. Өңірде осы бағытта жұмыс жүруде. Түркістан облысы – еліміздегі емдік-сауықтыру туризмі дамыған өңірлердің бірі. Қазіргі таңда өңірде 72 шипажай жұмыс істейді. Соның ішінде 58-і Сарыағаш ауданының аумағында орналасқан. Осы орайда, емдік-шипалық қасиетке ие, жерасты табиғи минералды суы бар Көктерек елді мекеніндегі шипажайларды дамыту мақсатында Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы, аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің мамандары тарапынан құрылған арнайы жұмысшы топ зерделеу шараларын бастады. Бірінші кезеңде жұмысшы топ 26 шипажайды аралап,…

Read More

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Былтыр республикалық бюджеттен Түркістан облысына бағдарлама аясында 19,7 млрд теңге қаржы бөлінді. 2023 жылдың соңына дейін аталған қаражат толық игеріліп, 3 215 несие алушы қаржыландырылды. Нәтижесінде 3517 жаңа жұмыс орны ашылды. Халықтың ауылда еңбек етіп, тұрақтауына, сондай-ақ жұмыссыздар санының азайып, тұрғындар табысының артуына серпін берген бұл бағдарлама ауыл шаруашылығы саласының дамуына да үлесін қосуда. Аудан тұрғындары жеңілдетілген несие алу арқылы кәсіптерін ашып, дөңгелетіп отыр. Солардың бірі – саурандық жеке кәсіпкер Ахматжан Мамитов өткен жылы Қарашық ауылдық округінен жылыжай салып, қияр өсіруді қолға алмақ. Бүгінде 0,045 гектарға жылыжай салып, өнім өндіру бағытында дайындық…

Read More

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласында тіркелген 80 мыңнан астам шаруа қожалығының 81,3 пайызы салық органдарына еккен өнімдерін жеке өзінің қажеттілігі үшін пайдаланатынын көрсеткен. 13 мың шаруа қожалығы ғана еңбек бағытын табыс көзі ретінде көрсетіп, салық декларациясын ұсынған. Былтыр мемлекет тарапынан 30 млрд теңгеден астам субсидия алған шаруалардан түскен салық көлемі 2 млрд теңгеден аспаған. Өңірдегі 90-ға жуық базардан түсетін салық көлемі де мардымсыз. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Мақсат Нұрахаев мәлімдеді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеу, бюджет кірістерін ұлғайту бойынша жиналыс өткізді. Өңір басшысы облыстағы барлық саладағы салық төлеушілердің нақты санын анықтау…

Read More

Бүгін Түркістан облысы, Арыс қаласындағы Спорт кешенінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ел қорғаны – Жастар 2024» облыстық әскери-патриоттық жиыны өтті. Жастар мен жасөпірімдер арасында саламатты өмір салтын насихаттауды мақсат ететін шараға облысымыздың барлық аудан-қаласынан келген 14 командадан 100-ге жуық жастар бақ сынады. Шараға Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова, Арыс қалалық «Отан» Ауған соғысының ардагерлері» ҚБ төрағасы Ергентай Көшкінбаев, «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков және ауған соғысы ардагерлері мен тұрғындар қатысты. Жиынның ашылу салтанатында сөз сөйлеген шаһар басшысы шараның патриоттық-тәрбиелік мәніне кеңінен тоқталып, қатысушы жастарға сәттілік тіледі. Бұдан кейін, 1979-1989 жылдары Ауған жерінде…

Read More