Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Экономика»ТҮРКІСТАН: ТАБЫСТЫ ЖАСЫРМАУ, САЛЫҚТАН ЖАЛТАРМАУ – ҮЛКЕН МІНДЕТ
Экономика

ТҮРКІСТАН: ТАБЫСТЫ ЖАСЫРМАУ, САЛЫҚТАН ЖАЛТАРМАУ – ҮЛКЕН МІНДЕТ

13.02.2024
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласында тіркелген 80 мыңнан астам шаруа қожалығының 81,3 пайызы салық органдарына еккен өнімдерін жеке өзінің қажеттілігі үшін пайдаланатынын көрсеткен. 13 мың шаруа қожалығы ғана еңбек бағытын табыс көзі ретінде көрсетіп, салық декларациясын ұсынған.
Былтыр мемлекет тарапынан 30 млрд теңгеден астам субсидия алған шаруалардан түскен салық көлемі 2 млрд теңгеден аспаған. Өңірдегі 90-ға жуық базардан түсетін салық көлемі де мардымсыз. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Мақсат Нұрахаев мәлімдеді.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеу, бюджет кірістерін ұлғайту бойынша жиналыс өткізді. Өңір басшысы облыстағы барлық саладағы салық төлеушілердің нақты санын анықтау үшін жұмыс тобын құруды тапсырды.
Өткен жылдың қорытындысымен жергілікті бюджет түсімдерінің өсу қарқыны 113%, оның ішінде салықтық түсімдер 132% құраған. Оның 9,6 млрд. теңгесі – бір реттік түсімдер. Биыл өзіндік кірістерді 200 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Оның ішіне салықтық түсімдер мен негізгі капиталды сатудан түсетін түсім кіреді.
Бюджет кірістеріне талдау жүргізіліп, кірістерді қосымша 38 млрд. теңгеге ұлғайтуға мүмкіндіктер анықталған. Оның ішінде әлеуметтік және жеке кәсіпкерлердің жеке табыс салығы бар. Биылдан бастап шағын және микро санаттағы жеке кәсіпкерлер табыс салықтарын толығымен төлейтін болады. 2023 жылдың тамыз айына дейін аталған салық төлеушілер табыс салығынан 3 жылға дейін босатылған-ды.
– Қазынаға түстетін салық түсімдері – мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі. Сондықтан салық төлеу мәдениетін қалыптастыру керек. Жұмысшы санын, табысын жасыратын кәсіпкерлік нысандары бар. Аудан, қала әкімдері, табыс табу көздері – көз алдарыңызда. Кабинеттеріңізде отырып алмай, салық өкілдерімен бірге көшеге шығыңыздар. Аралап көріңіздер. Кемшіліктерді табыңыздар. Қосымша кірістерді ұлғайтуға ең әуелі сіздер жауаптысыздар. Салық төлеушілердің салық мәдениеті қалыптаспаса, бюджет кірістерінің тұрақты өсуіне қол жеткізу мүмкін емес. Салық жүйесін реттеу үшін бұл саланың жұмысына түпкілікті талдау жасап, баға беруіміз керек, – деді Дархан Сатыбалды.
Бюджет кірістерін ұлғайтуға барлық аудан, қалада резервтер бар. Біріншіден, облыс бойынша 4529 салық салу объектілерінің (тойхана, кафе, ресторан, базар және т.б.) бағалау құнын нарықтық бағаға ретке келтіріп, мүлік салығы мен жұмысшыларының жеке табыс салығының толық өндірілуін қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, бюджеттен қаржыландырылған «Ауыл аманаты», «Ауыл ел бесігі» жобалары арқылы және өзге де бағдарламалармен жеңілдетілген несие алған жеке кәсіпкерлер мен субсидия алған шаруа қожалықтары бойынша талдау жүргізіп, салықтарын өндіру қажет. Үшіншіден, салық базасын арттыру мақсатында жаңа инвестициялық жобаларды қамтамасыз ету керек. Қосымша түсімді қамтамасыз ету және бюджеттен бөлінген қаржылардың тиімділігіне талдау жүргізу мақсатында жаңа іс-шаралар жүргізіледі.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРАРЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

13.08.2026

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ДАМЫТУДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫНА ТОҚТАЛДЫ

17.07.2026

ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСҚАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БАРЫСЫНДА ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ АЛМАСУ РӘСІМІ ӨТТІ:

16.07.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

10.09.2026

В ЮКГУ имени М. Ауэзова представили сборник ценных мыслей Главы государства

10.09.2026

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де Мемлекет басшысының құнды ой-тұжырымы топтастырылған жинақ таныстырылды

10.09.2026

ЖАСТАРДЫ КИБЕРҚАУІПТЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ САБАҚТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

10.09.2026

Как уберечь молодежь от киберугроз: в Шымкенте продолжаются уроки цифровой грамотности

10.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫМЕН БІРЛЕСКЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

10.09.2026

ШЫМКЕНТТЕГІ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН САЛТАНАТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

10.09.2026

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖӨӨ-ДЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.09.2026

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ СТУДЕНТТЕРДІ ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА БІЛІМ АЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

10.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.