Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара қаласына орналасқан Қ.Аманжолов жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Жастар өміріне әлеуметтік желі қалай әсер етеді?», «Діни ағымдардың алдын алу» тақырыбындағы кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ — нің теолог маманы Д.Аманов, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің теолог маманы Е.Сариев, Шардара қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.Мүталиев қатысты. Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ — нің теолог маманы Д.Аманов: Жастардың діни сауаттылығы — қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Ең алдымен экстремистік және террористік…
Автор: ais_media
Бүгінде жасанды тоғандар мен су нысандарында балық өсіру бойынша елімізде Түркістан облысы көш бастап тұрса, соңғы жылдары Жетісай ауданында тауарлы балық шаруашылығымен айналысуға деген қызығушылық артып келеді. Соның бірі – Атамекен ауылдық округінің тұрғыны Өмірзақ Маханов. Бұған дейін мал шаруашылығымен, диқаншылықпен айналысып келген Өмірзақ Әскерұлы жеке қаржысы есебінен 10 млн. теңгеге жуық инвестиция салып, балықтың дөңмаңдай (толстолоб) мен амур, сазан сынды түрлерінің 500 мың дана шабағын Шардара ауданынан алып келген. Бүгінде аумағы 10 сотық, тереңдігі 2 метрді құрайтын тоғанда өсіріліп жатқан балықтардың орташа салмағы 1 келіге жетеді. Аудан әкімі Серік Мамытов жеке кәсіпкердің балық шаруашылығымен танысып, «Ауыл аманаты» жобасы аясында…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы Жетісай ауданында да кеңінен қолға алынған. Бұл бағытта арнайы дайындалған жылыжайлардың да көлемі жыл сайын арта түсуде. Атап айтсақ, өткен жылы ауданда 23 гектар аумаққа жылыжай салынса, биыл бұл көрсеткіш тағы өседі деп жоспарланып отыр. Бүгінде жылыжай шаруашылықтарында 1,75 га жерде қызанақ, 0,4 га жерде қияр, 2,8 га жерде балгар бұрышы, 0,3 га жерде баклажан, 1,3 га жерде лимон егілсе, 5,9 га жерден қырыққабат, 2,6 га жерден бақша көшеттері өндірілуде. Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов Атамекен ауылдық округіндегі жылына бірнеше өнім алуды жолға қойған Берік Байымбетовтың…
Түркістан облысында су қоймаларын салу, жөндеу және су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жаңа қарқынмен жалғасады. Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында талқыланды. «Түркістан облысын әлеуметтік экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» және «ҚР су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес облыста 8 ірі су нысанының құрылыстарын жүргізу қарастырылған. 2021-2023 жылдары 2 су нысан пайдалануға берілді. Атап айтсақ, сыйымдылығы 18,5 млн. текше метрді құрайтын «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасы салынып, жылына 31,0 млн. м3 ағын су қосымша жеткізілуде. Ал «Түркістан магистралды каналында күрделі жөндеу» жобасы бойынша 59 шақырым канал бетонмен қапталды. Нәтижесінде бұрын ағын…
Жеке инвесторлар Түркістан қаласында бизнес ашып, кәсібін дөңгелетуге ниетті. Олардың қатары күн санап артып келеді. Еліміздің түкпір-түкпірінен қызығушылық танытып отырған азаматтар облыста кәсіп ашуға жасалған жағдайдың қолайлы екенін алға тартады. Кәсіпкерлер автосалон, жекеменшік емхана, сауықтыру кешендері мен спорт кешендерін салуға қызығушылық танытып отыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиналыста облыс орталығында жаңадан салынатын жобалар таныстырылып, құрылысы жүріп жатқан жаңа нысандардың сәулетіне қатысты талқылау өткізілді. Түркістан қаласында салынатын жаңа ғимараттардың сыртқы әрлеу жұмысы, ішкі дизайны мен сыртқы көрінісіне қатысты сәулеттік үлгілер ұсынылды. Оған жауапты басқарма басшылары, сәулетшілер, қала әкімдігі мен өзге де мекемелердің басшылары қатысты. Облыс әкімі әрбір нысанның…
Түркістан облысында ауыл ақсақалдары мен белсенді азаматтардың бастауымен ауыл дүкендерінде алкаголь өнімін сатудан түбегейлі бас тартып, «Арақсыз ауыл» тәжірибесі қолға алынған. Аталған ісшара Келес ауданының Қошқарата ауылдық округіне қарасты Мақташы ауылында жалғасын тапқан. Статистикалық мәліметке сәйкес, аталған ауылда соңғы үш жылды бірде-бір құқықбұзушылық тіркелмеген. Бұл туралы Келес аудандық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Әбілханұлы өткен жылдың қорытындысы бойынша жергілікті тұрғындарға есеп беру кездесуінде атап өтті. – Өткен жылы ауданда Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі және Түркістан облысы полиция департаментінің жеке құрам алдында қойылған міндеттері мен тапсырмаларын орындау жолында бірқатар жоспарлы жұмыстар жүргізілген. Нәтижесінде 2023 жылдың 12 айында жалпы тіркелген құқықбұзушылықтардың саны…
Шардара қаласында орналасқан М.Горький жалпы орта мектебінің мәжіліс залында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ — нің теолог маманы Д.Аманов, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің теолог маманы Е.Сариев, Шардара қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.Мүталиев қатысты. Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ — нің теолог маманы Д.Аманов: Деструктивті сипаттағы теріс діни ағымдарға ерген жастар аят — хадистерде айтылған жайттардың астарындағы даналыққа үңілмеді, діни мәтіндерге үстірт қарады, тарихты оқымады, мәдениетті елемеді, келте діни түсінікпен ата — ана, туыс -…
Шардара қаласында орналасқан Б.Соқпақбаев жалпы орта мектебінің мәжіліс залында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Жастар жат ағым жетегіне неге тез ереді?» — тақырыбында кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ — нің теолог маманы Д.Аманов, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің теолог маманы Е.Сариев, Шардара қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.Мүталиев қатысты. Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ — нің теолог маманы Д.Аманов: Жастардың діни сауаттылығы — қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Олардың рухани санасын оятуда діннің алар орны ерекше. Ұлттың бүгіні мен келешегі — білімді жастың қолында. Анығырақ…
Кешегі аптада Шардара аудандық сот төрағасы Светлана Ондыбаева аудандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері алдында арнайы брифинг өткізді. Брифингте С.Ондыбаева аудандық сотта 2023 жылы атқарылған жұмыстарды салыстырмалы түрде қорытындылады. Брифинг барысында аудандық сотта өткен жылы жүйелі жұмыстар жүргендігіне куә болдық. Мысалы, 2023 жылы 81 тұлғаға қатысты 77 қылмыстық іс түскен болса, 2022 жылы осы тақырыптағы істер саны 77-ні құраған. Жалпы 76 тұлғаға қатысты 73 қылмыстық іс қаралып, аяқталған (2022 ж. – 68 іс), оның ішінде 57 тұлғаға қатысты 54 іс бойынша үкім қабылданған (2022 ж. – 53 үкім), 9 тұлғаға қатысты 9 іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған. Жоғарыда аталған 54 қылмыстық…
Түркістан облысының орталығы жаңа ғимараттармен толықты. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Еркін Ботақанов пен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан облысының полиция департаментінде болып, «қызмет орталығының» ашылу салтанатына қатысты. Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов екі қабаттан тұратын ғимаратты толығымен таныстырып шықты. «Мұнда анықтама бөлімі, күту залы мен полицияның қызмет көрсету орындары бар. Күту залында отырып келушілердің теледидар қарауына, газет- журнал оқуына және ыстық кофе, сусын ішуіне мүмкіндік бар. Сондай-ақ бейнебақылау камераларымен, интернетпен, заманауи құрал-жабдықтармен және кеңсе жиһаздарымен жабдықталған. Орталық тұрғындарға түрлі бағытта қызмет көрсетіп, халықтың полицияға қатысты сұрақтары жедел қаралатын болады», деп атап өтті генерал. Бір мезетте 50…