Арыс қаласы, Ақдала елді мекенінде тұратын Есенқұловтардың шаңырағы ұлттық қолөнерді кәсіп етіп, шағын шеберхана ашқан. Отбасылық кәсіпті қолға алған Алмагүл Шереханқызы мен Нартай Есенқұлов 2020 жылы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының қолдауымен 555 мың теңге көлеміндегі грантқа ие болған. Басында тек жүн өндірумен айналысса, кейіннен ерлер мен әйелдерге және балаларға арналған ұлттық нақыштағы киімдерді тіккен. «Анамның жанында жүріп қой қырқып, жүн сабап, ұршық иіріп, киіз басып, алаша тоқып өстім. Үлкен ұлым Ерболат отбасылық кәсібімізді ағаш өңдеумен толықтырып, ыдыс-аяқ және ұлттық аспаптар жасай бастады. Ол да кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік грант иегері атанып, екінші шеберхана аштық. Ал кіші ұлым Ердәулет Түркия елінде былғарыдан бұйым…
Автор: ais_media
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында шаруалар әлеуметті маңызға ие, ерте пісетін картоп өнімін егуді бастап кетті. Науқанды алғашқы болып бастаған шаруалардың бірі – Қабланбек ауылдық округінде орналасқан “Өскенбай” шаруа қожалығы. Қожалық төрағасы Ө.Рысмамбетов биыл иелігіндегі 2 га жерге «Реверия» сұрыпты картобын егуде. Алдағы уақытта 2 га алқаптан 45 тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Картоп өнімін жинап алғаннан кейін орнына қырыққабат, болгар бұрышы және кешкі картоп өсіру көзделген. Биыл аудан шаруалары жалпы 2,9 мың гектарға жуық жерге картоп өсіреді деп күтілуде. Оның ішінде 1,8 мың гектарына ерте пісетін картоп егілмек.
Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша «Есірткісіз болашақ» атты арнайы профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шараға Түлкібас АПБ-ның бастығы Б.Сұлтанов оқушыларға «Есірткісіз болашақ» тақырыбында яғни есірткінің зияндығы мен қауіп-қатерін, әлеуметтік желі арқылы синтетикалық есірткі заттарын өткізу сату белең алып бара жатқандығын айта отырып, осы жүйедегі құқық бұзушылықтар үшін белгіленген жауапкершілікті түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін ескертті. Жиын барысында мамандар есірткі таратушыларды байқаған жағдайда, әрекет ету тәртібі туралы толыққанды көрсетіп, зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақырды. Кездесу соңында мектеп оқушылары көкейіндегі жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алып, өзара еркін пікір…
Бүгін Қазығұрт ауданында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің өңір тұрғындары арасындағы кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары өтті. Аталған кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бөлім басшысы Қ.Салықбаев, облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Х.Исақов, сондай-ақ ауыл тұрғындары, облыстық ҚХА жанындағы құрылымдарының мүшелері, дін саласындағы өкілдері, ауыл ақсақалдары, көше билері және белсенді тұлғалар қатысты. Бұл ретте, тұрғындар арасында өткен кездесу «Бұрын кім болғанбыз, қазір кімбіз және болашақта кім боламыз?», «Не себептен бүгінгі таңда дінге деген көзқарас өзгере түсті?», «Әскери міндет саласындағы заңнамаларды…
Бүгін Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақпараттық-насихаттық топтың Сауран ауданы тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында айтқан маңызды міндеттерін іске асыру жайы сөз болды. Ескі Иқан ауылында өткен жиынға Түркістан облысы білім басқармасына қарасты «Білім беруді дамыту» орталығының «Тәрбие және әлеуметтік психология» кафедрасының жұмыстар бойынша әдіскері Балзада Омарова, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Мағдияр Дүйсенбай, Түркістан облысының дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бөлім басшысы Жорабек Жалғас, Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығы КММ “Талантты жастарды қолдау” бөлімінің басшысы Нұрболат Жүрсін, Сауран аудандық…
Түркістан облысы Полиция департаметі Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, 102 омниканалдық бағдарламасындағы QR коды көрсетілген жадынамаларды халық көп шоғырланатын жерлерге, орталық базар маңына жабыстыру арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жүйеде көрсетілгендей шұғыл шақыру кезінде қоңырау шалушының орналасқан жеріне байланысты шақыру белгілі бір аумаққа қызмет көрсететін жедел басқару орталығына немесе аудандық полиция бөліміне таратылады. Олар өздерінің осы әрекеті арқылы аудан тұрғындарына: Құрметті Арыс ауданының тұрғындары мен қонақтары! Егерде сізге полиция қызметкерлерінің көмегі қажет болған жағдайда, осы 102 омниканалдық бағдарламасын өзіңіздің жеке телефоныңызға QR коды арқылы жүктеп алсаңыз болады! – деп үндеу тастады Сонымен қатар сақшылары аталған бағдарлама арқылы кез келген арыз-шағымдарды немесе…
Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы полковнигі Бауыржан Батырбекұлы Зиятаев 2023 жылдың атқарылған жұмыстарын қорытындылау есебін берді. Атқарылған жұмыстардың есебі бойынша бөлім бастығының бірінші орынбасары Ғ.Курбаналиев таныстырып, баяндама жасады. Жиналысқа Төлеби ауданының әкімі Төлеген Тұртайұлы Телғараев және аудан прокуроры Оразалы Ералханұлы Абдраманов қатысып, Ішкі істер министрлігінде Мемлекет басшысының қатысуымен өткен кеңейтілген алқа жиналысындағы тапсырмаларды жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асыруды және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында жұмыстарын атқару жөніндегі ұсыныстарды талқылады. Жиын соңында ауданының әкімі Т.Телғараев қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуді, есірткі қылмысы мен интернет алаяқтың, отбасылық зорлық-зомбылықтардың және жасөспірімдерге қатысты қылмыстарының алдын алумен тек полиция қызметкерлері ғана емес, жалпы қоғам болып күресу керектігін…
Түлкібастық кәсіпкер Жура Жұмаев «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында мемлекеттен 1 млн 380 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алған. Нәтижесінде көлік жөндеу орталығын ашып, қажетті құрал-жабдықтарын толық сатып алған. «Мемлекеттен қайтарымсыз грантты жеңіп алып, бүгінде жеке кәсібімді дөңгелетіп отырмын. Орталық ашылғаннан бері келушілер саны артып келеді. Қызметке жүгінушілердің көпшілігі аудан тұрғындары. Алдағы уақытта кәсібімді ұлғайтуды көздеп отырмын»,- дейді кәсіпкер. Ал, мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп, кәсібін дөңгелетіп отқан бәйдібектік кәсіпкер массаж орталығын ашып, жұмысын бастап та кетті. Бәйдібек ауданы, Шаян ауылының тұрғыны Нұргүл Досболаева мемлекеттік грант жеңіп алып, массаж орталығын ашқан. Кәсіпкер 2023 жылы өз бизнес жобасын ұсынып,…
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында Шардара ауданында 3474 адам жұмысқа орналастырылды. Аудандық «Мансап орталығы» ұсынған мәлімет бойынша өткен жылы 4408 тұрғын жұмыспен қамту жобаларына қатысқан. Атап айтсақ, ауданда өткен жылы жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған 2,5 пайыздық шағын несиені 33 азаматқа беру жоспарланған. Нәтижесінде 21 азамат комиссия отырысына қатысып, бизнес жобалары мақұлданып, қаржылары аударылды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант 78 азаматқа берілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына өткен жылы 29 жұмыс берушінің өтініміне сәйкес 198 азамат жолданды. «Жастар практикасына» 2023 жылы 413 жас маман жолданды. Қоғамдық жұмыстарға 729 жұмыссыз азамат жіберілді. «Алғашқы…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды білім беру инфрақұрылымын дамыту туралы жиналыс өткізді. Саладағы өзекті мәселелер талқыланған отырыста әкім жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Түркістан облысындағы жалпы 912 мемлекеттік мектепте 500 мыңға жуық бала оқиды. Оның 159-ы ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан, оның ішінде 35 мектепте оқушылар саманды ғимаратта білім алады. Сонымен қатар 5 үш ауысымды және 4 апатты мектеп бар. Облыста 35 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның үшеуі «Ауыл ел бесігі» бағдарламасынан, 32 мектеп республикалық бюджет есебінен. Былтыр 20 мектеп тапсырылған. Биыл қалған 15 мектеп 13-і пайдалануға берілетін болады, 2-і 2025 жылға өтпелі. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 2023-2025 жылдары облыста жобалық…