Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОП МҮШЕЛЕРІ САУРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    Аймақ

    АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОП МҮШЕЛЕРІ САУРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    14.02.2024
    Бүгін Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақпараттық-насихаттық топтың Сауран ауданы тұрғындарымен кездесуі өтті.
    Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында айтқан маңызды міндеттерін іске асыру жайы сөз болды.
    Ескі Иқан ауылында өткен жиынға Түркістан облысы білім басқармасына қарасты «Білім беруді дамыту» орталығының «Тәрбие және әлеуметтік психология» кафедрасының жұмыстар бойынша әдіскері Балзада Омарова, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Мағдияр Дүйсенбай, Түркістан облысының дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бөлім басшысы Жорабек Жалғас, Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығы КММ “Талантты жастарды қолдау” бөлімінің басшысы Нұрболат Жүрсін, Сауран аудандық Мансап орталығының бөлім басшысы Нұршолпан Алимжанова, сондай-ақ жергілікті тұрғындар, ҚХА жанындағы құрылымдарының мүшелері, ұстаздар, жастар қатысты.
    Жиынға Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Әшірбаев модераторлық етті.
    — Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына белсенді түрде атсалысуды тапсырған болатын. Тапсырма аясында ауылдар мен қала іргесіндегі ауыл жастарын білім беру, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және басқа да мәселелер бойынша ақпараттандыру және кеңес беруге бағытталған жобаларын жүзеге асыруға Ақсақалдар кеңесінің жәрдемдесуін ұйымдастыру көзделген. Бүгін осы мақсатта өздеріңізбен бас қосып отырмыз, — деді Бақытжан Шәкірұлы.
    Алқалы басқосуда ақпараттық-насихаттық топ мүшелері «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру аясында еліміздің еңбек күші артық өңірлерінен еңбек күші тапшы солтүстік өңірлерге қоныс аудару, «Серпін» бағдарламасының тиімділігі, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас» жобалары, жалпы Түркістан өңірінде этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында қолға алынған ауқымды істер жайлы айтып өтті.
    Сондай-ақ, жиында синтетикалық есірткінің ағзаға зияны мен әсері, «Синтетикалық есірткіні қолданатын адамды қалай тануға болады», «Жасөспірімдер арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу», «Білімді ұрпақ — жарқын болашақ кепілі», Экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық алдын алу және сақтандыру бағыттары, Ұлттық жоба шеңберінде көрсетілетін белсенді жұмыспен қамту шараларының басым бағыттары талқыланды.
    Аталған тақырыптар төңірегінде жауапты сала жетекшілері мазмұнды баяндама жасады. Кездесуде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, толғандырған сұрақтарына тұшымды жауап берілді.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.