Бүгін Созақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық полиция бөлімі тұрғындарға өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, аудан прокурорының орынбасары Алмас Жағыппаров, Ардагерлер және Қоғамдық кеңес мүшелері мен аудан тұрғындары, тиісті бөлім, мекеме басшылары, құқық қорғау органдары мен жеке құрамының қатысуымен өткен жиынды аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов ашып, жүргізіп отырды. Жиынның күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарлаған аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Жасұлан Нысанбаев бөлімнің өткен жылы атқарған жедел-қызметтік жұмыстары мен оның қорытындысы жөнінде кеңінен баяндады. Бұған қоса жол көлік оқиғасы мен қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі ақпараттық жүйені пайдалану арқылы іске асып отырған…
Автор: ais_media
Түркістан облысы бойынша 2024 жылдың ақпан айының 19-23 күндері аралығында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Осыған байланысты, Келес ауданы көлемінде 2023 жылдан бүгінгі күнге дейінгі салынған айыппұлдарды өндіру бойынша Сот орындаушылармен біріге жұмыстар атқарылуда. — Аудан тұрғындарына, өздеріне салынған айыппұлды уақытында, яғни Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 7 тәулік ішінде 50 % жеңілдікпен төлеуге мүмкіндігі бар екенін, төлемеген жағдайда айыппұл 100 %-ға (2 есеге) көбейтілетінін ескертеміз. Сонымен қатар айыппұл салынған күннен бастап 40 күн ішінде ерікті түрде төлемеген жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында Сот орындаушыға жолданатынын, ары қарай борышкерлерге заңды түрде шектеулер қойылатындығы туралы ескертеміз, — дейді…
Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Айнабеков Марат Фаритұлының төрағалығымен және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Кожабекова Наталья Сунгатовнаның, «Заңғар-Медет» Қоғамдық бірлестігінің басшысы Дарханбаева Лайла Орынбаевнаның, Жетісай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (ары қарай – Комиссия) мүшелерінің, Комиссия хатшысы Әшірәлиев Шоханның қатысуымен кезекті отырыс өтті. Күн тәртібіне сәйкес, Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Асыл қазына және Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының Тұрмыстық зорлық зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Жақыпова Ақбаян Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округі, Ынтымақ ауылы, Баян сұлу көшесі №27 үйде пәтер…
Түркістан облысы Арыс 1 станциясының желілік полиция бөлімі қызмет көрсету аумағында ағымдағы жылдың 19-21 күндері аралығында «Anti-fraud» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. -Бұл іс-шара ақпараттық технологияларды қолданумен жасалған құқық бұзушылықтармен, сондай-ақ кибер алаяқтықпен күресудің тиімділігін арттыруға бағытталған. -Алаяқтық дегеніміз – бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап келе жатқан қылмыстардың түрі. Ол қоғамның жағдайына байланысты түрленіп, дамып, жаңа сипатта көрініс беріп жатады. Соған орай, алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа бір сипаты – ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты өмірге келген интернет-алаяқтық болып отыр және оның түрлері де күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді. -Интернет-алаяқтық деп – ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру,…
Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжінің ұстаздары мен студенттеріне «Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы А.Сейдуәлі және «Аналар алқасының» төрайымы, ҚР Мәдениет қайраткері Ұ.Мұстафаева қатысты. Кездесу барысында қыз баласының тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүріміздің ислам дінімен сабақтастығы, еліміздің зайырлылық ұстанымы, елімізде тыйым салынған діни ұйымдар және басқа да түрлі жат пиғылды ағымдарға қарсы жастар арасында иммунитет қалыптастыру – маңызды міндет екендігі түсіндірілді. Жиналыс соңынан жастар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.
Қазіргі дамыған технология заманында айтылған ақпарат отыз рулы ел былай тұрсын тұтас Қазақстанды шарлап, әлемді әбігерге салады. Бүгінгі таңда әлеуметтік желілерінде жас та, кәрі де елде не болып жатқанын күндіз-түні аса қырағылықпен бақылап отыратыны рас. Әлеуметтік желілердің қолданушылары қарапайым адамдармен қатар мемлекет, саяси қайраткерлер, шоу-бизнес өкілдері мен әртүрлі саланың мамандары. Бұқаралық ақпарат құралдары халық алдында жүрген белсенділер мен қоғам қайраткерлері, шенеуніктердің әлеуметтік желілерде жариялаған мәлімдемелеріне жиі сілтеме жасайды. Бұрын тек ойын-сауық құралы ретінде қабылданған әлеуметтік желілердің қазіргі таңда мәртебесі мен әлеуетінің өскенін байқауға болады. Тіпті жалған ақпарат таратқандарды сот тарапына дейін жеткізіп, жаза қолдануда. Әрине, бұл тұрғыда оқырман да сауатсыздықтың,…
Түркістан облысы әкімдігінде 2024 жылғы әскерге шақыру науқанына дайындық мәселелері бойынша жиын өтті. Облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Бейсен Тәжібаевтың төрағалығымен өткен басқосуға Жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы, Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, білім басқармасы, Түркістан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің орынбасарлары мен ТЖД, Ұлттық ұлан, Шекара қызметінің өкілдері және бейне-селекторлық байланыс арқылы аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Күн тәртібінде көктемгі әскерге шақыру науқанына дайындық жұмыстарының барысы, жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу жұмысының тиімділігі және алдағы жоспарлар талқыланды. Қарулы күштер мен басқа да әскери құралымдардың өкілдері өз бөлімдеріне әскерге шақырылушыларды іріктеу тәртібі мен…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, Тегісшіл ауылдық округі, Мәдениет елді мекеніндегі құлпынай өсірумен айналысатын «Абдураман» шаруа қожалығында болды. Жеке кәсіпкер жылыжай шаруашылығын дамытуға заманауи технологияны енгізіп, құлпынай өндірісін қолға алып отыр. 2023 жылы жұмысын бастаған жобаның инвестициялық құны 300 млн теңгені құрайды. Жаңа заманауи технологиямен шаруасын дамытып отырған кәсіпкер Аширафи Шимбергенов 2,5 га алқапта жылу жүйесін қажет етпейтін заманауи үлгіде жылыжай құрылысын салып, құлпынай өсіруде. Жаңа технологиядағы жабық топырақтағы құлпынай аумағы – 13 гектар. Мұнда тұрғындар 15 тұрақты, 40 маусымдық жұмыспен қамтылған. Жылыжайдың ерекшелігі – күн сәулесі және арнайы тігілген көрпешелер арқылы өсіріледі. Қожалық иесінің…
Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кәмелетке толмағандардың арасында немесе оларға қатысты қылмыстардың алдын алу және жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жүйелі түрде профилактикалық жұмыстарын жалғастыруда. Аталған жайт бойынша арнаулы оқу орындары және мектеп ұстаздарымен бірігіп келеңсіз жағдайлардың алдын алу, мектеп ауласында күдікті азамат немесе заттарды анықтаған жағдайдағы іс-әрекеттер жасау тақырыптарында дәрістер өтуде. Сонымен қатар түнгі рейд жұмыстары нәтижесінде 2 ойынхана әкімшілігіне, түнгі сағат 22.00-ден кейін ойынханада балалардың болуына жол бергені үшін, өз балаларын тәрбиелеу, оқыту және олардың құқығын қорғау бойынша өз міндеттерін орындамағаны 2 отбасыға, ортақ пайдалану орындарын ластағаны бойынша 3 жасөспірім мен түнгі сағат 23.00-ден кейін заңды өкілдерінің рұқсатынсыз…
Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара қаласында орналасқан Шардара орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу», «Құқық бұзушылықтың алдын алу» — тақырыбында кездесуге Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің теолог маманы Е.Сариев, Шардара аудандық полиция бөлімінің полиция подполковнигі С.Естаев қатысты. Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Бүгінде Ислам дінін ұстанатын мұсылмандардың қатары артып келеді. Десе де, дін ұстанған кей мұсылманның діни білімі жетпей айтқан сөздерінен, әдепке жатпайтын ұнамсыз қылықтарынан Исламға деген жеккөрушілік, дін арқылы қоғамда үрей — қорқыныш…