Арыс ауданының полициясы және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, «Бүгінгі бала-ертеңгі ана» атты студент қыздар арасында семинар тренинг өткізілді. Шараның мақсаты — құқықбұзушылық, ерте жүктілік, зорлық — зомбылық пен әлімжеттіктің және өз — өзіне қол салу фактілерінің алдын алу. Күн тәртібіндегі осы мәселе бойынша полиция инспекторы Айжан Мырзахметова баяндама жасап, жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, жыныстық қатынасқа саналы көзқарас, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу, жақсы әке мен ана болуға дайындау қажеттігін айта келе, жас оқушы ертең ата-ана болады, тек өз бойларында жақсылық пен жамандықты ажырата алуға, өмірдегі шындыққа саналы жауапкершілікпен қарайтын, өз-өздерін танып, дамытатын тұлға болуға тәрбиелеу жан жақты бірлесіп…
Автор: ais_media
Бүгін Ордабасы аудандық полиция бөлімінің 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Аудандық мәдениет сарайының мәжіліс залында өткен жиынды аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов ашып, жүргізіп отырды. Есеп беру жиынына аудандық құқық қорғау органдарының қызметкерлері, партиялар, аудандық қоғамдық кеңес және БАҚ өкілдері, дербес бөлім басшылары мен ауыл округтерінің әкімдері, ауыл тұрғындары қатысты. Алдымен күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ермек Усербаев баяндама жасады. Баяндамада атап өткендей, аудан бойынша қылмыс деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда 31,0% (100-ден 69-ға) төмендеген. Оның ішінде мал ұрлығы бойынша 2023 жылы тіркелген қылмыстық істер бойынша ұрланған малдарды жүк көліктерімен тәуліктің күндізгі, түнгі уақыттарында жасырын…
Түркістан облысы полиция департаментінің Арыс ауданы полиция бөлімінің ұйымдастыруымен ішкі істер органдарының есебінде тұратын, оның ішінде өтелмеген және алынбаған соттылығы бар тұлғалардың қайта қылмыс жасауының алдын алу мақсатында 2024 жылдың 12-20 ақпан күндері аралығында «Есептегі элемент» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған профилактикалық шара Арыс аудандық прокуратурасының прокурорлары, пробация қызметінің қызметкерлерімен бірлесе атқарылуда. «Есептегі элемент» алдын алу іс-шарасы барысында — қоғамдық қауіп төндіретін, денсаулық сақтау органдарында диспансерлік есепте тұрған, мінез-құлқының әлеуметтік бағыттылығы бар психикалық науқас адамдарды тексеру; — қоғамдық тәртіпті бұзуға бірнеше рет жол берілген, тәулік бойы және сағаттап жалға берілетін…
Қазіргі күнге дейін зерттеуші ғалымдар тарапынан діннің анықтамасына көптеген пікірлер айтылып, ой толғап келді. Дін – қоғамды белгілі бір деңгейде қалыптастырушы, ортақ тәртіпті сақтаушы, адамдарды ізгілік пен махаббатқа біріктіруші құрал ретінде өз қызметін атқаруда. Қазіргі таңда жер бетінде 8 млрд-қа жуық адам өмір сүруде. Сонымен қатар әрбір азамат пен азаматшаның діни ерік бостандығы халықаралық ұйымдардың және мемлекет заңымен берік қорғалған. Яғни қандай да бір қоғам өкілі христиан немесе ислам дінін қабылдаймын десе өз еркі дегенге саяды. Тарихи хронологиялық кесте бойынша адамзатқа түскен ең жас дін – әрине ислам діні. Ислам діні – барша халықты бірлікке, ынтымаққа шақырушы бейбітшілік діні. Себебі…
Бүгін Отырар ауданында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің өңір тұрғындары арасындағы кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары өтті. Аталған кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бөлім басшысы Ж.Жорабек, облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Х.Исақов, сондай-ақ ауыл тұрғындары, облыстық ҚХА жанындағы құрылымдарының мүшелері, дін саласындағы өкілдері, ауыл ақсақалдары, көше билері және белсенді тұлғалар қатысты. Бұл ретте, тұрғындар арасында өткен кездесу «Бұрын кім болғанбыз, қазір кімбіз және болашақта кім боламыз?», «Не себептен бүгінгі таңда дінге деген көзқарас өзгере түсті?», «Әскери міндет саласындағы заңнамаларды…
Сауран ауданында ірі қара мал басы артып келеді. Бұл «Ауыл аманаты» бағдарламасының тиянақты жүзеге асуының нәтижесі. Сондай-ақ, аймақта сүт өнімдерінің қатарын көбейту қолға алынған. Осы бағытта саурандық шаруаларға «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы бойынша қаржы беріліп келеді. Солардың бірі — Қарашық ауылдық округінің тұрғыны, көпбалалы ана Дилроба Изетова. Атаулы әлеуметтік көмек алушы азаматша 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5 пайыздық несиеге 10 бас ірі қара малға 5,5 млн. теңге көлемінде қаражат алған. Бүгінде ол шаруашылығын дөңгелетіп отыр. Қожалық сүт өнімдерін Қарашық ауылдық округінде орналасқан «Картекс Агро» АШӨК мекемесіне өткізеді. Аталмыш кооператив күніне 20 тонна сүт қабылдап, қайта өңдеуге қауқарлы. Әзірге…
Түркістанда Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ұйымдастыруымен аудан, қала әкімдіктерінің мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен «Жергілікті бюджетті және стратегиялық (өңірлік) құжаттарды жоспарлау» мәселесі бойынша оқыту семинары өткізілді. Аталған семинарға Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, экономика саласына жетекшілік ететін аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, экономика бөлімдерінің басшылары, сектор меңгерушілері қатысты. Семинарда облыстық бюджет мысалында жергілікті бюджеттерді қалыптастыру алгоритмі айтылды. Сондай-ақ жергілікті бюджет түсімдерін болжау әдістемесі түсіндірілді. Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі» құжаттары бойынша түсіндірілді. Оның ішінде, облыстың Даму жоспарының орындалуы және ҚР ауылдық аймақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарга арналған тұжырымдамасындағы нысаналы индикаторлар туралы айтылды. Басқарма мамандары «Ауыл – Ел бесігі», «Дипломмен –…
Түркістан облысында Президент Жолдауындағы 2021-2025 жылдарға арналған орман қоры аумақтарына 2 млрд көшет егу тапсырмасы орындалып келеді. Мұны іске асыру мақсатында облыста 2025 жылға дейін 110 мың гектарға 170 млн көшет егу жоспарланған. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен өткен жиында өңірде көшет егу бойынша арнайы жоспар бекітілді. – Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы облысымызда көшет сапасын жақсартуды тапсырды. Елді мекендерді абаттандыру, аймақтарды көгалдандыру бағытындағы жұмысты жүйелеу керек. Бізге берілген көшеттердің сапасын жақсартқан жөн. Облыстағы тұқымбақтар өңірдегі елді мекендерді толық қамтамасыз етуі қажет. Түркістан облысы бойынша елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарының электронды дендрологиялық картасын жасауды жүзеге асыру – міндет. Аудан әкімдіктері…
Түркістан қаласының тұрғыны Сапарбек Маханов бөдене құсын өсіруді қолға алған. Бүгінде оның шаруашылығында 3 500-ден астам құс бар. Кәсіпкер күн сайын 1 300 жұмыртқаны 30 теңгеден өңірдегі мейрамханалар мен сауда орындарына өткізеді. Кәсіпкер бөдене өсіруді осыдан 6 ай бұрын ғана қолға алған. Алдымен Шымкент қаласынан 2 000 дана бөдене жұмыртқасын сатып алып, оны арнайы инкубаторда өсірген. Қазір онда бөдененің 4-5 түрі өсірілуде. Құстың 1 300 аналығы 16 сағат сайын 1 жұмыртқадан береді. Мамандардың айтуынша, бөдененің еті де, жұмыртқасы да ағзаға пайдалы. Сондықтан аталған өнім нарықта үлкен сұранысқа ие. Айта кетсек, шаруа иесі кәсібін өз қаражатына бастаған. Ендігі кезекте шаруашылығын кеңейту…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша жиналыс өткізді. Жиынға жауапты басқарма басшылары мен осы салаға қызығушылық танытып отырған инвесторлар қатысты. Атап айтқанда, «Казахстанские коммунальные системы» ЖШС, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС, «МРЭК» АҚ өкілдері өз ұсыныстарын жеткізді. Жиналыста бұл саланы жетілдіру, жаңарту жолдары талқыланды. Кентау қаласындағы №5 жылу электр орталығын кеңейтіп, қуаттылығын арттыру мәселесі қаралды. Жыл сайын бюджеттен қыруар қаражат жұмсалуының арқасында еліміз бойынша ең төменгі тариф Кентауда екенін айта кеткен жөн. Сондықтан жылу энерго орталығына қатысты бірнеше жоба жасалған. Оның бірі – жылу орталығын табиғи газға қосу, енді бірі – жаңа жылу энерго орталығын салу. Бу-газ турбиналы қондырғылары…