Автор: ais_media

Ордабасы ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті. Жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев төрағалық етті. Жиынның күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Олар: 1. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған іс-шаралар туралы; 2. Ордабасы ауданына қарасты ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі-талдау жүргізу нәтижелері туралы; 3. Ордабасы ауданы аумағында орналасқан сібір жарасы ошақтарының қазіргі таңдағы жағдайлары туралы; 4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша заңдылықтың, тәртіптік сақталуы және қабылданып жатқан шаралардың жай-күйі және ағымдағы жылда бюджеттен бөлінген қаржыларды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде өткізілген сатып алуларды қалыптастыруға бөлінген бюджеттік қаражатты ұтымды пайдалану туралы. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу…

Read More

Қазіргі Қазақстан жағдайында ұлттық және азаматтық бірліктің маңызы өте зор. Яғни әрбір азамат шыққан тегі мен діни нанымына қарамастан өзінің тағдыры мен болашағын Қазақстан елі және мемлекетімен тығыз байланысты екенін терең түсіне білуі қажет. Діни бірлестіктер – діни сенімді уағыздау, тарату мақсатында құрылған. Осы мақсатқа лайықты белгілері: дінді тұту, құдайға құлшылық ету, басқа діни салттар мен ырым-жоралғылары бар, сондай-ақ дінге үйрету және өз ізбасарларына діни тәрбие беруге ұмтылатын азаматтардың ерікті бірлестігі. Олар діни топтар (заңды тұлға емес) және діни ұйымдар (заңды тұлға ретінде тікеуден өткен) ретінде құрыла алады. Діни ұйымдар жергілікті (ізін қуған адам оннан кем емес) және орталықтандырылған (құрамында үштен…

Read More

Қазақстан Республикасының ІІМ Ержан Саденовтің тапсырмасына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі әркез полицияның күн тәртібінде. Түркістан облысының полициясы профилактикалық шараларды атқарумен қатар, жәбір көрген ана мен баланың дағдарыс орталығына орналасқаннан кейінгі өміріне де мән беріп, Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары ол жәбірленушілермен міндетті түрде сұқбат жүргізуді әдетке айналдырған. Мына бейнежазбада Түркістан қаласындағы дағдарыс отталықтарына орналастырылған әйелдердің шынайы оқиғалары мен өкінішін білдірген ер азаматтың бейнесі көрсетілген. Мұндай оқиғаларды көрсетудің мақсаты — тұрмыстық қатынастағы зорлық-зомбылық әрекетерінің қоғамға жат екенін түсіндіру және оның салдарын жеткізу.

Read More

ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментінде қызметтік жиналыс өтті. Түркістан облысы жер қатынастары басқармасы өкілдерімен өткізілген жиналыста мемлекеттік шекара бойындағы 100 метрлік жер телімдерін ҰҚК Шекара қызметіне бөлуді қарастыру сұрағы басты назарда болды. Бүгінде облыс аумағындағы мемлекеттік шекараның бойындағы 100 метрлік шекара жолағының біркелкі еместігі шекарашылардың қызметіне кедергі келтіруде. ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментіне қарасты шекараны күзету басқармасының бастығы полковник Виталий Вилонов және Түркістан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген осы жер мәселесін талқылады. Тараптар барынша жер туралы туындаған мәселелі сұрақтардың шешімін бірлесіп шешу туралы келісімге келді. Түркістан облысы аумағындағы бес ауданның халқы мемлекеттік шекара бойына…

Read More

Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында аудан көлеміндегі пробация есебінде тұрған азаматтармен «Діни экстремизмнің алдын алу» — тақырыбында кездесуге Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Оспанов, әдіскер, теолог маманы А.Данияров, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің теолог маманы Е.Сариев, Шардара қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.Мүталиев, Шардара аудандық полиция бөлімінің полиция подполковнигі С.Естаев қатысты. Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Діни экстремизм діни білім мен тәжірибенің жоқтығының, саясат пен діннің араласуының тікелей салдары. Діни экстремизм, іс жүзінде саяси экстремизм, яғни дінді агрессияны ақтап шығаруүшін пайдаланады. Бұған жол бермеу үшін тең дәрежеде діни сауаттылық,…

Read More

Кентау қалалық полиция бөлімінің бастығы Үсіпбеков Сұлтанбек Асанұлы өткен жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылап, қала халқы алдында есеп берді. Есеп беру жиынын қала әкімінің орынбасары А.Байболова ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Жиынға «Amanat» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы А.Басаров, қоғамдық кеңес мүшелері және қала тұрғындары қатысты. Алдымен қалалық полиция бөлімінің басшысы, полковник С.Үсіпбековке жылдық есептік баяндама жасады. Кентау қаласы көлемінде өткен жылдың 12 айында 252 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Қылмыстың саны былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 72 қылмысқа төмендеген. Аса ауыр қылмыстар 2022 жылмен тең болса, ауыр, орта дәрежелі және онша ауыр емес қылмыстар төмендеген. Зорлау қылмыстары (1-ден 3-ке) өсіп отыр. Денеге…

Read More

Мақтарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау, құқықбұзушылықтардың алдын алуда және қоғамдық тәртіппен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі қызмет атқаруда , -деп өзінің халыққа жылдық есеп беру кездесуін бастады аудандық полиция бөлімінің бастығы Есімжан Үсенбекұлы Надиров. Ол өз сөзінде былтырғы жылмен салыстырғанда, 2023 жылдың 12 айында тіркелген қылмыстар -18,7 пайызға кемігенін айтты. Кездесудің ойда қаларлық бір тұсы әр бір елді мекеннің кіре беріс жерлеріне «Интернет аляқтық» тақырыбында, билбордтар орнатуды және «газ, су, жарық» төлемдері түбіртектерінің артқы бетіне ескертпе ретінде, интернет алаяқтық тақырыбындағы жаднамаларды енгізу жайлы ұсыныс берілуінде болды. Жиын соңында кедесуге қатысушылар атқарылған жұмысқа…

Read More

Сарыағаш аудандық полиция бастығы Е.Бейсебаев 2023 жылы атқарылған жұмысы бойынша халық алдында есеп берді.Қазіргі таңда полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыстың жолын кесу және орын алған құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында қарқынды жұмыстар атқаруда. Атап айтқанда жүргізілген профилактикалық жұмыстары нәтижесінде қылмыстың едәуір төмендегенін байқауға болады. Мәселен, 2023 жылдың 12 айында қызмет саласы бойынша «Құқықтық тәртіп», «Автобус», «Тасымалдаушы», «Түнгі қаладағы балалар», «Браконьер», «Тұрмыс», «Абайлаңыз балалар», «Борышкер», «Мигрант, заңсыз келуші», «Есептегі элемент», «Қауіпсіз жол», «Учаске», «Қару», «Жол көлік оқиғасынсыз бір ай» атты жедел профилактикалық іс-шаралары және «Зорлық зомбылықсыз 16 күн», «Сіздің учаскелік полиция инспекторыңыз» атты акциялары өткізілді , — деді полиция бастығы . Кездесуде түрлі…

Read More

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімшілігінің мәжіліс залында аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары және белсенді кәсіпкер жастармен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» — тақырыбында кездесуге аудандық — ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласов, әдіскер, теолог маманы А.Данияров, аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ — нің басшысы Б.Қалдарбеков, Шардара қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.Мүталиев, Шардара аудандық полиция бөлімінің полиция подполковнигі С.Естаев қатысты. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласов: Жастар — қоғамның қозғаушы күші. Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда. Өздеріңіздей білімді, саналы, дарынды жастарымыз барда мемлекетіміздің келешегі кемел болары…

Read More

Түлкібас ауданының Мәдениет үйінде Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Бекарыс Талғатұлы Сұлтановтың аудандық полиция бөлімінің 2023 жылдың 12 айында атқарған ел алдындағы жылдық есебінің қорытындысы тыңдалды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен, аудан прокуроры Н.Асқанбеков, Ішкі істер саласының Құрметті ардагері С.Таңатбаев, полиция бөлімі бастығының орынбасарлары мен салалық топ басшылары,аудандағы ардагерлер кеңесінің төрағалары, ауылдық округтердің билері қатысты. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Бекарыс Сұлтанов өзінің жылдық есебінде 2023 жылы атқарған есебі туралы баяндама жасады. Қазіргі таңда аудандық полиция бөлімінде штат бойынша 119 тәртіп сақшылары қызмет атқаруда. Өткен жылы мұндағы кезекші бөлімшесінің сымтетігіне 2798 хабарламалар мен арыз шағымдар түскен. Барлық шақыртулар бойынша…

Read More