Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ҚЫЛМЫСТЫ ҚҰРЫҚТАУ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ
    Аймақ

    ҚЫЛМЫСТЫ ҚҰРЫҚТАУ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ

    19.02.2024
    Түлкібас ауданының Мәдениет үйінде Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Бекарыс Талғатұлы Сұлтановтың аудандық полиция бөлімінің 2023 жылдың 12 айында атқарған ел алдындағы жылдық есебінің қорытындысы тыңдалды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен, аудан прокуроры Н.Асқанбеков, Ішкі істер саласының Құрметті ардагері С.Таңатбаев, полиция бөлімі бастығының орынбасарлары мен салалық топ басшылары,аудандағы ардагерлер кеңесінің төрағалары, ауылдық округтердің билері қатысты. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Бекарыс Сұлтанов өзінің жылдық есебінде 2023 жылы атқарған есебі туралы баяндама жасады.
    Қазіргі таңда аудандық полиция бөлімінде штат бойынша 119 тәртіп сақшылары қызмет атқаруда. Өткен жылы мұндағы кезекші бөлімшесінің сымтетігіне 2798 хабарламалар мен арыз шағымдар түскен. Барлық шақыртулар бойынша күн, түн демей полиция қызметкерлері шығып, тиісті заң шеңберінде іс-құжаттар жинақтап, істердің әділ шешілуіне мүдделі болды. 2022 жылдың 12 айында тіркелген қылмыстармен салыстырғанда, 2023 жылдың есеп беру мерзімінде жалпы тіркелген қылмыстар саны 207 – ден 224-ке,яғни 8,2 пайызға өскені байқалады. Есеп беріп отырған мерзімде қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстарының нәтижесінде қылмыстардың жекелеген түрлері төмендеген. Сонымен қатар, мал ұрлығының, алаяқтық қылмыстардың ашылу пайыздары жақсарған, әйтсе де пәтер ұрлығы, бұзақылық, есірткі, тонау, қарақшылық қылмыстарының ашылу пайыздары төмендеген. Аудан көлемінде тіркелген қылмыстардың мөлшері облыстық көрсеткіштермен деңгейлес десе де болады. Баяндамашы жалпы қылмыстың алдын алу үшін аудан көлемінде кем дегенде 100-120 бейнебақылау камералары ауылдарға орнатылса деген тілегін аудан басшыларының қаперіне салды.
    Ауданның бас полицейі 2023 жылда атқарған жұмыстары жайлы жасаған баяндамасын «Тәртіп сақшылары қылмыстың алдын алуды, уақыт өткізбей дер кезінде ашуды, қоғамдық тәртіпті сақтауды, жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықты нығайту жұмыстарын тиісті деңгейде көтеріп, алдағы уақытта жоғары дәрежеде жүргізеді деп сенім білдіремін»,- деп сенімді түрде қорытындылады.
    Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен, аудан прокуроры Н.Асқанбеков, полиция ардагері С.Таңатбаев және жергілікті тұрғындар мен ауыл билері өз ойларын ортаға салды. Көкейдегі сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды. 2023 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары көпшілік тарапынан қанағаттанарлық деп бағаланды.
    О.КӨМЕКОВ.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.