Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН КӨГАЛДАНДЫРУ, АБАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖОСПАРЛАР ЖАН-ЖАҚТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН КӨГАЛДАНДЫРУ, АБАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖОСПАРЛАР ЖАН-ЖАҚТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    15.02.2024
    Түркістан облысында Президент Жолдауындағы 2021-2025 жылдарға арналған орман қоры аумақтарына 2 млрд көшет егу тапсырмасы орындалып келеді. Мұны іске асыру мақсатында облыста 2025 жылға дейін 110 мың гектарға 170 млн көшет егу жоспарланған. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен өткен жиында өңірде көшет егу бойынша арнайы жоспар бекітілді.
    – Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы облысымызда көшет сапасын жақсартуды тапсырды. Елді мекендерді абаттандыру, аймақтарды көгалдандыру бағытындағы жұмысты жүйелеу керек. Бізге берілген көшеттердің сапасын жақсартқан жөн. Облыстағы тұқымбақтар өңірдегі елді мекендерді толық қамтамасыз етуі қажет. Түркістан облысы бойынша елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарының электронды дендрологиялық картасын жасауды жүзеге асыру – міндет. Аудан әкімдіктері отырғызылған ағаш көшеттерін суару және желден қорғау мақсатында қоршау, тірек орнату жұмыстарын жандандырсын, – деген облыс әкімінің орынбасары көшеттер су жүйелері жүргізілген және қоршалған учаскелерде егілуі тиіс екенін айтты. Көшеттерді егу жұмыстарын уақтылы атқару, көшеттердің өсіп-өнуіне барынша күтіп-баптауды тапсырды. Саладағы кемшіліктерге тоқталып, сын-ескертпе айтты.
    Басқосуда Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда орман қоры алқаптарына кешенді жоспарға сәйкес 2021-2023 жылдары 51,5 мың гектар жерге, 78,2 млн дана көшет егілді. Оның ішінде 2023 жылғы 20300 гектар жерге 32 214 мың дана ағаш көшеттерін егу жоспары толығымен атқарылды.
    «Жасыл белдеу» құру жобасына тоқталды. Бүгінде «Жасыл аймақ» КММ-мен Түркістан қаласы айналасынан 28 358 гектар орман қоры жері санатына өткізіліп, оның 19020,0 гектар аумағына мәдени орман екпелері отырғызылды. Қазіргі таңда жоспарлы межені 42,0 мың гектарға жеткізу қолға алынып отыр.
    Облысымыздың елді мекендерін көгалдандыру саласы бойынша да жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда. Облыс әкімінің бастамасымен «Түркістан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілген. Аталған іс-шара аясында өңірдегі 852 елді мекеннің шамамен 90%-ын көгалдандыру үшін 4 миллионнан астам көшет егу жоспарлануда. Өткен жылы аудан, қала әкімдіктеріне жалпы 1 миллионнан астам көшет егілді. Оның ішінде 101 573 дана гүлді ағаш егілген болатын. Биылғы жылдың көктем айларында жоспарға сәйкес 522 935 дана көшет отырғызылады деп жоспарлануда. Оның ішінде гүлді ағаштардың 5500 түбі бар. Ал 2024 жылдың күз айларында аудан, қала әкімдіктеріне аумақтарды гүлдендіру мақсатында 50 мың дана, 2025 жылы 150 мың дана раушан гүлінің көшеттері егілмек.
    Жиында өсімдіктер дүниесі туралы мәселелер де тысқары қалмады. Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы тарапынан әзірленетін электронды дендрологиялық жоспарға ағаш-бұталардың мәліметі енгізілетін болады.
    Жиын соңында қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесі де айтылды. Облыс аумағында тұрғындар санының артуына байланысты, қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі де артып келеді. Өткен жылы қоқыстарды қайта өңдеу үлесі 23%-ға жоспарланып, толық орындалды. Ал биыл меже 26%-ға жоспарланып отыр.
    Аталған жиынға Мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, ТҮКШ бөлім басшылары мен жауапты мамандары, басқармаға бағынысты орман шаруашылығы мекемелерінің басшылары мен жауапты мамандары қатысты.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.