Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»КЕЛЕС: ІШІМДІК САТЫЛМАЙТЫН АУЫЛДА СОҢҒЫ ҮШ ЖЫЛДА БІРДЕ-БІР ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛМЕДІ
    Аймақ

    КЕЛЕС: ІШІМДІК САТЫЛМАЙТЫН АУЫЛДА СОҢҒЫ ҮШ ЖЫЛДА БІРДЕ-БІР ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛМЕДІ

    12.02.2024
    Түркістан облысында ауыл ақсақалдары мен белсенді азаматтардың бастауымен ауыл дүкендерінде алкаголь өнімін сатудан түбегейлі бас тартып, «Арақсыз ауыл» тәжірибесі қолға алынған. Аталған ісшара Келес ауданының Қошқарата ауылдық округіне қарасты Мақташы ауылында жалғасын тапқан. Статистикалық мәліметке сәйкес, аталған ауылда соңғы үш жылды бірде-бір құқықбұзушылық тіркелмеген. Бұл туралы Келес аудандық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Әбілханұлы өткен жылдың қорытындысы бойынша жергілікті тұрғындарға есеп беру кездесуінде атап өтті.
    – Өткен жылы ауданда Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі және Түркістан облысы полиция департаментінің жеке құрам алдында қойылған міндеттері мен тапсырмаларын орындау жолында бірқатар жоспарлы жұмыстар жүргізілген. Нәтижесінде 2023 жылдың 12 айында жалпы тіркелген құқықбұзушылықтардың саны — 10,9 пайызға, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар — 25,7 пайызға, орта және онша ауыр емес қылмыстар -7,1 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, Түркістан облысындағы Сайрам, Мақтаарал және Бәйдібек аудандарының бірнеше ауылдарында «Арақсыз ауыл» тәжірибесін қолға алынды. Аталған іс-шара ауданымыздағы Мақташы ауылында жалғасып, соңғы 3 жылда бірде-бір құқықбұзушылық тіркелмеген. Бұл қатарға Шұқырсай және Игілік елді мекендері де кіріп отыр, — деген полиция бөлімінің бастығы Мұрат Әбілханұлы Мақташы ауылындағы ел тыныштығын ойлаған дүкен иелері Тәңірбергенов Жалғас Досанбайұлы мен Сырлыбаева Айнұр Тұрдалықызына Полиция басшылығы атынан алғыс хат табыстады.
    Аудандық полиция бөлімі бастығының жергілікті тұрғындармен кездесуіне Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, аудандық құрылымдық бөлімдердің басшылары мен ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері және аудан тұрғындары қатысты. Кездесу барысында құқықбұзушылықтың алдын-алу бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер баяндалды. Полиция бастығы тұрғындар тарапынан көтерілген сұрақ, ұсыныс, пікрлерге назар аударып, тиісті жауаптарын берді. Жиын соңында аудан басшысы Жәнібек Есенұлы алаяқтық, жасөспірімдермен болатын қылмысты түбегейлі болдырмау бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығына нақты тапсырмаларды жүктеді.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.