Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында айтқан маңызды міндеттерін іске асыру және мемлекеттік бағдарламаларды халыққа жан-жақты түсіндіру мақсатында Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы ақпараттық-насихаттық топтың тұрғындармен кездесуі өтті. Келелі жиынға Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов модераторлық етті. Алқалы басқосуға Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, Түркістан облыстық полиция департаментіне қарасты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Абзал Аитов, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Алмас Бағдатов, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін…
Автор: ais_media
Облыстағы білім беру ұйымдарының барлық қаржыландыру саласы толықтай тексеруден өткізілуде. Бұл туралы Түркістан облысының білім мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңейтілген мәжілісте мәлімделді. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастығы Ерболат Балғабаев, облыстық прокуратураның, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғалары қатысты. Сонымен бірге білім бөлімі мен мекемелерінің басшылары, есепшілері, директорлар және сала қызметкерлері де мәжіліске шақырылды. Жиынды Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмашев жүргізіп отырды. Түркістан өңірінде өткен жылдан бастап облыс әкімдігінің тапсырмасымен білім саласына қатысты мекемелерде, аудандық, қалалық бөлімдерінде, мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес…
Түркістанда «Бақытты шаңырақ – кемел болашақ» тақырыбында республикалық форум өтті. Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған форумға құқық қорғау органдарының басшылары, ҚР Парламенті мен ҚР ІІМ, жергілікті атқарушы орган, полиция, прокуратура, өкілдері, ата-аналар, отбасы құндылығын дәріптеп жүрген ел ағалары мен аналары қатысты. Форум отбасы құндылығын насихаттайтын өте әсерлі қойылыммен басталды. Бала тәрбиесін шет қалдырып, перзенттерін мұңайтқан ата-аналардың жай-күйі көрсетілген қойылым жұртшылыққа ой салды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен бала құқығын қорғау аса маңызды міндет екенін жеткізді. – Түркістан облысы – демографиялық өсімі жоғары аймақ. Көпбалалы батыр аналардың басым бөлігі Түркістан облысында тұрады. Ана мен…
Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы Түркістан қаласында болып, Түркістан қаласының жастарымен кездесті. Топ құрамындағы бірінші штаб офицерлерінің сапары әскерге шақыруға дейінгі жастар арасында әскери қызметті дәріптеу мен насихаттауға бағытталды. Іс-шаралар оқу орындарының қабырғасы мен «Фараб» кітапханасының концерт залында өткізілді. Кездесулерге қатысқан офицерлердің бірі – Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің өкілі подполковник Дәулет Бейсеков. Ол өз сөзінде әскери қызметке шақыру тәртібі мен әскери оқу орындарына қабылдау талаптары туралы кеңінен айтып өтті. Жастар оны үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, көтерілген тақырыпқа қызығушылық танытты. Қорғаныс министрлігінің тағы бір өкілі, Әскери ғылым және білім департаментінен келген майор Сәбит Сыздықов сарбаздардың міндетті әскери борышын…
Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара қаласы М.Қалмырза атындағы №3 мамандырылған мектеп интернатының ұйымдастыруымен жоғарғы сынып оқушыларымен «Тәрбие тұғыры имандылықта», — тақырыбында тәрбие сағатына аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, ардагер ұстаз Т.Тасыбеков, мектептің технология пәнінің Д.Ізбасар, биология пәнінің мұғалімі Ғ.Әлімханов қатысты. Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Қазақ халқы әуелден — ақ бала тәрбиесіне айрықша мән беріп, оны ата — ананың борышы санаған. Өйткені, бала — болашақ иесі. Балаларды сүйіспеншілікпен тәрбиелеп, махаббат нұрын жаудыру әр ата — ананың міндеті. Қазақ мақалында былай делінген: «Алтыға дейін бала деп қара, алтыдан кейін құлыңдай көр,…
Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара ауданы Жаушықұм ауыл округі «Қонар ата» мешітінің жамағатымен «Шетелде діни теологиялық білім алудың қаупі», — тақырыбында кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің теолог маманы Е.Сариев қатысты. Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Қазіргі жастардың шетелде білім алып, болашағына сеніммен қарап, отанына керекті маман боламын деген ұмтылыстары құптарлық іс. Өкінішке орай, Таяу Шығыс елдерінде соңғы жылдардағы әртүрлі діни ағымдардың белсенділігінің артуы мен дінаралық қақтығыстардың белең алуы, террористік ұйымдардың ашық әрекет етуі себебінен қоғамдық — саяси және діни ахуал күрделеніп кетті.…
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен Кентау қалалық полиция бөлімінің 2023 жылғы 12 айды қорытындылау туралы жедел кеңесі өткізілді. Жиында 2023 жылдың қорытындысы бойынша қылмыстар мен құқықбұзушылықтың, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде атқарылған жұмыс нәтижелері туралы Полиция подполковнигі Данияр Туймебаев, полиция подполковнигі Мухамедали Турганбаев, полиция майоры Арнур Султанкулов баяндама жасады. Жалпы, 2023 жылдың 12 айында 252 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Қылмыстың саны 2022 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда -22,2 пайызға төмендеген. Онда, ауыр және аса ауыр қылмыстың ашылу пайызы 75,3 құраса, орта және онша ауыр емес қылмыстың ашылу пайызы 52,7 құраған. Оның ішінде қылмыстар 217, теріс қылықтар 35.…
Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара қаласы әкімі аппаратының қызметкерлерімен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, Шардара қаласының әкімі О.Айдосов, бас маманы Ж.Мүталиев қатысты. Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Діни экстремизм діни білім мен тәжірибенің жоқтығының, саясат пен діннің араласуының тікелей салдары. Діни экстремизм, іс жүзінде саяси экстремизм, яғни дінді агрессияны ақтап шығару үшін пайдаланады. Бұған жол бермеу үшін тең дәрежеде діни сауаттылық, саяси мәдениет пен саяси сананы қалыптастыру, жалпы алғанда, мәдениет пен білімдік деңгейін көтеру қажет. Діни экстремизм дегеніміз — саяси күштердің өз мақсаттарына…
Шардар ауданында дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара аудандық № 4 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен «Діни экстремизм терроризмнің алдын алу», — тақырыбында кездесуге Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, №4 өрт сөндіру бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау аға лейтенанты Бауыржан Укаша қатысты. Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Деструктивті діни ағым ықпалына түскен адам кінәлі, әлденеге мазасызданған, топқа тәуелді, сәби тәрізді қауқарсыз кейіпте болады. Деструктивті діни ағымның жаңа мүшесі дербестігін, өз бетінше шешім қабылдау және сыни пікірлер айтып, өз көзқарасын білдіру қабілетін мүлдем жоғалтады. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған…
Бүгін Ордабасы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық полиция бөлімінің жедел кеңес отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов, аудан прокуроры Бақытхан Булеулиев, аудандық полиция бөлімінің салалық бөлімше басшылары, жергілікті полиция және жеке құрам қызметкерлері қатысты. Кеңес отырысын аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ермек Усербаев ашып, жүргізіп отырды. Отырар ауданы аумағында қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткен басқосудың күн тәртібінде Отырар АПБ-нің 2023 жылғы жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қылмыстық істердің тергелуі мен сотқа жолдануы, жеке құрам арасында заңдылықтың сақталу жай-күйі және сыбайлас-жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы мәселелер қаралды. Аталған…