Автор: ais_media

Мемлекет басшысы қоғамның жегіқұрты – жемқорлық мәселесін ешқашан назардан тыс қалдырған емес. «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты биылғы Жолдауында бұл проблемаға айрықша мән беріп, оған қарсы күрестің жалғаса түсетінін атап өтті. Мұның алдын алудың бірден-бір жолы ретінде цифрлық технологияны кеңінен қолдану қажеттілігін алға тартты.  Иә, расында қазір әлемнің кез келген елінің даму бағдарына көз салсаңыз, жаппай цифрландыру үрдісіне бет бұрғанын аңғаруға болады. Сондықтан жаңа жүйені жатсынбай қабылдау сыбайластықтың алдын алу, оны түбегейлі жоюға бағытталған қадам ретінде бағаланып отыр. Бұл ретте мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін қызметтің барынша ашық әрі сапалы болғаны жөн. Түркістан қаласы әкімдігі бірінші кезекте тұрғындармен тікелей қарым-қатынас орнатуды…

Read More

Бүгінде отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды. Ол дұрыс емес. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған. Зорлық-зомбылық – азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына әсер етіп (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу, тағы басқалары. «Отбасы – шағын мемлекет» деген сөз оның қоғамдағы алар орнына қарай айтылса керек. Осы бір ғибратты сөз босағаның берік, шаңырақтың…

Read More

Түркістан тұрғындарына заң үстемдігін сезіндіру мен түсіндіру жолында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Соңғы кездері қоғамымызда тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғаларының көбейіп кетуі байқалады. Атап өтер жайт, зорлық-зомбылық тек жәбірленушілер құқығын бұзып қоймай, өскелең ұрпақтың санасына да кері әсерін тигізеді. Статистика бойынша, отбасындағы зорлық-зомбылық көбінесе әйел адамдарға қатысты жасалады екен. Егде адамдар мен балалардың да зорлық-зомбылық әрекеттерге тап болатын кезі аз емес. Мұндай келеңсіздіктердің алдын алу үшін бірнеше жыл бұрын   елімізде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заң да қабылданды. Бұл заң зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауды және отбасылық жанжалға қатысты қылмыстық-процестік мәжбүрлеуді қамтамасыз ету мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуді көздейді. Бүгінгі таңда осы заң аясында отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстардың…

Read More

Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелері үлкен маңызға ие. Азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтар бойындағы Заңға құрмет сезімін ояту мәселелері  барлық  мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Құқық бұзушылықтың алдын алу — мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою болып  табылады. Қылмыстың алдын алу дегеніміз, бұл –мемлекеттің, қоғамның , жеке және заңды тұлғалардың қылмыскерлікке жаңа адамдардың қылмыстық  іс-әрекеттер жасауына жол бермеу . Қала прокуратурасы отбасылық зорлық-зомбылық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарды алдын-алу бағытында қабылдаған…

Read More

Мемлекет басшысы әрбір жолдауындазаң үстемдігінің берік орнығуы мен сот төрелігінің әділ атқарылуына баса мән береді. Бұл мәселеде қылмыстық заңнамаларды мұқият саралау, сонымен қатар, адам өмірін қию, қарақшылық секілді ауыр қылмыс жасағандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатпау, тұрмыстық зорлық-зомбылық жазасын барынша қатаңдату, нашақорлық, есірткі саудасымен күресте  кешенді жоспар әзірлеу жұмыстарын тапсырған  болатын. Қазіргі таңда бұл бағытта кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Елімізде азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын сот, басқа да құзырлы органдар арқылы қорғай алуы жан-жақты қарастырылған. Тұрмыстық зорлық-зомбылық отбасы институтына айтарлықтай әсер ететін әлеуметтік проблема болғандықтан, Қазақстанның халықаралық құқық қорғау келісімдерін ратификациялап, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөнінде міндеттемелер алғаны баршаға мәлім.…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы Жолдауында адам құқығын қорғау мәселесін саяси жаңғырумен қатар қояды. Ал күні кеше өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында Президент бұл жүйені одан әрі нығайту жөнінде айтып, нақты тапсырмалар жүктеді. Осы тапсырмалар жүйесінде Түркістан қаласында да жүйелі жұмыстар атқарылуда. Түркістан қаласының тұрғындарының құқығын қорғауда және құқықтық сауаттылғын арттыруда көптеген кездесулер өтуде. Еліміздің құқық қорғау мәселелерін ілгерілетудегі жоғары нәтижелілігін ерекше атап өткен Мемлекет басшысы кеңесте сөйлеген сөзінде: «Мен адам құқықтарын қорғау бағытына ерекше назар аударамын, өйткені оның жай-күйі, сайып келгенде, біздің қоғамның даму деңгейіне әсер етеді», деп атап өтті. Біз құқықтық және әділ мемлекет құру жолымен…

Read More

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі). Көбінесе, әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық білім дең¬гейінің және әлеуеметтік-экономика¬лық жағдайдың төмен болуы себепті, сондай-ақ, берекелі отбасы болып есептелетін отбасында да туындауы мүмкін. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында балалар құрбан немесе зорлық-зомбылыққа шағымдана алмайды. Егер, зардап шеккен адам өзінің қауіпсіздігі немесе балалары¬ның қауіпсіздігі үшін қорқатын болса, балаларды мүмкіндігінше тезірек бұл жағдайдан алып кетуі керек. Балалар – бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайындағы ең осал әлеуметтік-демографиялық топ.…

Read More

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағлан Айтпаевтың төрағалығымен атқарылған жұмыстар есебін беру бойынша жиналыс өтті. Отырысқа барлық басқарма басшыларымен қатар 17 қала, аудан бысшылығы да қатысты. Олар жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы атқарылатын жұмыс жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде былтырғы жылға қорытынды жасаған басшы орынбасары «2023 жылы 12 айында көшелерде 591 қылмыс орын алып, патрульдік саптық бөліністерімен 578 қылмыстық құқық бұзушылықтар ізі суытпай ашылғандығын да (ашылымы 97,8 пайызды құрайды) атап өтті. Сонымен қатар Жедел басқару орталығы бастығының м.а. Нұрсұлтан Мейірхан өз баяндамасында 2023 жылдың қорытындысына сәйкес, «102» «мобильдік қосымшасымен» 522 хабарлама тіркелген. Аталған хабарламалар бойынша дер кезінде…

Read More

Мәселе ЮНИСЕФ Қазақстандағы өкілетті органдармен бірге жүргізген зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, ересектердің шамамен 75%-ы отбасында балалардың мінез-құлқын қадағалап отыру үшін дене жазалауын қолдануды құптайтын көрінеді. 2-14 жас аралығындағы әрбір екінші бала отбасында зорлықпен тәртіпке салу шараларына душар болады. Мектеп оқушыларының үштен екісі басқа оқушылар немесе мұғалімдер тарапынан зорлық-зомбылық көрсетуге немесе кемсітуге шалдыққан немесе соның куәсі болған. Зорлық-зомбылықтың жоғары деңгейі интернат мекемелерінде және мінез-құлқында қиындықтары бар балаларға арналған мектептерде байқалады. Зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жою жолындағы айтарлықтай кедергі болып «зорлық-зомбылық» ұғымын түсіну аясының тарлығы табылады, аталмыш ұғым көбінесе тек дене жазалауына ғана қатысты қолданылады. Зорлық-зомбылыққа қорқытуды, психологиялық қысым көрсетуді немесе тіл тигізуді жатқызу таңсық…

Read More

Түркістан қаласында мектеп оқушыларының арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Алайда бұл мәселе шешімін тапты дегенді білдірмейтінін әсте естен шығармағанымыз абзал. Бұл шара тұрақты түрде іске асырып отыруды қажет етеді. Осы тұрғыда ата-аналар назарына аталмыш мәселенің алдын алу жұмыстары бойынша кеңес ретіндегі жазбаны ұсынамыз. Әлемде қазіргі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырған – бұл жасөспірімдердің, балалардың зорлық – зомбылыққа ұшырауы. Барлық балалар үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық – зомбылықпен ұшырасып отырады. Баланың болашақта қандай азамат болуы оның мектепте, отбасында қоршаған ортада алған тәрбиесіне байланысты. Балалар да, ересектер сияқты сыйлау, қол тигізбеу…

Read More