Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ ШИПАЖАЙЛАРДЫ ЗЕРДЕЛЕУ БАСТАЛДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ ШИПАЖАЙЛАРДЫ ЗЕРДЕЛЕУ БАСТАЛДЫ

    13.02.2024
    Жуырда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды туризм саласын дамыту бағытында жұмыстарды күшейтуді тапсырған болатын. Оның ішінде Сарығаштағы шипажайлардың жұмыстарын үйлестіру мәселесі де назарға алынған-ды. Өңірде осы бағытта жұмыс жүруде.
    Түркістан облысы – еліміздегі емдік-сауықтыру туризмі дамыған өңірлердің бірі. Қазіргі таңда өңірде 72 шипажай жұмыс істейді. Соның ішінде 58-і Сарыағаш ауданының аумағында орналасқан. Осы орайда, емдік-шипалық қасиетке ие, жерасты табиғи минералды суы бар Көктерек елді мекеніндегі шипажайларды дамыту мақсатында Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы, аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің мамандары тарапынан құрылған арнайы жұмысшы топ зерделеу шараларын бастады.
    Бірінші кезеңде жұмысшы топ 26 шипажайды аралап, жай-күйімен танысты. Өзекті мәселелер талқыланып, шипажай иелерінің ұсыныстары тыңдалды.
    Кездесулерде шетелдік тәжірибелерді негізге алу, мамандардың біліктілігін арттыру, инфрақұрылымды ретке келтіру, абаттандыру мәселелері сөз болды. Келушілердің қауіпсіздігін қорғау мақсатында туристік компаниялардан лицензия талап ету қажеттігі еске салынды. Сондай-ақ бос жұмыс орындарына «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында қызметкерлерді қабылдауға болатыны айтылды. Биыл Түркістандағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің 400-ден астам алғашқы түлегі оқуын аяқтайды. Жоғары оқу орнының мамандандырылған жастарды жұмысқа тарту ұсынылды.
    Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары жайлы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органмен жүзеге асырылатын 4 мемлекеттік бағдарлама бойынша жеке кәсіпкерлер туристік нысандар салуды немесе реконструкциялауды, жол бойында сервис объектілерін ашуды қолға алса – 10%, туристік кластағы көлік құралдарын сатып алса 25% субсидия беріледі. Ал кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық-гигиеналық тораптарын күтіп-ұстауда шығындардың бір бөлігі өтеледі. Ақпараттандыру барысында жұмысшы топ бағдарламаларға қатысуға ынталы кәсіпкерлерге құжаттарды рәсімдеуде кеңестер ұсынып, сүйемелдейтіндерін жеткізді.
    Одан бөлек, облыстың туристік нысандарын біріңғай ортақ ақпарат алаңы құрылып, арнайы платформаға барлық бағыты енгізіледі. Түркістан өңірінің емдік-сауықтыру туризмін жарнамалау үшін бөлек бөлім арналып, әлемнің кез келген нүктесіне ақпарат қолжетімді болады. Алдағы уақытта талдау жұмыстары жалғасады.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.