Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Қоғам»Парақорлық діни тұрғыдан да үлкен күнә
    Қоғам

    Парақорлық діни тұрғыдан да үлкен күнә

    31.01.2024
    Асыл дініміз Исламда үлкен күнә, ауыр қылмыс деп танылатын істердің бірі – парақорлық. Тілдік тұрғыда пара «әр-ришуату» деп аталады. Бұл сөз құқығы болмаған бір мүлікті немесе атақты алу үшін берілген сыйлық және төленген құнға қатысты қолданылады. Шариғатымызда атағын, қызметін, немесе арам пиғылын жүзеге асыра отырып, әділетсіз алынған мүлікті пара дейді. Парақорлық дерті тараған қоғамда әділетсіздік орнап, адам құқығына қол сұғылып, заңның күші жойылады.
    Алла Тағала Қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 188-аятында:
    «Араларыңдағы мал-дүниелеріңді бұзық жолмен, харам жолдармен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың дүниелерінен бір бөлім жеу үшін басшыларға (пара ретінде) апармаңдар» -деп айтқан.
    Бұл аятта Алла Тағала параны алуға, беруге, сонымен қатар оған дәнекер болуға да тыйым салынған. Мұсылман адам Алла Тағаланың тыйым еткен мұндай үлкен күнәдан аулақ болып, парақорлық атаулыдан барынша сақтануы тиіс. Себебі, парақорлық – Алла Тағаланың лағынетін душар ететін іс.
    Парақорлықтан сақтануымыз үшін біз:
    Біріншіден әділ болуымыз керек.
    Парақорлық әділдікті жойып, зұлымдықтың жайылуына әкелетін ең негізгі себептердің бірі.
    Ата-бабаларымыз «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп, билік иелерін имани қасиеттерден ажырамауға шақырып, әркез туралық пен әділдікте болуды насихат еткен. Жаратушымыз Алла Тағала Қасиетті Құранның «Мәида» сүресі, 42-аятында:
    «Олар өтірікке құлақ салушы, арам жеушілер. Егер олар саған келсе, араларына үкім бер немесе олардан теріс бұрыл. Егер олардан теріс бұрылсаң да, олар саған ешбір зиян бере алмайды. Ал егер араларына үкім берсең, тура үкім бер. Расында Алла турашылдарды сүйеді» — деп айтқан.
    Екінші: Қанағат ету.
    Парақорлыққа әкелетін себептердің бірі – адам нәпсінің тойымсыздығы мен қанағатсыздығы. Жалпы, «қанағат» сөзі «барына разы болу» дегенді білдіреді. Қанағат – Алладан өзгеден дәметпеу, тек Алладан ғана үміт етіп, оған ғана тәуекел ету. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
    «Кім мұсылман болып, ризығы жетер-жетпес болса да, Алланың бергеніне қанағат тұтса, ол сөзсіз азаптан құтылады» — деген.
    Қанағаттың мынадай үш дәрежесі бар дейді:
    Біріншіден, өміріне жеткілікті дүние-байлығы болып, одан артық нәпақа іздемеу;
    Екіншіден, пайдаланып жатқан мал-мүліктің қадіріне жетіп, одан артық ризық қаламау;
    Үшіншіден, сен үшін мүмкін емес, шама-шарқың жетпейтін байлықтың соңына түспеу.
    Қызметтің аманат екендігін білу.
    Мұсылман адам өзіне жүктелген қызметті аманат деп біліп, әділдікті ту етіп, адамдардың өзіне тиесілі ақысын жемеуі тиіс. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ниса» сүресі, 58-аятында:
    «Негізінен Алла сендерге аманаттарды өз лайықты орнына тапсыруларыңды және адамдардың арасында үкім етсеңдер, әділдікпен үкім етулеріңді әмір етеді» — деп айтқан.
    Қызмет – адам баласына берілетін уақытша аманат. Ол аманаттың міндетті түрде сұрауы болады. Сол үшін де әр адам өзіне жүктелген қызметті, жұмыс орнындағы қызметтік заттарды, оған тапсырылған мүліктің барлығына аманат деп қарауы тиіс. Оларды жеке заттармен шатастырып алуға болмайды.
    Төртінші: Адал астан пайдалану.
    Адам баласы адал несібеден пайдаланып, арам атаулыны жеп-ішуден мүлде ада болуы қажет. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 168-аятында:
    «Уа, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің адалын әрі тазасын жеңдер!» — деп бұйырған. Алла Тағаланың бұйрығын орындап, адал еңбек етіп, өзінің маңдай терімен нәпақа табу асыл дінімізде құлшылық деп табылады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:
    «Адал пайда табуға талпыну – парыздан кейінгі парыз» — деген.
    Халқымызда «арамнан алған түйеден, адалдан алған ешкі жақсы» деген даналық сөз бар. Себебі, арам жолмен табылған мал-дүниеде еш уақытта береке болмайды. Береке – тек адал табыста болмақ. Адам баласы мұндай теріс жолмен табыс тауып, отбасын онымен асырауына болмайды.
    Қадірменді отандастар!
    «Жеке адамның ғана емес, бүтін бір мемлекеттің дамуына, өсіп-өркендеуіне кедергі болатын парақорлық, жемқорлық атаулыдан әрбір Алла Тағалаға иман келтірген адам аулақ болып, адал табыс табуға үлкен мән беруі қажет.
    Түлкібас ауданы әкімінің аппараты
    заң бөлімшесінің бас инспекторы,
    сыбайлас жемқорлыққа қарсы
    іс-қимыл жөніндегі комиссия хатшысы Ф.Сидиков
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕГІ САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДЕ АЛҒАШ РЕТ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ

    09.10.2026

    🌿 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!

    08.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.