Автор: ais_media

Есірткісіз болашақ!  Есірткі…  Қандай құлаққа жағымсыз сөз десеңізші. Қанша адамның түбіне жеткен, бақытты өмірлерін баянсыз  еткен  улы зат болса да, әлі де тиылар емес. Қазіргі таңда  есірткінің зиянын біле тұра, оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін  жастар көбейді. Тек қана жастар ғана емес ересек кісілерде, өз жасында балаларына үлгі болудың орнына, кері кетіп, келешек ұрпақты улауда.                                                                                    Есірткі ешқашан жақсы зат бола алмайды. Есірткінің адам денсаулығына тигізер зияны көп екені бетке басып айтпасада, әуел бастан белгілі. Грек тілінде « ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде « narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.  Жалпы айтқанда, есірткі заттары  деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Өйткені…

Read More

Темекі тарту – халық арасында ертеден келе жатқан зиянды әдеттердің бірі. Оны осы кезде еркек те, әйел де, қарт та, жас та тартады. Құмарлар бір шылымды шегіп үлгермей екіншісін бастайды. Үлкендерге еліктеп папирос қалдықтарын балалар да аузына қыстырады. Бұл әдет алғашында еліктеу түрінде болғанымен келе-келе олар әдетке айналып үйреніп кетеді. Тіпті кейбір адамдар ұйқыдан ояна салып темекіге ұмтылады. Көп адам темекіні жұмыс үстінде, үзіліс кезінде, көшеде, далада, қарны ашса да, тамақ ішсе де шегеді. Үлкен-кіші бірдей әуестенетіндей осы темекіде не бар? Онда қызығарлық түк те жоқ. Ақиқатына келсек, оның ішінде никотин жүйке жүйесіне, ас қорыту, тыныс алу, жүрек-қан тамырлар жүйесіне…

Read More

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ» деп атап көрсетті. Мемлекет басшысы бұл бағытта алдымен қолға алынуы тиіс істерді де назардан тыс қалдырмады. Мәселен, орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру туралы айтылды. Бұл жұмысқа сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдерін тарту жөніндегі бастама да құптарлық. Сондай-ақ,  Қ.Тоқаев бұрыннан айтылып жүрген жемқорлық фактісі орын алған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігі жөніндегі мәселені заңнамалық тұрғыдан нақты белгілейтін уақыт жеткенін де айтты. Әрине, коррупциямен…

Read More

Цифрландыруға көшудің бір тармағы электрондық форматта сот ісін жүргізу болып табылады. Оны іске асыру бүкіл қылмыстық процестің ашықтығын қамтамасыз етуге, уақыт пен қаражатты үнемдеуге, тергеу мерзімдерін қысқартуға, жүйелі және сапалы қадағалауға бағытталған. Бұл шешім сотқа дейінгі тергеу органдарының жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, қылмыстық процеске қатысушылар үшін бірқатар мүмкіндіктер берді. Сот ісін жүргізудің ашықтығы қамтамасыз етілді, материалдарды бұрмалау тәуекелдері азайтылды, тергеу мерзімдері қысқартылды. А.ж. 11 айында электрондық форматта 4 965 қылмыстық іс немесе істерді жалпы тіркеудің 94% тіркелді. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі — Комитет) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шеңберінде 2020 жылы адвокаттарды…

Read More

Халық сенім артып, жұмыс істеуіне мүмкіндік берілген басшы, әрбір мемлекеттік қызметші, жалпы әрбір адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуі тиіс. Өйткені, сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін зиянды әрекет. Заңды бұзу, халық қазынасына қол салу – арсыздық қана емес, қылмыс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жемқорлықтың барлық түрімен ымырасыз күрес – мемлекетіміздің одан әрі дамуының басымдығы. Парақорлық, тамыр-таныстық, қоңырау шалу арқылы мәселе шешу және тағы басқа келеңсіздіктер жылдар бойы азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сеніміне селкеу түсіргенін білесіздер. Осы орайда халықтың әділдікке деген үміті азая бастады. Сондықтан менің сайлау алдында берген уәделерімнің бірі жемқорлықты түбірімен жойғанша ымырасыз күрес жүргізу болды» дей келе…

Read More

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің көптеген салалары секілді құқық қорғау жүйесінде де аз реформа жасалған жоқ. Құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмысты болдырмау үшін жасалған өзгерістердің біразы бүгінде біртіндеп нәтижесін де бере бастады. Президенттің тапсырмасына сай, соңғы жылдары қылмыстық процестің үш буынды моделі қолға алынды. Облыстық прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау басқармасының бастығы Бахыт КӨЛБАЕВПЕН болған әңгімеміз осы бастама жөнінде өрбіді. – Бахыт Жұмаділұлы, ведомствоаралық комиссияның соңғы отырысында облыс әкіміне өңірдегі қылмыстың төмендегені туралы есеп берілді. Мұны құқық қорғау саласында болып жатқан реформалардың нәтижесі деуге бола ма? – Солай деуге толық негіз бар. Бірақ, қоғам ілгері дамыған сайын қылмыс…

Read More

1999 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 25 қарашаны әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күрес күні деп белгіледі. Осы датаға орай, жыл сайын республика көлемінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтеді. Биылғы акция әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға, қоғамдағы отбасы рөлін күшейтуге және олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталып отыр. Еліміз тәуелсіздік алғалы әйелдердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда біраз оң нәтижелерге қол жеткізілді деп айтуға болады. Әйелдердің құқығын қорғау әрі олардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту 1997 жылдан бастап мемлекеттік концепция аясында іске асырыла бастады. 1998 жылы 29 маусымда еліміз БҰҰ-ның «Әйелдерге қарсы кемсітудің барлық нысандарын жою туралы» конвенциясына қосылды. Осылайша…

Read More

Соңғы жылдары өңірде адам өлімі көбейіп кетті. Онда да өз ажалынан бақилық болса бір сәрі, өкінішке қарай, қандықол қылмыскерлердің қасақана жасаған әрекетінен қаза тапқандар саны артып тұр. Араларында ет жақындарына қол салғандар да бар. Адам өліміне әкеліп соққан осындай аса ауыр қылмыстар бұдан кейін де жалғаса берсе не болмақ? Бұл бүгінде бәрімізді ойлантатын өте өзекті мәселе болып тұр. Әкімнің баласы оңай құтылды Таяуда Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылындағы мектептің 9-сынып оқушысы Аружан Орынбайды аса қатыгездікпен өлтірген қаскөйлерге сот үкімі шықты. Облыстық соттың баспасөз хатшысы Әсет Серікбайдың айтуынша, 19 жастағы жігіт сот шешімімен 16 жылға сотталса, 17 жастағы екінші сотталушыны сот 1 жыл 4…

Read More

Осы бір әдемі әуен жүрекке соншалықты жылы тиеді. Иә, шын мәнінде де солай. Әуелден жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған қазақ қоғамы үшін бұл қағиданың құндылығы да осында болса керек. Тастанды бала дегенді білмеген текті халық кешегі аумалы-төкпелі заманда да бала тәрбиесін назардан тыс қалдырып көрген емес.  Жалпы, адам өз өмірінің қожайыны дейтін болсақ, бақытты болу да әр адамның өзіне байланысты болып шығады. Яғни тәрбиесіне, әрекетіне қарай адамның тағдыры қалыптасады. Себебі, адам – өз өмірінің суретшісі. Соның бір бөлшегі балалық шақ деп аталады. Адам баласы әр кезеңнің өзіне лайық бақыты болатынын сезіне бермейді. Мысалы, ең бірінші адам болып жаратылудың өзі бақыт десек,…

Read More

Елімізде заңның салтанат құруына айтарлықтай үлес қосқан азаматтардың бірі – жерлесіміз Ақжол  Бейсеев. Ол Төлеби ауданы, Қаратөбе ауылдық округінің Қостөбе ауылында туған. 1977 жылы ҚазМУ-дің заң факультетін бітіріп, алғашқы еңбек  жолын Шымкент қалалық прокуратурасында тергеуші болып бастайды. Тәжірибелі мамандардан үйрене жүріп, прокуратура саласының қыр-сырын тез меңгеріп алған жас маманды 1981 жылы Түркістан қалалық прокуратурасына аға тергеуші етіп жібереді. – 1981 жылдың мамыр айында Түркістан қаласындағы медициналық училищенің студенті, азаматша Н-ді Қызылорда облысы, Шиелі ауданының тұрғыны С. бір топ жолдастарымен бірге күш қолданып алып қашады. Қалалық прокурор осы істі тексеруді маған тапсырды, – деп қылмысты істі ашу барысында болған оқиғаны еске…

Read More