Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті мәжілісі өтті. Мәжіліске облыс әкімі Дархан Сатыбалды төрағалық етіп, жұмысын жүргізіп отырды. Жиынға облыстағы құқық қорғау органдарының басшылары, басқарма басшылары, бала құқығын қорғау ұйымдарының жетекшілері және бейнебайланыс арқылы аудан, қала әкімдері қатысты. Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың профилактикасы, білім беру ұйымдарында профилактикалық түсіндіру шаралары туралы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Б.Айтпаевтың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау, қауіпсіздігін сақтау мәселесі өте өзекті. Полиция тарапынан түрлі іс-шаралар, рейдтер, профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 2,2% (137-ден 134-ке) төмендеген. 134 қылмысты жасауға 127 жасөспірім қатысқан, оның 57-сі…
Автор: ais_media
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Амангелді Бурханов мәлімдеді. Спикердің айтуынша, өңірде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 531 дерек анықталған. Оның ішінде 282-і —қылмыс болса, 249-ы —теріс қылықтар. Сонымен қатар, заңсыз айналымнан 1 тонна 322 келі есірткі заттары тәркіленген. «Жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қарсы қылмыстарды анықтау мен нашақорлыққа қарсы профилактикалық іс-шараларды күшейту мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Нәтижесінде 10 тұлға құрықталып, 4 қылмыстық іс және 6 теріс қылықтар тіркелді. Бүгінде «Трамадол» дәрілік-препараты «психотроптық заттардың» қатарына енгізілгеннен бастап полиция қызметкерлерімен 34 қылмыс тіркелді. Жалпы 1 149 пластина, 1…
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Мұрат Төлеубаев мәлімдеді. -Бүгінде өңірде «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы іске қосылған. Жоба аясында 121 ерікті көмек көрсетуде. Еріктілердің көмегімен 66 млн теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Бұл үш айдағы жұмыс нәтижесі. Жергілікті атқарушы органдар жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге тым жоғары баға қойған. Сондай-ақ, департамент мамандарымен «Бизнеске жол» жобасы шеңберінде арнайы мониторинг жұмыстары жүргізілді. Аталған жоба аясында 1 291 кәсіпкерлік нысанының құқығы қорғалды. Талдау жұмыстары аясында 75 ауылшаруашылығы өндірушілерімен жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге жасалған қарыз шарттарының кредиттік сыйақы мөлшері 16-24% аралығында белгіленгені анықталған.…
Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті мәжілісі өтті. Мәжіліске облыс әкімі Дархан Сатыбалды төрағалық етіп жүргізіп отырды. Жиынға облыстағы құқық қорғау органдарының және басқарма басшылары,бала құқығын қорғау ұйымдарының жетекшілері және бейнебайланыс арқылы аудан, қала әкімдері қатысты. Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың профилактикасы, білім беру ұйымдарында профилактикалық түсіндіру шаралары туралы Түркістан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Б.Айтпабевтың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау, қауіпсіздігін сақтау мәселесі өте өзекті. Полиция тарапынан түрлі іс-шаралар,рейдтер, профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 2,2% (137-ден 134-ке) төмендеген. 134 қылмысты жасауға 127 жасөспірім қатысқан, оның 57-сі – мектеп…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Мәжіліске ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Төлеубаев, құқық қорғау органдарының бастықтары, басқарма басшылары және бейнебайланыс арқылы аудан, қала әкімдері мен қатысты. Күн тәртібінде Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Сондай ақ «Бизнеске жол» жобасы аясында атқарылған жұмыстар туралы, сібір жарасы қабірлерінің санитарлық-қорғау аймағы, мал қорымдарына қойылатын талаптардың сақталуына қатысты жүргізілген мониторинг нәтижесі баяндама жасалды. Баяндамашылардың айтуынша, қоғамның қарқынды дамуына тежеу салатын сыбайлас жемқорлық деректері толастамай тұр.…
Түркістан қаласында билік пен бизнес арасындағы сындарлы диалогты нығайту мақсатында облыс әкімдігі, прокуратура, экономикалық тергеп-тексеру департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің басшылық құрамы облыстағы бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров, облыс прокурорының орынбасары С.Келдібеков, экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Е.Балғабаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.Арынбаев, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры А.Ибадуллаев және мемлекеттік органдардың өкілдері, қаржылық ұйым басшылары мен жүзден аса бизнес өкілі қатысты. Кездесуде бизнесті қорғау, бизнесмендерге қолайлы жағдай жасау мәселелері жан-жақты талқыланып, кәсіп жүргізуге кедергі келтіретін факторлар сараланды. Кәсіп иелері сала басшыларына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерді…
Елімізде жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес, 30 қараша күні №3 Ломоносов атындағы жалпы білім беретін мектебінде Сарыағаш ауданы білім бөлімі тарих және география пәнінің әдіскері Ахметбаева Райгүлдің ұйымдастыруымен «Жаңартылған мазмұндағы мектеп географиясын оқытудағы геоақпараттық технологиялардың қолданбалы негіздері» атты тақырыпта Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жас ғалымдары география пәні мұғалімдеріне арналған шеберлік сыныбын өткізді. Тәжірибелік сынып сағатына аудан көліміндегі 78 білім ұясынан 67 мұғалім қатысты. Аталған шеберлік сыныптың мақсаты- жаңартылған мазмұндағы география оқулықтарында сандық геоақпараттық технологияларды қолдану арқылы орындалатын тапсырмаларды практика жүзінде тиімді ұйымдастыру жолдары, цифрлық сауаттылықтарын арттыра отырып, геоақпараттық ресурстарды білім беруде қолдану аясын кеңейту. Нұрмағамбетұлы Жанболат, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 1-курс докторанты…
Созақ ауданында «КАТКО» бірлескен компаниясының қолдауымен мектеп оқушыларына арналған «Ғылыми сауатты арттыру» жобасын аудан мектептерінде жүзеге асыру мақсатында арнайы семинарлар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 4 тренер екі күн бойы аудандағы 32 мектептің оқушыларына әдістемелік-танымдық семинарлар өткізді. Оқушыларға әлемдік деңгейдегі ғылыми-танымдық материалдарды, соның ішінде 135 жылдық тарихы бар, география, жаратылыстану ғылымдарынан бастап, ғарышты игеруге дейінгі салаларда көпжылдық халықаралық ғылыми-зерттеулер мен фото-бейне деректердің бай қорын қалыптастырған NATIONAL GEOGRAPHIC журналының ресурстарын мектепішілік, тақырыптық ғылыми жобаларға пайдалану әдістері таныстырылды. Жобаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» бастамасына орай «КАТКО» бірлескен компаниясы қолдау көрсетті. «КАТКО» – жерасты ұңғымалы шаю әдісімен уран өндіретін әлемдегі ірі компаниялардың…
Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты әдістемелік кабинет меңгерушісі Р.Камалдин және бастауыш сыныбы бойынша әдіскер Ғ. Бұхарбаеваның ұйымдастыруымен №5 Ысмайлов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Lesson Study зерттеу сабақтары — даму мен ілгерлеудің формуласы» тақырыбы аясында оқыту және тәжірбие алмасу семинары дөңгелек үстел түрінде ұйымдастырылды. Оқыту семинарын ұйымдастырудағы басты мақсат — бастауыш пәні мұғалімдерінің кәсіби шығармашылығын дамыту мен оқу үдерісін жетілдіру, жан-жақты кәсіби белсенділігін арттыру. Сөз басын әдістемелік кабинет меңгерушісі Р. Камалдин бастап, Жапония еліндегі біліктілігін шыңдаған озық тәжірибесімен, өзі меңгерген әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Сонымен қатар Р. Камалдин Жапония еліндегі, шынайылық пен тазалыққа, тәрбие мен қарапайымдылыққа тәнті болғанын жеткізіп, мұндай сипаттағы құндылықтар…
Белгілі академик, сыншы, филология ғылымдарының докторы Рахманқұл Бердібайдың есімін ұлықтау мақсатында Отырар аудандық білім бөліміне қарасты «Мыңшұқыр» жалпы орта мектебіне ғалымның есімі берілді. Сондай-ақ, оқу орнында ғалымның жәдігерлері жинақталған мұражайдың ашылу рәсімі өтті. Шараға аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов пен аудандық мәслихаттың төрағасы Уалихан Ұзақов, Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Маханбетов арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Аудандық мәслихаттың төрағасы Уалихан Ұзақов көрнекті ғалым, қарымды қайраткер, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Рахманқұл Бердібайдың қазақ тарихы мен әдебиетіне сіңірген еңбегі өлшеусіз екендігін айта келе, республика көлемінде ғалымның атымен аталған алғашқы мектептің бірі Отырар ауданында болуы — қасиетті өлкенің ұлы тұлғаларға көрсеткен құрметі…